Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемВячеслав Столыпин
1 Қабиева Гулбариса Нағимқызы М. Сиранов атындағы орта мектептің педагог -психологы
4 Әр адамның өмірінің қиылуы өзінен -өзі трагедия. Адам өзін жер бетіндегі ең керемет жаратылыспын деп есептейді. Бұл таңғажайып емес, себебі махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері - адамға тән қасиеттер. Жер бетіндегі адамнан басқа бірде- бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Ендеше, өзін-өзі құрбан ету - адамзат жаратылысынан болып келе жатқан жағдай. Қазіргі кезде өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі өзекті болып, оған аса мән беріліп отыр. Себебі суицид фактілері жылдан-жылға өсуде, әсіресе жасөспірімдер мен балалардың өз-өзіне қол жұмсауының тұрақты өсуі алаңдатушылық туғызып отыр.
5 Өз-өзіне қол жұмсау мөлшері қоғамымыздың әлеуметтік экономикалық, саяси жағдайының маңызды индикаторы бола алады.Адам өлімі - жанды түршіктіретін құбылыс. Суицид, өзіне қол жұмсау екенін біле тұра өз өмірін қию, өзіне қол жұмсау үстінде өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтын адамның әрекеті саналмайды,бұл жағдайларда кездейсоқ оқиғадан болған өлім тіркеледі.
6 Күнделікті өмірде кездесетін суицид-бұл адамның өмір қиыншылықтарына төтеп бере алмауы,әлсіздігі,бұнда еш батырлық жоқ,тіпті романтиканың иісі де сезілмейді.Әр адам өз өмірімен формальды тұрғыда не істегісі келеді,соны істейді.Реалдықта ол адам басқа адамдармен тығыз байланыста,олардың рұқсатынсыз өмірден кете де алмайды.Көне заманнан бері адамзатқа суицидтің көптеген түрлері белгілі.Жалпы,суицидологияда авторлар 8-16 түрлерін атап жатады: 1.Өзін-өзі асып тастау; 2.Өзін-өзі қылғындыру; 3.Өз-өзін суға батыру; 4.Өз-өзін уландыру; 5.Өз-өзін жағып жіберу; 6.Өз-өзін кесетін,пісетін құралмен өлтіру; 7.Өз-өзін оқ құралымен өлтіру; 8.Өз-өзін электр тоғымен өлтіру; 9.Өз-өзін транспорт,механизм арқылы өлтіру; 10.Жоғарыдан секіріп өлу; 11.Өз-өзін аштықпен өлтіру; 12.Өз-өзін суықтан өлтіру;
7 Жалпы өзін-өзі өлтірудің басты сылтауы әлеуметтік-психологиялық бейімдел меуі болып табылады.Өзін-өзі өлтіру мақсатында адам мына қиыншылықтардан немесе ауыртпашылықтардан қашқысы келеді:белгілі бір қиыншылықтардан кету,қауіпті әкелетін іс- әрекеттерден кету,басқа адамдарды өзінің қиыншылықтарына көңіл аударту мақсатында сияқты болып келеді.Өзін-өзі өлтіру ренжіткен адамнан кегін алу мақсатында болады,оны қалай болса да жүзеге асырамын деген қырсықтылық мінез туады. Мұндай жағдайға түскен адамның психикасында Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ деген ойлар басынан кетпейді. Кейде жасөспірімнің суицидтік тәртібі еліктеуге әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әр түрлі кітаптардан оқып көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді. Сөйтіп, жасөспірім өлім ренжіткен адамды қорқытады деп түсінеді.
8 Көптеген әлем ғалымдарының ойынша, өзіне-өзі қол салу көп жағдайларда адамның сол мезетте өз- өзінен түңіліп кетуінде, алдына қойған мақсаттарының орындалмауы және де сол сияқты көптеген себептер арқылы өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейді
9 Өз-өзіне қол жұмсау деп екі жағдайды ескереміз: Біріншіден, белгілі бір адамның жеке бас әрекетінің актісі яғни жеке адамның өзінің өмірін қиюы. Екіншіден, статистикалық тұрғыдан алғанда көпшілік, едәуір тұрақты әлеуметтік құбылыс, оның мағынасы белгілі санадағы адамдардың өз еркімен өмірден аттануы болып саналады. Өз-өзіне қол жұмсаудың әлеуметтік аспектісі: Үйренушілік-тұлғаның эмоционалдық ортасын сипаттайтын көрініс. Үрейленушілік деңгейі ол -күйзелістің жеке сезімталдығының көрсеткіші, көптеген өмірлік жағдайлардың қауіп-қатерге толы деп есептеуге бейімділігі. 1.Жасөспірімнің органикалық және физикалық олқылығы. Жасөспірімдер толық өзімен - өзі болады,тек қана егер оларды алаңдатып басқа адамдармен қызықтырмаса.Өзін басқалармен салыстыру негізінде олар өздерін төмен денгейде сезінеді,әсіресе құрдастары арасындағы мазақ бұл сезімдерді күшейтеді және қиын жағдайларда мұндай жеке тұлға өзінің құрдастарына қарағанда өзін қиын сезінеді.
10 2.Баланың эгоцентризмі және еркелігі. Осындай нәтижеге еркелік те алып келеді.Бәрін алу және орнына еш нәрсе қайтармау әдеті қалыптасады.Еш қиындықтарға тап болмай оңайлықпен артықшылыққа ие болу өмір стилі болып қалыптасады.Қиыншылыққа тек қана бір реакция-басқа адамдарға талап қою.Қоғам бұл жасөспірімге дұшпан ретінде көрінеді. 3.Жасөспірімді қайырып тастау.Бұндай жасөспірімдер достық ынтымақтастығы мен сүйіспеншілікке сенбейді.Қиыншылықпен кездесе отырып,оны асыра түседі,себебі оны ешкім де жақсы көрген жоқ.
11 4.Суицидтік әрекет.Суицидтік әрекетке аяғына жеткен өз-өзіне қол жұмсауды,суицидтік талпыныс және суицидті мақсат қою деген әрекеттерді жатқызуға болады.Бұл формалар әдетте феноменнің көрінісі ретінде немесе кезеңдері ретінде қарастырылады. Алайда кейбір авторлар аяғына жеткен суицидті және аяқталмаған суицидті екі түрлі құбылыстар деп есептейді,оның себебі ретінде,мысалға,адамға кейбір жағдайларда жасалған зорлықта яғни нағыз өмірді қиюдың мақсат етілмеуін алға тартады. Кең мағынада өз-өзіне қол жұмсау-бұл өз-өзін құртатын аутодеструктивтік түрі (ішімдік,темекі шегу,нашақорлық,қомағайлық).
12 Қолайсыз отбасы:ауыр психологиялық климат,ата-ана арасындағы ұрыс -керістер,ішімдікке ұрыну,ата-анадан айырылуы; Жасөспірімнің өз бетімен кетуі,үлкендер жағынан еш қамқорлыққа ие болмауы; Отбасында жағымсыз кейіпкер болып еленгендіктен үнемі күлкілеріне қалу,артынан үнемі қадағалануға алыну,қаталдыққа душар болу,үлкендер тарапынан оның кез-келген әрекеттерін күлкіге айналдыру,нәтижелерімен қанағатсыздану. 5.Жасөспірімдердің суициттік бейімделушілік жағдайларының сыртқы факторлары. Достарының жоқ болуы,топта да алшақтандырылуы; оқуда үлгерімінің төмендеуі,үлкендермен туыстарының қарым-қатынастардың нашарлап кетуі5
13 6.Жасөспірімдер- негативтік толғаныстардың көзі. Негатив толғаныстар жинақтала берсе,аяғы психикалық олқылыққа әкеліп соқтырады.Зерттеуде көрсеткендей,негатив толғаныстар жасөспірімнің үйде болған кикілжіңге жауабы ретінде пайда болады,әсіресе,ата-ана жақтан жазалау,жақтырмаушылық ниет көрсету,моральдық тақырыпта жиі ұрсыса беретін жағдайларда.
14 Индер ауданы бойынша кәміелетке толмағандардың арасындағы өзіне -өзі қол жұмсау әрекетіне ұмтылу,суицидпен аяқталу туралы көрсеткіш.
15 ТақырыптарӨткізілу әдісі Сынып жетекшілер үшін 1Оқушыларды дұрыс тани білесіз бе?Әңгіме 2Зерттеу әдістемелерін дұрыс пайдаланудың үлгілері Әңгіме 3Мінезді тәрбиелеуге бола ма?Пікрталас 4Оқушылармен жұмыс жүргізудің жолдарыАнкета 5Психология ғылымының зерттеу әдістеріПрактикалық кеңестер Ата-аналар үшін 1Балаңызбен пікірлесесіз бе?Анкета 2Бала -біздің болашағымызлекция 3Бала бос уақытында немен айналысадыАнкета 4Ұрпағыма өсиетімОйталқы 5Жазалау тәрбие әдісі бола ма?пікірталас 6Жастардың тағдырына жауапты кімӘңгіме Оқушылар үшін 1Суицид оқиғаларын болдырмаудың алдын алуДөңгелек үстел 10 сынып 2Өз тағдырың- өз қолыңдаПікірталас 7 сынып 3Өмірің өкінішке айналмасынӘңгіме 8 сынып 4Өмірмен өштеспеОйталқы 11 сынып
16 Қорытынды: төмендегіше ұсыныс етемін: Қорытынды: төмендегіше ұсыныс етемін: Алғашқы көмек көрсету, алғашқы анықтау жұмыстарымен айналысатын психологтардың жұмысы жандандырылса; Психологтардың кәсіптік деңгейін үнемі арттыру,керек кезінде арнаулы институттар мен университеттерде біліктіліктерін көтеру курстары ұйымдастырылса; Тұрғындар арасында психикалық денсаулық жөнінде санитарлық -ағарту жұмыстары, мақала,сұхбаттар жүргізілсе;. Басқа аудандармен тәжірибе алмасып отырылса.
17 Сыйлайық жүрек жылуын. Мақсаты: Баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру, қарым-қатынастарды жақсарту нәтижесінде жан жүйесіндегі түрлі сезімдерді игеруге үндеу- ұстаздың міндеті.Оқушы мен ата- ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым-қатынас орнату. Сыйлайық жүрек жылуын. Мақсаты: Баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру, қарым-қатынастарды жақсарту нәтижесінде жан жүйесіндегі түрлі сезімдерді игеруге үндеу- ұстаздың міндеті.Оқушы мен ата- ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым-қатынас орнату.
19 Қорытынды Жоғарыда көрсетіліп отырған өзіне-өзі қол жұмсау себептерін тыңдай отырып,түсінгеніміз бұл мәселенің шешімі жалғыз біздің күшімізде емес екендігі.Бұл мәселе,тек дәрігерлер мен педагогтардың назарында емес,оның тамыры қоғамда жатырғаны белгілі болды.Ендеше,қоғамның әлеуметтік экономикалық мәдениетін арттыру мәселесі бірінші орында болуы керек.Осы семинарды пайдалана отырып, менің сіздерден сұрайтыным,біз психологтар қоғамның өркениетті дамуына тікелей әсер ететін адам өміріне жауаптымыз.Адам өміріне қатысты барлық мәселелерді шешу жолында еңбек етіп, өз қолымыздан келер көмекті аямай атсалысайық дегім келеді.Адам бақыт үшін жаралған.
20 Әр адамның жан-жақты гармониялық дамуы барлық адамның жан-жақты адам болуының алғы шарты. Тек осындай жан,өмірге деген құштарлық сезіммен,өмірде өз ісін,өз қуанышын басқалардың табыстарымен қосып бақытқа жете алады.Тек осындай жағдайда адамның жоғары қасиеттері:мақсаты мен мұраты,ары мен адамгершілігі,бостандығы мен жауапкершілігі өз дүниесінен шығып әр адам жеке тұлға болып қалыптасады.Қазіргі кезеңде осыған бәріміз бірдей жауаптымыз.
21 КӨҢІЛ ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА КӨП-КӨП РАХМЕТ!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.