Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемЭдуард Свирский
3 Әскери қылмыс ұғымы ҚР Қылмыстық кодексінің 9-бабында анықталған қылмыстың жалпы түсінігіне негізделген, сөйтіп оның барлық міндетті белгілерін – қоғамдық қауіптілігі, құқыққа қайшылығы, кінәлілік пен жазалылықтарды қамтиды. Әскери қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери заңдылықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға, мүдделер мен игіліктерге қол сұғушылықпен анықталады, осы қатынастарға зиян келтіріп, әскери тәртіп пен әскерлердің жауынгерлік дайындығын әлсіретеді. Әскери қылмыстардың құқыққа қайшылығы қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің әскери – қылмыстық заңның баптары мен талаптарына қайшылық тудыратындығымен сипатталады. ҚР ҚК 19-бабына сәйкес кез келген қылмыстың, яғни, әскери қылмыстың да, қажетті белгісі болып кінә табылады. Кінәлілікті – тұлғаның қылмысты қасақана немесе абайсыздықта жасауы деп түсінеміз. Ол дегеніміз адам өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті /іс-әрекет немесе әрекетсіздігі/ және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылады. ҚР ҚК 19-бабының 2-бөлігінде «объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді» деп көрсетілген. Жазаланушылық – бұл қылмыстың мәнін емес, оның мүлтіксіз заңдық зардаптарын сипаттайтын белгісі, яғни айыпты қоғамдық қауіпті әрекет жасағаны үшін қылмыстық жаза тағайындалуы мүмкін деген сөз. ҚР ҚК 366-бабы әскери қылмыстың мына ерекшеліктерін көздейді (арнайы белгілерін): 1) әрекеттің бекітілген әскери қызмет атқару ережелеріне қарсы бағыты (арнайы объект); 2) әрекетті әскери қызметшінің не әскери міндеттілердің жиындардан өту кезінде жасауы (арнайы субъект); 3) әрекеттің әскери қылмыстар үшін жауаптылық көздеуші Қылмыстық кодекс бойынша жазалануы (әскери-қылмыстық құқыққа қайшылық). «Кез келген әскери қылмыс осы үш арнайы белгілердің жиынтығы бойынша сипатталады. Олардың тек біреуінің ғана болмауы әрекетті әскери қылмыс деп бағалауға негізін жоққа шығарады» [9, С. 855]. Мысалы, әскери қызметшілердің бекітілген әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын, яғни дәл соларға қол сұқпайтын қоғамға қауіпті әрекеттері әскери қылмыстарды құрамайды (мысалға, азаматтардың мүліктерін ұрлау, олардың өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық). Олар жалпы қылмыстық әрекеттер ретінде ҚР ҚК сәйкес баптары бойынша сараланады (ҚК 175-бабы – ұрлық, ҚК 96-бабы – адам өлтіру, 120- бап – зорлау).
4 Әскери қылмыстардың тікелей объектісі – ол нақты қоғамдық қатынастар, мүдде және игілікке қарсы бағытталған қол сұғушылық. Мысалы, бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамаудың (ҚК 367-бабы) тікелей объектісі бағынушылық тәртібі; бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК 372-бабы) мен қашқындықтікі (ҚК 373-бабы) – әскери қызметті өтеу тәртібі; әскери мүлікті жоғалтуда (ҚК 389-бабы) – әскери мүлікті пайдалану тәртібі болады. Тікелей объектісінің тек өзіне ғана тән ерекшеліктеріне сай барлық әскери қылмыстарды мына топтарға біріктіруге болады: 1. Бағыныштылық тәртібі мен әскери қызметшілердің арасындағы жарғылық қарым- қатынастар ережелеріне қарсы қылмыстар. Бұл топты мына баптар құрайды: ҚК 367-бабы – бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау; ҚК 368-бабы – бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету; ҚК 369-бабы – бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері; ҚК 370-бабы – бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым- қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу; ҚК 371-бабы - әскери қызметшіге тіл тигізу. 2. Әскери қызметті өтеу тәртібіне қарсы қылмыстар: ҚК 372-бабы – бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету; ҚК 373-бабы – қашқындық; ҚК 374-бабы – дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару.
5 Арнайы қызмет атқару тәртібіне қол сұғушы қылмыстар: ҚК 375-бабы – жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу; ҚК 376-бабы – шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу; ҚК 377-бабы – қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу; ҚК 378-бабы – ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу; ҚК 379-бабы – қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу. 4.Әскери лауазымды қылмыстар: ҚК 380-бабы – билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі; ҚК 381- бабы – қызметке селқос қарау. 5. Әскери басқарудың қалыпты қызметіне және Қарулы Күштердің престижіне қол сұғушы қылмыстар: ҚК 382-бабы – құрып бара жатқан әскери кемені тастас кету; ҚК 386-бабы - әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту.
6 Соғыс заңдары мен ережелеріне қарсы ұрыс аймағында жасалатын қылмыстар: ҚК 383-бабы – жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету; ҚК 384- бабы – тұтқынға өз еркімен берілу; ҚК 385-бабы – тонаушылық. 7. Әскери мүлік және әскери техниканы пайдалану, сақтау және жүргізу ережелеріне қарсы қылмыстар: ҚК 387-бабы - әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру; ҚК 388- бабы - әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру; ҚК 389-бабы - әскери мүлікті жоғалту; ҚК 390-бабы – айналадағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу; ҚК 391-бабы – машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу; ҚК 392-бабы – ұшу немесе оған даярлау ережелерін бұзу; ҚК 393-бабы – кеме жүргізу ережелерін бұзу.
7 Әскери қылмыстардың субъектісі арнайы болады, себебі ол жалпы субъектіден өзгеше бірқатар тек өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие. Әскери қылмыстың арнайы субъектісі жалпы субъектінің барлық белгілерін, яғни есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толуы және тұлғаның қылмысты жасау сәтінде әскери қызметте немесе әскери жиында болуын көздейтін арнайы белгісін қамтуы тиіс. ҚР Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы «Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысының 2- тармағына сәйкес: «Әскерге шаќыру бойынша не келісім-шарт бойынша Ќарулы Күштерде, басќа да әскерлер мен әскери ќұрылымдарда әскери ќызмет өткеріп жүрген әскери ќызметшiлер ғана, сондай-аќ запастағы азаматтар әскери жиындардан өту кезінде, әскери ќылмыс субъектілерi болып табылады. Егер ќылмыстыќ әрекеттер әскери ќызметті өткеру кезiнде жасалса және ќылмыстыќ жауаптылыќќа тартудың ескiру мерзiмдерi өтпеген болса, адам әскери ќылмысы үшiн әскери ќызмет аяќталған соң да ќылмыстыќ жауапќа тартылуға жатады» [12, 2-т.]. ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңы Ќазаќстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттiлiгiне және әскери ќызметiне ќатысты ќоғамдыќ ќатынастарды реттейдi. Бұл заңда әскери қызметшілердің ҚР әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылығы анықталады: 1. Әскери ќызметшiлер, әскери атағы мен лауазымына ќарамастан, заң алдында бiрдей. 2. Әскери ќызметшiлер ќылмыстар және өзге де ќұќыќ бұзушылыќтар жасағаны үшiн Ќазаќстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыќта болады.
8 Ќарулы Күштерде, басќа да әскерлер мен әскери ќұралымдарда мынадай әскери атаќтар белгiленедi: ӘСКЕРИ КЕМЕЛIК САРБАЗДАР (МАТРОСТАР) ЌҰРАМЫ ќатардағы жауынгер матрос ефрейтор аға матрос СЕРЖАНТТАР (СТАРШИНАЛАР) ЌҰРАМЫ кiшi сержант екiншi сатылы старшина сержант бiрiншi сатылы старшина аға сержант бас старшина үшiншi сыныпты үшiншi сыныпты сержант старшина екiншi сыныпты екiнші сыныпты сержант старшина бiрiншi сыныпты бiрiншi сыныпты сержант старшина штаб-сержант штаб-старшина шебер-сержант шебер-старшина ОФИЦЕРЛЕР ЌҰРАМЫ КIШI ОФИЦЕРЛЕР ЌҰРАМЫ лейтенант лейтенант аға лейтенант аға лейтенант капитан капитан-лейтенант АҒА ОФИЦЕРЛЕР ЌҰРАМЫ майор үшiншi дәрежелi капитан подполковник екiншi дәрежелi капитан полковник бiрiншi дәрежелi капитан ЖОҒАРЫ ОФИЦЕРЛЕР ЌҰРАМЫ генерал-майор контр-адмирал генерал-лейтенант вице-адмирал генерал-полковник адмирал армия генералы
9 Әскери қызметкер құқық пен бостандық заң шығарушы құжаттармен реттеледi Әскери қызметкерлердi мәртебе туралы заңы Қазақстан республикасының конституциясы «Әскери қызметкердің міндеттері« туралы заңы "Қорғаныс туралы" туралы заңы
10 Әскери қызметкерлердің жүктейтін жауапкершілігі: қылмыстық дисциплинарлық материалдық әкімшілік азаматтық-құқықтық
11 Әскери тәртiп бұзуға қатысты терiс қылықтарда немесе әскери қызметкерлерi жалпы әскери жарғы анықталынған негiз бен реттерiне арналған тәртiптiк жауапкершiлiктерiн алып жүрген қоғамдық тәртiбі. Әскери қызметкерлердің жүктейтін жауапкершілігі: қылмыстық дисциплинарлық материалдық әкімшілік азаматтық-құқықтық
12 Әскери қызметкер (бұзу жол қозғалысы басқарды, аңшылық, балықшылық басқарды және балық қорларын қорғау, кеден басқарды) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарда ортақ негiздерге жауапкершiлiк жүктейдi, бiрақ оған көлiк қаржыларымен басқаруға, түзету жұмыстары айыппұл, құқынан айыруды түрде әкiмшiлiк жаза қолдана алмайды және әкiмшiлiк тұтқындау. Әскери қызметкерлердің жүктейтін жауапкершілігі: қылмыстық дисциплинарлық материалдық әкімшілік азаматтық-құқықтық
13 Әскери қызметкер мемлекет әскери қызметтiң мiндеттерiн орындау келтiрiлген материалдық нұқсанға әскери қызметкерлер материалдық жауапкершiлiк туралы Федералды заң сәйкес материалдық жауапкершiлiкке қатыстырылады. Әскери қызметкерлердің жүктейтін жауапкершілігі: қылмыстық дисциплинарлық материалдық әкімшілік азаматтық-құқықтық
14 Заңдардың лайықсыз орындауы және әскери қызметтiң мiндеттерiн орындауда, мемлекет таппайтын әскери қызметкер келтiрiлген моральдық зиян физикалық және әскери қызметкер заңды тұлға жауапкершiлiк азаматтық- құқықтыларды алып жүредi. Әскери қызметкерлердің жүктейтін жауапкершілігі: қылмыстық дисциплинарлық материалдық әкімшілік азаматтық-құқықтық
15 Қылмыс жасағаны үшiн әскери қызметкер заңдармен сәйкес қылмыстық жауапкершiлiктердi алып жүреді. Әскери қызметкерлердің жүктейтін жауапкершілігі: қылмыстық дисциплинарлық материалдық әкімшілік азаматтық-құқықтық
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.