Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемЕвгения Болтина
1 Даналық сөздер қоржыны Құ растырушы: Қ айырова К. Ө. – 32 МГ бастауыш класс ж ә не « Ө зін- ө зі тану» п ә ніні ң м ұғ алімі
2 Адам ғалам ғажайып, жеке дана, Жан құмары ізденген мәңгі сана. Өзіңді-өзің танысаң істің басы, Түзеген өз ғаламын болған дана.
3 Өскелең жас ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Осы орайда «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының маңызы өте зор. Өзін-өзі тану пәні арқылы балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың негізін жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары, үйлесімді дамыған жеке тұлға қалыптасады. Халқымыздың дана қағидалары арқылы ізгілікке жетелейді. Ұсынылып отырған көмекші құрал атадан қалған асыл сөздер, шешендік толғаулар, нақыл сөздер өзін-өзі тану пәніне дйексөз ретінде қолдануға арналған. Негізгі мақсат – халқымыздың еңбегі, ақылы мен арманы, тұрмысы мен салты сан ғасырлар бойы халық жадында сақталған құнды қазына екенін бүгінгі жас ұрпаққа таныта білу. Мұның өзі оларды ар-ұят, намысын сақтау, сыпайы, әдепті болуға, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуді, рақымды болуды, еңбекті қадірлеуді, достықты бағалауды, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелейді. Даналық сөздердің қай-қайсысында да салмақты да, терең мағына жатыр.
6 Адамны ң адамгершілігіне – ма қ таныш сезімі тірек болады. Б. Момышұлы
7 А қ ылы елден ас қ ан а қ ыны ң болса ма қ тан, Ынтыма ғ ы ж ұ рттан ас қ ан жа қ ыны ң болса ма қ тан. Ынтыма ғ ы ж ұ рттан ас қ ан жа қ ыны ң болса ма қ тан. Бертіс би
8 Жал ғ ан намыс қ асиет емес, Ар са қ та ғ ан қ асиет. М. Ә уезов
9 Туған жерді қадірлеп-қастерлеп, оған ата-бабамыздай қамқоршы, қорған бола біліңдер. Туған жер, туған халық, туған елсіз адам жоқ, әсіресе адам болман-ды. Ө. Қанахин
10 Адам болып оңай туғанмен, Адам болып қалу көп қиын. Қ. Мырзалиев Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз. Абай
11 Көңіл аудар даналардың сөзіне «Адал жанды өнеге тұт өзіңе». Ж. Баласағұн
12 Адамның басшысы – ақыл, Жетекшісі – талап, Шолғыншысы – ой, Жолдасы – кәсіп, Қорғаны – сабыр, Қорғаушысы – мінез. Саққұлақ би
13 Ақылды сөйлей қалса, Сөздің қаймағын айтар. Ақымақ сөйлей қалса, Қайдағыны айтар. Сапақ би
14 Жақсыға айтқан тура сөз – шыңға тіккен тумен тең, Жаманға айтқан тура сөз – құмға төккен сумен тең. Байсерке шешен
15 Адамның біліміне ақыл серік, Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік Суарылса кіреді оған да жан. Ақан сері
16 Ақыл деген – денеге егулі дән, Ақылың өсіп-өніп зораймағы, Көрген-білген нәрседен ғибрат алған. Шәкәрім
17 Баста таза жаратты, сен таза бол, Ұқсаң анық айттым ғой, бұл – тура жол. Мақтан күйлеп, арамнан мал жинасаң, Орның – тозақ, сорлы сен, айтқаным сол. Шәкәрім
18 Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас Жел толқытса шығады. Ой түбінде жатқан сөз Шер толқытса шығады. Асанқайғы
19 Ашу – дұшпан, Ақыл – дос, Ақылыңа ақыл қос. Ақылды елге қарайды, Ақылсыз жерге қарайды.
20 Бірлік – бұзылмас қамал. Бірліксіз ел тозады, Бірлікте ел озады.
21 Жақсы жолдас – жанға серік, Жаман жолдас – малға серік. Жолдасы бардың олжасы бар.
22 Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек? Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек. Абай
23 Жақсы, жаман дегенің Ойлай берсең у екен. Жаман-жақсы әр істі, Пейілінен адам табады. Парасатты ер-жігіт, Жақсыдан ғибрат алады. Майлықожа
24 Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған – бір сауап, Өзенге көпір салған – бір сауап, Жолға ағаш еккен – бір сауап.
25 Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көрерсің.
26 Қайырымды жүрек қайтармайды. Әділдіктің белгісі – Біле тұра бұрмаса. Ақылдының белгісі, Өткен істі қумаса. Асанқайғы
27 Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс, Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық. Ғ. Мұстафин Білсем деген талап – қай жастағы, қандай дәрежедегі адамға да таптырмас қасиет. Д. Қонаев
28 Жақсының жақсылығын айту –ізгі жанның нұрын тасытып қана қоймайды, адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырудың дәнекері. Д.Қонаев
29 Сенім деген құдыретті күш, ол сеңгір тауды да қозғайды. Д. Қонаев Д. Қонаев
30 Өмір – көп салалы кітап. Сол өмірдің ішінде арамнан сақтану, адал еңбек етіп, жақсы тұрмыс құру, үлкенге ізет, құрмет, кішіге қамқорлық, ағайынға ықылас көрсету, алар шешіміңде әділ болу, жан-жағына ұят келтірмеу, ешкімге қиянат болмауы керек. Амандық шешен.
31 Жақсылыққа жақсылық ету – парызың, жамандыққа жақсылық ету – адамгершілік биіктігің. Жамандық істегенге – жамандықпен жауап берме, онда сен де жаман атанасың. Амандық шешен.
32 Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды. Ж.Баласағұн Қайырымдылық бақытқа жету үшін керек. Әл-Фараби
33 Ары бар, ұяты бар үлкенге сен, Өзі зордың болады ығы да зор. Абай
34 Достық малға емес, басқа жарасады, Нағыз дос бір-біріне шынайы қарасады. Амандық шешен
35 Махаббат – дөрекілікті беттен қағар биязылық, Махаббат –тұрпайылыққа жұмсар нәзіктік. Ә. Әлімжанов
36 Махабаттан асқан сезім жоқ, Махаббат құпиясынан қасиетті құпия жоқ. Ә. Әлімжанов
37 Қуана білу, қуанта білу де бақыт. Д. Қонаев
38 Жігіттің жақсысы дұрыс сөзге тоқтай білген, бақаны да сөзге тоқтата білген. Әйтеке би Өзіңдегі барды өзгемен бөлісудің, өзгеден өзіңнің үйрене жүргенің қандай ғанибет. Д. Қонаев
39 Қазақ дәстүрі тек қана ата-ананы ғана емес. Жалпы адам сыйлауға баулиды. Ғ. Мұстафин Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы. Бірақ соның бәрінен де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре-жүре келіп, Отаныңа қайтқан сәт – бәрінен де жақсы. М. Әуезов
40 Қазақтың ұлан-байтақ жерінде мекен еткен халықтар арасындағы достық тамыры тереңде жатыр. Ол ғасырлардан ғасырларға алып барады. Оның негізін біздің қасиетті бабаларымыз, ақпейіл әкелеріміз қалаған. Оны ешқашан, ешкім де, еш нәрсе де бұза алмақ емес. Д. Қонаев
41 Дүниеде қазақ деген ұлт –біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы да жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да – бөліп жаруға келмейтін ортақ қазына. Н. Назарбаев
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.