Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемАгния Свиньина
1 Сабақтың тақырыбы: Күмбірлеген сазды әуен
2 Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың етістік бойынша алған білімдерін қорытындылау. 2. Шығармашылық белсенділіктерін, танымдық, қызығушылық қабілеттерін арттыру, тілдік қорларын кеңейту, алған білімдерін күнделікті өмірде дұрыс қолдана алу деңгейіне жеткізу. 3. Қазақ халқының ұлттық аспаптарын қадірлей білуге, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
3 Сөзжұмбақ Құрманғазының шәкірті. 2. Бұл аспапты аңыз бойынша Қорқыт ата жасаған деседі. 3. Құлмамбетпен айтысқан ақын. 4. Халқымыздың ұлттық ойын – сауығының бір түрі. 5. Көне ұлттық аспаптың бірі. 6. Жаяу Мұса қандай аспапта ойнаған? 7. Топ алдында қолма – қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
4 Домбыра туралы аңыз Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра жайлы мынадай аңыз бар. Ертеде өмір сүрген қаһарлы ханның бойжеткен қызы кедей жігітке ғашық болады. Әкесі оны біліп қойып, жігітті өлтіреді. Қыз бір ұл, бір қыз босанады. Қатыгез хан екі бүлдіршінді мыстан кемпірге беріп жібереді. Мыстан кемпір сәбилерді алысқа, адам жоқ жерге апарып, бір ағаштың басына қызды шығысқа, ұлды батысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің тамған көз жасынан ағаш бұтақтары бірте – бірте сола бастайды. Анасы егіздерін іздеп көп жол жүреді. Жылдар өтеді. Бірде далада шіруге айналған биік ағаштың түбіне келіп отырады. Ұйықтап кеткен ананы әлдебір сиқырлы саз, әуен оятады. Құлақ түріп тыңдаса «ән салып» тұрған қасындағы үлкен ағаш екен. Ана күнде осы бәйтерекке келіп жүреді. Бір күні қатты дауыл тұрып,ағаш құлайды. Дауыл соққан сайын ағаштан зарлы үн шығады. Сорлы ана ағаштың қуыс ішін, бұтақтан бұтаққа керілген ішіктерді көріп, ағаштан әуеннің қалай шығатынын түсінеді. Сөйтіп өзі де қуыс ағашқа ішек тартып, аспап жасап алады. Содан күндіз-түні егіздерін іздеп кеткен деседі.
5 Мәтінмен жұмыс. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, құрамына қарай талдау.
6 Домбыраның құрылысы 1. Басы – екі құлақ бекітілетін жері. 2. Шайтан тиегі – екі ішек орналасатын жері. 3. Мойны – перне байланатын бөлігі. 4. Шанағы - дыбыс кеулеп шығатын іші қуыс кеудесі. 5. Беті–шанақтың қақпағы, екі ішекті қағып, дыбысты естіртетін жері. 6. Дыбыс ойығы – қақпақтың дөңгеленіп ойылған тесігі. 7.Тиек – қақпақ бетінде екі ішекті көтеріп тұратын алмалы – салмалы ершік. 8. Түймесі – шанақтың артындағы ішекті бекітетін жері. 9. Екі құлақ – домбыраның басындағы екі ішектің ұшы бекітілетін жері.
7 Синтаксистік талдау Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Ол көбіне ағаштан тұтас ойылып жасалады. Домбыра негізінен екі ішекті болып келеді. Ел арасында үш ішекті домбыралар да кезігеді.
8 Тірек сызбасы Домбыра
9 Венн диаграммасы Домбыра Қобыз
10 Бос орындарға сәйкес тіркестерді қойыңыз Домбыраны Қобызды Білезікті Суретті Әнді Биді Киімді Айтады, шертеді, билейді, киеді, тағады, тартады, салады.
11 Сөйлемдерді өз орнына қойыңыз Қазақ халқының, аспабы, домбыра, ұлттық. Туралы, халықта, аңыз, мынадай, ол, бар екен. Іші, қуыс, жасалады, ағаштан, ол. Жасау, домбыра, өнер, үлкен, қазір.
12 Ғалым болу арманым Ғалым болғым келеді Жер байлығын ақтарған. Жалын болғым келеді Гүл жасайтын тастардан. Асқақтаған күй болып, Шалқып тұрғым келеді. Жарқыраған күн болып, Балқып тұрғым келеді. Артқа тастап ғасырды, Тасып кеткім келеді. Алатаудай асылды Ашып кеткім келеді. (Х. Талғаров)
13 Берілген етістерді тиісті ұяшықтарына бөліп топтастыр Жазыс,көтерт,шақырылды, көрінді,жаздыр, апарыс, әңгімелесті,сұранды, ойланды, оқылды, айтысты, тыңдалды, сақталды, жуынды, салғызды, босатқыз,жаттаттыр. Өздік ӨзгелікОртақЫрықсыз
14 Үйге тапсырма Домбыра жайлы өлең тауып, жаттау.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.