Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемЛариса Соймонова
2 Бір дегеніміз- Екі дегеніміз- Үш дегеніміз- Төрт дегеніміз- Бес дегеніміз- Алты дегеніміз- Жеті дегеніміз- Сегіз дегеніміз- Тоғыз дегеніміз- Он дегеніміз- Бірлігі кеткен ел жаман. Егесіп өткен ер жаман Үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман. Төсектен безген жас жаман. Белсеніп шапқан жау жаман. Асқынып кеткен дерт жаман. Жас келіншек жесір қалса, сол жаман. Серпілмеген қайғы жаман. Торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпеген жаман. Оңалмас кәрілікке дауа болмас.
3 Ағын судың өлгені- Асқар таудың өлгені- Ай мен күннің өлгені- Қара жердің өлгені- Ажал деген атқан оқ, Бір алланың қақпаны. Дүниеде не өлмейді? Алты ай қыста қатқаны Еңкейіп барып батқаны Басын бұлттың жапқаны Қар астында жатқаны Жақсының аты өлмейді Ғалымның хаты өлмейді
4 Абай Құнанбаев Қансонарда бүркітші шығады аңға
5 АБАЙАБАЙ ақылды байсалды адал иманды
7 Қансонар- жаңа жауған қардың үстіндегі қардың ізі. қардың ел жатқанша жауып тоқтаған түнінде болады. Бұнда түлкі көбірек кездеседі.
8 Қансонарда бүркітші шығады аңға. Бүркітші сөзіне синоним теріп жазыңдар.
9 Тастан түлкі табылар аңдығанға.
10 Жақсы ат пен тату жолдас - бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
11 Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, Сағадан сымпың қағып із шалғанда.
12 Бүркітші тау басында,қағушы ойда, Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
13 Томағасын тартқанда бір қырымнан, Қыран құс көзі көріп самғағанда.
14 Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп, Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.
15 Көре тұра қалады қашқан түлкі, Құтылмасын білген соң құр қашқанға.
16 Аузын ашып, қоқақтап тісін қайрап, Ол да талас қылады шыбын жанға.
17 Қызық көрер көңілді болса аңшылар, Шабар жерін қарамас жығылғанға.
18 Сегіз найза қолында көз аудармай, Батыр да аял қылмай ертең таңға. Қанат, құйрық суылдап, ышқырады, Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
19 Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады, Жеке батыр шыққандай қан майданға. Біреуі - көк, біреуі - жер тағысы, Адам үшін батысып қызыл қанға.
20 Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
21 Құсы да, иесі де қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда.
22 Үйірімен үш тоғыз, деп жымыңдап, Жасы үлкені жанына байлағанда.
23 Сілке киіп тымақты, насыбайды, Бір атасың көңілің жайланғанда.
24 Таудан жиде тергендей ала берсең, Бір жасайсың құмарың әр қанғанда. Көкіректе жамандық еш ниет жоқ, Аң болады кеңесің құс салғанда...
25 Ұқпассың үстірт қарап бұлғақтасаң, Суретін көре алмассың, көп бақпасаң, Көлеңкесі түседі көкейіңе Әр сөзін бір ойланып, салмақтасаң.
26 Мұны оқыса, жігіттері аңшы оқысын, Біле алмассың, құс салып дәм татпасаң.
27 Жұмбақ Балапанын шырқауына түнеткен, Қанатын қомдап, ұшарда сілкініп, дүр-дүр еткен. Осы қай құс,балалар, Барлығынан түрі өктем?
28 Мақал-мәтелдер: 1.Бала бүркіт парлап ұшады, Баба бүркіт барлап ұшады. 2.Бүркіттің алғанынан, салғаны қызық. 3.Ат шаппайды, бап шабады.
29 Келте сонар-қар түнімен жауып, таң атар алдында ғана тоқтаса, түлкінің ізі қысқа жортуылды ғана көрсетеді.
30 Ұзақ сонар-қар кеше күндіз жауып тоқтаған болса, түні бойы жортқан түлкінің ізі, ұзақ шиыр боп кетеді. Ол ізбен түлкіні табу қиын.
31 Аң аулап келген соң бүркітті тұғырға шынжырлап отырғызады. Тұғыр-бүркіт қонып отыратын арнаулы ағаш.
32 Томаға-қалыпқа салып, былғарыдан өрнектеп тіккен бүркіттің басына кигізіп қоятын зат.
33 Қанжыға-ердің екі жағында болатын бөктеріншек (заты, нәрсесі) байлайтын қайыс (мәтінде жанында) деп берілген.
34 Қыран құс-алғыр, көк түбіт, күшті (6 жастағы бүркіт) Жасына қарай былай аталады:бала бүркіт-бір жастағы бүркіт, тірнек-(қай түбіт) - екі жастағы бүркіт, жас түлек-төрт жастағы бүркіт,барқын-он жастағы бүркіт, баршын он бір жастағы, шөгел кәрі бүркіт. Бүркіттің тегі:Садақсан,шоқпарсан,құмшегір (қаншегір) бүркіт.
35 Қазақта Нар бастатқан тоғыз,Ат бастатқан тоғыз,Ішік бастатқан тоғыз деген сыйлық атаулары болған, олар сыйға, жүлдеге, айыпқа берілетін сыйлықтар. Өлең мәтініндегі Үйірімен үш тоғыз- аңшылар олжалы бола берсін деген тілек.
36 Абай мұрасы ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға өтпек, ол басылған сайын жаңа қырланған алмаздай нұрланып, жарқырап, жасарып нұр төге бермек.
37 Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын таныта-мыз, Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс. Н.Ә.Назарбаев
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.