Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемАлиса Шпигель
1 Гүлсім Назарбекқызы ЖАКЕБАЕВА, облыстық наркологиялық орталығы МКҚК 5 наркологиялық бөлімше меңгерушісі, дәрігер нарколог ПБЗ-ға тәуелді балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу тәсілдері
2 Кәмелетке жасы толмағандардың ПБЗ-ға (психикалық белсенді заттарға) әуестенуіне бірнеше факторлар жетелейді. Биологиялық факторлар. Медицинада генетикалық фактордың ықпалы жеке көрсетіледі. Бірінші дәрежеде туыстығы бар туысқандардағы ПБЗ-ға тәуелділік болса бұл кезде қауіп 4-6 есе арта түседі. Сондай-ақ антенаталды кезеңдегі зияндылықтар, мысалы анасының жүкті кезіндегі аурулары, әсіресе вирустық этиологиядағы, токсикоздар, пиелонефрит, нәресте асфиксиясы мен жасөспірім жастағы алынған бас сүйек-ми жарақаттары ПБЗ-ға бейімділікті ұлғайтады.
3 Психологиялық факторлар. Көптеген зерттеушілер ПБЗ-ды шектен тыс қолданудың дамуында психологиялық және тұлғалық факторлардың рөлі зор деп есептейді. Сондықтан әлемде ПБЗ-ға тәуелді жай- күйлерді емдеуде дәрі-дәрмек қолданудан біртіндеп алыстау байқалады. Оның орнына психотерапиялық және психотехникалық түрлі тәсілдер кеңірек қолданылады. Сондай- ақ баламалы психотерапия түрлері емшілер, экстрасенстер және т.б. емі де қолданыс табады.
4 Әлеуметтік факторлар. ПБЗ-ға тәуелділік даму қауіпінің әлеуметтік факторларына: әкесінің, анасының немесе басқа туыстарының араққұмарлығы, есірткіге тәуелділігі, отбасындағы эмоционалдық резонанстың, бірауыздылықтың, бірлігінің жоқтығы, отбасы мүшлерінің арасындағы дау-жанжалдар, ата- аналардың балалар мен жасөсіпірмдердің алкогольді тұтынуына, темекі шегуі мен девиантты мінез-құлқына көз жұма қарауы, немқұрайлығы жатады. Мұндай балалар мен жасөспірімдерді қауіп тобына жатқызып, олармен әлеуметтік-профилактикалық бағытта мақсатты жұмыс істеу қажет.
5 Мониторингтік зерттеу темекі шегу мен спирттік ішімдіктерге әуестену есірткі заттарын тұтынудың баспалдағы болатынын көрсетті. Шет елдік зерттеулерден көрінетіндей ПБЗ- ға бой үйрену мынадай болып келеді: Сыра мен шарап. Арақ пен сигареттер. Сора мен оның өнімдері. Басқа тиым салынған есірткілер. Демек, ПБЗ-ға тәуелді балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеуде жоғарыда аталған факторларды ескеруге тура келеді. Мұндағы басты тәсіл психотерапевтік, оның ішінде тұлғаға бағытталған психотерапия амалдары болып табылады.
6 Ол үшін арнайы дайындықтан өтіп, пациентке және оның отбасы мүшелеріне психологиялық кеңес беру, түрлі тренингтер жүргізу, бағытталған оңалту шараларын атқарған жөн. ПБЗ-ға тәуелді балалар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден арылту оңай шаруа емес. Мұнда ең бастысы олардағы түрткінің (мотивацияның) және ата- аналарының ынтасының болуы шарт. Емдеу бағытында дәрі-дәрмектер, психотерапиялық араласулар, психолог маманның кеңесі және т.б. қолданылады. Мұндай бағыттағы жұмыстарды екінші реттік профилактикалық шаралар деп атауға болады. Міндеті мінез-құлықты өзгертуге түрткі қалыптастыру және дезадаптивтік мінез-құлықты адаптивтік мінез-құлыққа өзгерту, әлеуметтік-демеуші торапты қалыптастыру және дамыту.
7 Екінші реттік профилактиканың технологиялары. Әлеуметтік технологиялар: ПБЗ-ты тұтынуды толық тоқтатуға бағытталған түрткіні (мотивацияны) қалыптастыру; Мінез-құлықты өзгерту мотивациясын қалыптастыру.
8 Медициналық-психологиялық және психотерапевтік технологиялар: эмоционалдық жай-күйді саналы үзу кедергілерін жеңу; ПБЗ-қа тәуелділіктің тұлға проблемасы екенін ұғындыру; ПБЗ-қа тәуелділікті жеңудің эмоционалдық, когнитивті және мінез-құлықтық стратегияларын дамыту. Ал үшінші реттік профилактиканың мақсаты – ремиссия жай-күйін қолдау, яғни қайтадан ПБЗ-ға оралуға жол бермеу мен кешендік оңалту (реабилитациялау) болып табылады.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.