Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемГригорий Горбовский
2 Киіз үй Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады. Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды.Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта туырлық деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды.
3 Киіз үйдің сүйегі: 1 – кереге, 2 – уық, 3 – шаңырақ, 4 – сықырлауық
4 Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады: 1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі.
5 Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды. Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады.
6 Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді
7 Киіз үй есігінің құрылысы: 1-маңдайша; 2- босаға; 3 -сықырлауық; 4-жақтау; 5- табалдырық.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.