Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемСтепан Палецкий
1 Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем Еркегүл Ахытқызы Ақмола облысы Астрахан ауданы Астрахан 1 орта мектебі
2 Дайындаған: Алина,Гульмира, Асима, Асель, Мариям, Иса Құрметті оқушылар, сабаққа қатысушылар Көктем бізге шуағын шашып, жарқын көңіл күй сыйласын!
3 Американ психологы Дейл Карнегидің қатынас ережелері: 1. Біреуді сынауда шектен тыс кетпеңіз. 2.Мұқият тыңдай біліңіз 3. Өзге адамдарды, олардың қадір - қасиетін құрметтеңіз 4. Керексіз таластан, даудан қашыңыз, келісім іздеңіз. 5. Сендіріңіз, бірақ бұйырмаңыз, сендіре алсаңыз, қарым - қатынасты білгеніңіз 6.Жиі жымиыңыз, түсіңіз жылы болады.
4 1-оқушы: Сіздер тренер ретінде тест нұсқаларын оқушыларға бересіздер. Уақыт 2 минут уақыт өткен соң, тест жауаптарын тексеріп, баға қоясыз және қате сұрақтарды дұрыс түсіндіресіз. 2-оқушы: Сіз тест сұрақтарына толық жауап бересіз. Егер де сұрақтың жауабын білмесеңіз, тренерден көмек сұрауыңызға болады. тренер ойыншы Сіздер Сабақтас құрмалас сөйлемдер тақырыбы бойынша 6 сұрақты тест тапсырмасын Тренер, Ойыншы рөлінде орындайсыздар.
5 Блиц-кездесу Әріптесіңіз екеуіңіз, біреуіңіз тақтаға, ал екіншіңіз қарама- қарсы жаққа қарап отырыңыз. Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді (дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар. Мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді. Сіздің негізгі сөзіңіз:
6 Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем / / қосылып,/_ _ _ _ _ _ /
7 І топ: Қимыл –сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем Бағыныңқысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл сын бағыныңқы сабақтас дейміз Қимыл-сын бағыныңқы сөйлем қалай? Қайтіп? Не етіп? Деген сұрауларға жауап береді. ІІ топ: Қимыл-сын бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады: 1) көсемшенің –а/-е/-й, -ып/-іп және жұрнақты түрлерінен болады: Сұрғылт тұман дым бүркіп, Барқыт бешпент сулайды. (Абай.) Ұзын кірпіктері қыбыр-қыбыр етіп, Манар әлдене бір шуылдаған дыбыстарды естіп жатты. (Х. Ес.) Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді. (Ә. С.) Ескерту. Баяндауышы көсемшеден болған кейбір бағыныңқы сөйлемдер басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдірмей, тек онымен амалдас, мезгілдес болып келеді. Мұнадайда ол бағыныңқыға қимыл-сын бағыныңқының сұрауын қойып айтуға келмейді. Бірақ ондай бағыныңқы сабақтастарды да шарты түрде қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың қатарына жатқызып жүрміз. Мысалы: Әуеде жыршы құстар өлең айтып, қиқу салар көлдегі қаз бен қу. (Абай) Сырттағы қазандықта от жарқылдап, қазан да көтерілген-ді. (Ғ.С.) Бұл сөйлемдерде бағыныңқыдағы іс пен басыңқыдағы істің бір мезгілде қатар болып жатқандығы баяндалады. ІІІ топ. 2) Есімшеге (-ған/ген, -қан/кен) –дай/-дей, -тай/-тей жұрнағы жалғану арқылы жасалады: Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты. (М. Ә.) Кейде –дай/-дей, -тай/-тей жұрнағы есімшеден кейін етіп, болып көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады: Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді. (М. И.) ІҮ топ. 3) Есімшеден кейін (-ған/ген, -қан/кен) күйі, күйінде, қалпы, қалпында, бетте деген көмекші есімдердің тіркесуі арқылы жасалады: Бала, қоңырқай сопақша беті күреңденген күйі, еріксіз үзілген жұмысына қайта кірісті. (Х. Ес.) Ү. Болымсыз етістікке (-ма/ме, -ба/бе, -па/пе)+с (ортақ етіс жұрнағы) + (-тан, -тен) Екі қолы дірілдеместен, Оспан ішке кірді. «Тікелей эфир» әдісі бойынша қимыл-сын сабақтас құрмалас сөйлемді түсіндіру. Жасаған постерлерін қорғау үшін әр топтан бір адамға рөл беріп «Тікелей эфирге»қонаққа шақырамын. 4 оқушы өз топтарының таныстырылымын ортаға салады. Қалған студия көрермендері тікелей эфирге телефон шалып сұрақ қояды. Қонақтарға баға береді.
8 Тікелей эфир Мақсаты: Оқушыларды белсенді тыңдау, көптеген талқылау дағдыларын дамытуға ықпал етуге бағытталған әдіс. Ұйымдастыру: Теле жүргізуші-мұғалім, төрт қонақты және аудиторияны қарсы алады. Жұмыс алгоритмі Теле жүргізушісі талқыланатын тақырыпты таңдайды. Студия қонақтарына (төрт оқушыға) рөлдік карточка беріліп, олар сол карточкадағы рөлдерін ойнайды. Тыңдаушылар аудиториясы (сыныптағы оқушылар) баға береді, сұрақ қою үшін «қоңырау шалады», ескертпелер жасайды.
9 140-жаттығу
10 А деңгей: Қосымша тапсырма бойынша қай шығарма екенін анықтайды. 3,4 сұрақ. 2. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтасты табады, жасалу жолын талдайды. В деңгей: 1.тыныс белгісін қояды. Бір сөйлемнің баяндауышының жасалу жолын талдайды. С деңгей: Тест: 1.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз. А) Хакім кітапты ұстаған күйінде, Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен тыңдады. В) Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, астан кейін жатып демалды. С) Сен келген кезде, ол үйде жоқ еді. 2.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды. В) Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді. С) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді. 3. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Иығындағы ауыр жүгі жеңілдегендей болып, жайбарақат ұйықтап кетті. В) Күлген жақсы, бірақ шектен аса күлу – мәдениетсіздік. С) Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған 4.Қимыл сын бағыныңқы сөйлемді табыңыз. А) Мен келдім, - уәде берген досым жоқ. В) Сен жақсы оқығаныңда, бес алып кетер едің. С) Амантай үйден тез киініп шығып, автобусқа келіп отыр. 5.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз. А. Кімде-кім өлімнен қорықпаса, тірліктегі басқаның бәрінен қорықпайды. С) Жаман айтпай, жақсы жоқ. В) Мезгілсіз үркіп кеткен ұйқының қайта оралуын тоспай-ақ, жолаушылар тағы да жолға шықты.
11 Тақырыбы: Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас Мен нені білемін? (кіріспе тапсырма) Мен нені білгім келеді? (кіріспе тапсырма) Мен нені білдім? (талқылау)
12 Жүздеріңізден күлкі кетпесін! Ахыт Еркегүл
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.