Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемВера Николаенко
1 9-сынып
2 Білімділік: Паскаль-программалу тілі, және оның негізгі элементтері туралы айту, түсіндіру. Паскаль программасында жұмыс жасай білуге үйрету. Дамытушылық: Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік. Оқушыларды компьютермен жұмыс жасата отырып, қауіпсіздік ережесін сақтауға,ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3 Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: Компьютер және оның құрылғылары, интерактивті тақта, тірек-сызбалар. Пән аралық байланыс: Физика, математика, ағылшын. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу, түгелдеу. 2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру. 3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4 ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру Алгоритмен программаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Алгоритм-берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Программа-командалар тізбегі Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипайттынтын алгоритм Құрама командалар құрылымдары? Сызықтық, тармақталу, циклдік Компьютерде есеп шығару кезеңдері?
5 А) берілген есепті математикалық түрде өрнектеу; Ә) есеп шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық тәсілін анықтау; Б) есеп шығару жолын алгоритм түрінде кескіндеу; В) есепті компьютерде шығару программасын құру және оның қатесін түзету. Г) есепке керекті мәліметтер мен берілгендерін жинақтау. Д) компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.
6 ІІІ. Жаңа түсінік беру Паскаль тілін жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай. Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.
7 Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: тақырып Сипаттау бөлімі Операторлар бөлімі
8 Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің Сипатталу бөлімі жазылады.
9 Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады.. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар, осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып end сөзімен аяқталады.
10 PROGRAM BASTAU: СИПАТТАУ БӨЛІМІ begin ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ Паскаль тіліндегі программа құрылымы end
11 Операторлар бөлімінде орындалатын негізгі әрекеттер: Деректер – сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркестерін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар (константалар), айнымалылар, т.б. Осы тәрізді құрылымдар, немесе солардың адрестері. Дерек енгізу – бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады. Операциялар немесе амалдар – берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру амалдарын орындайды. Нәтиже алу (шығару) – аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу. Цикл- белгілі бір шарттар орындалған (кейде орындалмаған) жағдайда көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.
12 ІҮ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар (есептер, сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, тесттік бақылаулар) Паскаль тілін жылдары швейцариялық ғалым қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: ,......, Кез келген программаның алғашқы жолы сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің жазылады Никлаус Вирт Тақырып, Сипаттау бөліміОператорлар бөлімі PROGRAM Сипаттау бөлімі
13 Бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады. Деректер Дерек енгізу Нәтиже алу Цикл
14 Берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру амалдарын орындайды. Операциялар немесе амалдар Деректер Нәтиже алу Цикл
15 Ү. Оқушылар еңбегін бағалау ҮІ. Үй тапсырмасы. Паскаль - программалау тілі. Паскаль тіліндегі программа құрылымын жазып келу.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.