Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемЯна Усова
1 Басқару элементтері – бұл пайдаланушы немесе программалық объект туындататын оқиғаға әсер ететін, графикалық интерфейс қосымшаларының элементі болатын объектілер. Басқару элементтерінің стандартты жиыны 21 объектіні құрайды. Пішін сияқты басқару элементтері де объект болып табылады. Сондықтан, олардың кез-келген объект сияқты қасиеттері, оқиғалары, әдістері болады.
2 Элементтер тақтасында басқару элементтері орналасққан. Әдетте Visual basic бағдарламасы іске қосылғанда терезенің сол жағында орналасады. Егер болмаса, оны экран бетіне шығару үшін View- TollBox командасын орындаймыз.
3 Label- Жазу TextBox – Енгізу өрісі CommandButton – Батырма OptionButton – Ауыстырып қосқыш CheckBox - Жалауша Деңгейлік тапсырмалар Үйге тапсырма ІІІІҮІІІ
4 Label басқару элементі ақпаратты шығару үшін қолданылатын компонент. Қасиеттері: Caption – жазу орнатады AutoSize – жазу өлшемінің автоматты түрде өзгерту режимін енгізілетін мәтіннің бәрі сиятындай етіп орнататын логикалық қасиет. WordWrap – жазу өлшемдерін вертикаль бағытта созу. Alignment – жазудағы мәтіннің туралануын береді. 0- сол жақ шет 1- оң жақ шет 2- орталық бойынша
5 TextBox Әр түрлі ақпарат енгізі және шығару үшін қолданылады. Қасиеттері: Text – алаңға жазу орнатады Font - шрифт орнату ForeColor - шрифт түстерін орнату. BackColor - мәтін қорабын бояу. ToolTipText - объектінің атқаратын қызметі туралы сыбырлап тұратын көмекші мәлімет орнату. MultiLine – енгізу алаңын көп қатарлы ететін шама. Locked – алаңға мәтін енгізу қасиетін алу және орнату. Alignment – жазудағы мәтіннің туралануын береді. 0- сол жақ шет 1- оң жақ шет 2- орталық бойынша
6 CommandButton батырма жасау үшін қолданылатын элемент. Қасиеттері: Caption – батырма бетіне жазу орнатады. BackColor – батырманың түсін өзгерту. Picture – батырма бетіне сурет қою. Style– объектінің жоғарыда берілген графикалық қасиеттерін пайдалану мүмкіндігін орнату. Cancel – ESC пернесін қолдану мүмкіндігін орнату Default – ENTER пернесін қолдану мүмкіндігін орнату Font -шрифт орнату.
7 OptionButton жанындағы ауыстырып қосқышты орнату арқылы тек бір вариантын ғана тағдауға мүмкіндік береді. Қасиеттері: Caption – ауыстырғыштың не үшін қызмет атқаратыны жазылады. Style – ауыстырғыштың түрін өзгерту.. Value – қосымша орындалғанда ауыстырғыштың іске қосылуын орнату.
8 CheckBox ұсынылғын топтамалар ішінен бір немесе бірнеше вариант таңдауына мүмкіндік береді. Қасиеттері: Caption – жалаушаның не үшін қызмет атқаратыны жазылады. Style – жалаушаның түрін өзгерту. Value – қосымша орындалғанда жалаушаның іске қосылуын орнату. 0-жалауша орнатылмаған 1- жалауша орнатылған 2-белгісіз күйі
9 1.Фoрмаға Label1 және Label2 элементін орнату 2.Формаға TextBox элементін орнату 3.Формаға CommandButton элементін орнату 4.Жобаға жаңа форма қосу. 5.Формаға OptionButton элементін онату. 6.Формаға CheckBox элементін онату.
10 1.Орнатылған Label1 элементіне х= мәнін енгізу. 2.Орнатылған Label2 элементінің мәнін бос қою. 3.Орнатылған TextBox элементінің мәнін бос қою. 4. Орнатылған CommandButton элементіне Есепте мәнін енгізу. 5. Орнатылған OptionButton элементіне Қызыл мәнін енгізу. 6.Орнатылған CheckBox элементіне Курсивмәнін енгізу.
11 1.Орнатылған Label1, Label12 элементіндегі енгізілген мәтінді пішімдеу: өлшемі 24 пт, түсі күлгін, ортаға туралау, қорабын сары түске бояу. 2.Орнатылған TextBox элементіне енгізілетін мәтінді пішімдеу: ортаға туралау, өлшемі 24 пт, түсі көк, қорабын ашық көк түске бояу. 3. Орнатылған CommandButton элементіне енгізілген мәтінді пішімдеу: өлшемі 24 пт, ортаға туралау, қорабын ашық жасыл түске бояу.
12 Жасалған форма үшін төмендегі есептің бағдардарламасын құру: y=3*x+5 функциясын х-тің кез-келген мәнінде есепте. А) CommandButton батырмасында екі рет шерту; Ә) Программалық код терезесінде программаны жазу; Б) Х -ке 4 санын енгізіп, нәтижесін алу.
13 Формаға орнатылған OptionButton, CheckBox элементтерін пайдаланып бағдаршам жұмысын басқаратын форма жасап, программа құру.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.