Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемИрина Гадюкина
1 Тақырыбы: Экология облысындағы халықаралық ынтымақтастық. Тапсырма: Рио-де-Жанейро (13-14 маусым,1992ж) БҰҰның қоршаған ортаны қорғау жане даму конференциясындагы негізгі документтін бірі "Күн тәртібінде XXI ғасыр" материалына сиппаттама
3 Қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты мемлекет өз органдарын кешенді экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндеттейді. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет жылы БҰҰ- ның Конференциясында Бразилияда қоршаған орта және оны дамыту жөнінде Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданды. Қазақстан осы декларацияға қосылды. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше заң актілері қабылданды, олардың мақсаты еліміздің табиғат байлықтарын болашак ұрпақ үшін сақтау болып табылады
4 Біз қалайтын болашақ
5 1992 жылы Рио –де –Жанейродағы қоршаған орта және даму бойынша БҰҰның Конференциясында қоршаған орта және даму бойынша Рио –де – Жанейро декларациясы және ХХI ғасырға арналған Күн Тәртібі: Тұрақты дамуға арналған іс қимылдар бағдарламасы қабылданды. ХХI ғасырға арналған Күн Тәртібінің тарауында ресми білім беруді қоса алғанда, оқу ағарту, халықтың ақпарат алуын жақсартуды және кәсіби даярлықты адамның және қоғамның әлеуетін толық дәрежеде ашуға жәрдемдесетін процесс ретінде мойындау керектігі атап көрсетілді. Оқу- ағартудың тұрақты дамуға ықпал ету, қоршаған орта мен даму мәселерін шешуде адамның мүмкіндіктерін кеңейту үшін маңызы зор.
6 Бұдан кейінгі БҰҰның барлық конференциясында қарастырылған тақырыптарға (қоршаған орта,тұрғылықты халық, әлеуметтік даму, адам құқығы және демократия, әйелдердің жағдайы және қоршаған ортаны сақтау) қарамастан тұрақты даму проблемасы күн тәртібіне үнемі қойылып отырды, сонымен қатар білім беру қажетті өзгерістерді жүзеге асырудың қозғаушы күші екендігі туралы бір ауызды пікір бар. Бейбітшілік, даму, денсаулық және демократия тұрақты дамудың бірін бірі толықтыратын алғышарттары екені көрсетілген.
7 ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібінде көрсетілген ұсынысқа сәйкес осы мәселенің тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін БҰҰ 1993 жылы тұрақты даму жөніндегі комиссия құрды. Аталған комиссия БҰҰның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің функционалдық комиссиясы болып табылады. Ол жыл сайынғы конференцияларда ХХІ ғасырға арналған Күн тәртібінің мәселелерін үнемі қарастырып отырады. Ол 1998 жылы өзінің алтыншы сессиясында білім және ақпарат бойынша кең көлемді резолюция қабылдады. Бұдан басқа ол жүргізілетін жұмыстардың ауқымды бағдарламасын бекітті, онда мемлекеттерге тұрақты даму мақсаттарын барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларына енгізу ұсынылады және олардың осы бағыттағы іс қимылдарына қолдау көрсетілетіні атап өтіледі.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.