Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемВера Прушинская
4 Ақпараттық блок Психолог: Күнделікті өмірде адам баласы сан түрлі қуанышты немесе келеңсіз жағдайларға ұшырасып жатады. Осы жағдайларда шығу немесе жағдайға байланысты тиімді шешім қабылдау адамның өз-өзіне сенімділігіне де байланысты. Тұлғаның өз-өзіне сенімсіздігінің басты ерекшелігі - әлеуметтік іс-әрекетте жеке өзін көрсетуден қашқақтау болып табылады. Оның ойынша, өз ойын, жетістіктерін, қалаулары мен қажеттіліктерін білдіру жағымсыз, не мүмкін емес, не оның құндылықтар жүйесінде маңызы жоқ. Ал өз-өзіне сенімділігі жоғары адам дауыс ырғағы қатты, серіктесінің көзіне тіке қарай алатын, өз ойын анық және нақты білдіруге қабілетті. Өзіне сенімді адамдар өз сенімін, қалауын, көзқарасын еркін білдіре алады. Бұл қабілеттер өздігінен қалыптасады немесе адам дүниеге сенімді болып келеді деуге болмайды. Өйткені өз-өзіне сенімділік барлық әлеуметтік ортамен қарым-қатынаста қалыптасады. Сондықтан да бүгінгі тренинг сабағымыздың тақырыбын «Сенімділік – қарым-қатынас үйлесімділігі» деп алуды жөн санадым.
5 Топ қатысушылары жұпқа бөлініп, диалог жүргізеді. Шабуылшы өз билігін сезініп, қорғанушыға сілтейді, ұрысады, сын айтады, талап етеді, қатты сөйлейді, яғни «шабуылдайды». Қорғанушы кешірім сұрайды, ақталады, жай және қысқа сөйлеуге тырысады, яғни қорғанады. 3 минуттан соң қатысушылар рөлдерімен ауысады. Әрбіреуі шабуылшының билігін, беделін және қорғанушының іс-әрекеттік енжарлығын толықтай сезінуі керек. Рефлексия Әрбір рөлде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Қай рөл жаныңызға жақын, ал қайсысы қиын болды? Уақыты: 10 минут
6 Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен 1-2-ге санап шығуымыз керек. 1-нөмірдегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-нөмірдегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады. Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, яғни поездің жүру дыбысы естіледі. Рефлексия Сіз қандай сезімде болдыңыз? Уақыты: 10 минут
7 Қоштасу. «Майшам» жаттығуы. Психолог: Біздің сабағымыз аяқталуда. Ендеше, мен қазір майшамды жағамын. Оны бір-бірімізге бере отырып, алғысымызды білдіреміз. Рахмет! Уақыты: 5 минут
8 Психолог: Жұпқа бірігеміз. Бір-біріңізге қарама қарсы орналасыңыз. Азғантай уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге тіке қарап, тыныш отырыңыз. Енді бір- біріңізге «Мен саған сенемін, өйткені...» деп сөйлемді жалғастырыңыз. Мысалы: «Мен саған сенемін, өйткені сен ешқашан маған жаман сөз айтпайсың». 1 сөйлемнен айтылады. Рефлексия: Қазір не сезіндіңіз? Сізге орындау қиын болды ма? Уақыты: 10 минут
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.