Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемЕлена Караваева
2 Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы
3 Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1.Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасы және жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін. 2.Мектепке дейінгі және орта білім, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, Жастар саясаты департаменттері Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасын және іс-шаралар жоспарын республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдарға және облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім департаменттеріне (басқармаларына) жұмыс барысында пайдалану үшін жіберсін. 3.Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім департаменттері, (басқармалары), республиканың жоғары оқу орындары білім беру ұйымдарының барлық үлгілер мен түрлерінде жылдарға арналған тәрбиені дамытудың стратегиялық бағдарларын анықтасын және аймақтық тәрбие бағдарламаларын әзірлесін. 4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министріне жүктелсін. Б.ӘЙТІМОВА Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Астана, 2005 жылғы 13 маусым 401 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ Б Ұ Й Р Ы Ғ Ы Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасын бекіту туралы
4 Қазақстан Республикасында туылған 18 - жасқа дейін 5 миллионнан астам балалар тұрады. Олардың ішінде: 1,5 млн. астам балалар мектеп жасына дейінгілер, 3 млн. астамы – жалпыға бірдей мектептерде және кәсіби білім ұйымдарында оқиды. Бүгінгі таңда 5,0 мыңнан аса директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, 13 мыңнан астам аға тәлімгерлер, 284 мың сынып жетекшілері, 900 психологтар білім мекемелерінде еңбек етеді.
5 Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған тәрбиелік шаралар Патриоттық тәрбие жүйесі Аулалықклубтар Мектептен тыс мекемелер Республикада: 200- ден астам балалар мен жастар ұйымдары бар: Ұлан, Болашақ, Қамқор, Ізденіс т.б Республикада 542 астам, облыста- 7 аулалық клубтар бар. Республикада 627 мектептен тыс мекемелер бар, оның 227 –і ауылдық. Облыста: 1998 жылға дейін – 68 болса, ал 2005 жылы -16.
6 ЛагерьлерРеспубликадаОблыста Қала сыртындағы 2848 Мектеп жанындағы Санаториялық85- Шатырлы236- Бейінді874- Дебаттық108- Барлығы Балалардың 43,2 пайызын құрап отыр Балалардың 44,8 пайызын құрап отыр
7 Республика бойынша пайызы Үйірме, клубтарда 6,0 Спортта15,0 Мектептің қоғамдық жұмысында 2,0 Компьютерлік ойын клубтарында 18,0 Теледидар көрумен 9,0 Кез келген іспен 69,0 Оқушы жастардың бос уақыттарының ұйымдастырылуы олардың қызығушылығына сәйкес емес
8 Ұстаздар мен оқушы арасындағы қарым- қатынасындағы күрделі проблеманың бар екендігін оқушылардың 7,0 пайызы, ал өз қатарларымен нашар қарым-қатынас бар екендігін оқушылардың 12,0 пайызы мәлімдейді. Балалар мен оқушы жастар арасында өзін- өзі басқаруды өркендетуде: кластастарының қоғамдық жұмысқа селқостық – 59 пайызы, өзін- өзі басқару ұйымының формальды болуына 54 пайызы жауап берген. Тәрбиеші мен тәрбиеленуші субъектілердің қарым-қатынасы
9 Зиянды әдеті бар балалардың жастық цензісі азаюда
10 Себептер атауы Пайызы Елдің саясатымен қызығатын оқушылар 16,0 Осы тақырыпта мұғалімдермен әңгімелесетін оқушылар 2,0 өз Отанында өмір сүргісі келетін оқушылар 30,0 Шет елде өмір сүргісі келетін оқушылар 47,0 Патриоттық сезімнің қалыптаспауы бойынша зерттеу барысы
11 Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары Қажетті ресурстар және қаржыландырудың негізгі көздері Бағдарламаны іске асыру іс-шаралар жоспары КіріспеҚазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы
12 Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» Заңдарын жүзеге асыру. НЕГІЗІ
13 Бағдарламаның мақсаты - білім мекемелерінде тәрбие жүйесінің жаңа моделін жасау; - патриотизм, азаматтық, төзімділік, рухани-өнегелік, шымыр да белсенді тұлғаны қалыптастыруға әлеуметтік - экономикалық, саяси - құқықтық жағдайларды жасау және стратегиялық басымдылығын анықтау; - балалар мен оқушы жастардың шығармашылық және танымдылық істерге араласуға дайындығын, өзін-өзі көрсете білуі үшін білімділік пен социальды кеңістігін қамтамасыз ету; БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
14 Бағдарламаның міндеттері: - білім мекемелерінде тәрбие жүйесінің нормативті құқықтық базасын өрістету; - жас жеткіншектерге патриоттық тәрбие беруде қажетті ғылыми- әдістемелік, ұйымдастыру-педагогикалық хабарлауды қамтамасыз ету; - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін оқушы жастардың қадірлеуін қалыптастыру; - әлеуметтік нашақорлық иммунитетті қалыптастыру мақсатында нашақорлықпен, басқа да жаман әдеттерден сақтануда профилактикалық жүйені өрістету; - балалар арасында жағымсыз іс-әрекеттерді болдырмауға, баланың бақылаусыз, қараусыз қалдырмау профилактикасы жүйесін өрістету;
15 - балалар арасында экстремистік дінаралық профилактикалық жүйені өрістету; - тәрбиеге көнбейтін балалар мен оқушы жастарға психо- педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету; - білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысын ата-аналардың қатысу құғына ие болуды жүзеге асыру арқылы олардың педагогтармен ынтымақтастығын дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыру; - балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерінде шығармашылық қызметтерінің түрлі формасын жасау, балалардың бастамаларын жетілдіру; - балалардың арасында жағымсыз әрекеттері болдырмау, бақылаусыздығы мен қаңғыбастыққа салынушылығының алдын-алу жүйесін қалыптастыру; - тәрбиенің жаңашыл технологияларын қолдану негізінде балалар мен жастардың халықаралық ынтымақтастығын дамыту;
16 БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының жаңа моделін құқықтық-нормативтік жағынан қамтамасыз ету Саяси және құқықтық мәдениет тәрбиесі Ұлтжандылық тәрбиесі Рухани-адамгершілік тәрбиесі Есірткілік және басқа да зиянды заттарды болдырмау іс-шаралары Білім мекемелерінің ата-аналармен әлеуметтік серіктестігі Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру Білім беру ұйымдарының мәселелердің жағдайын талдау
17 Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының жаңа моделін құқықтық-нормативтік жағынан қамтамасыз ету -білім беру ұйымдарында ұлтжандылықты насихаттаудың тұтас жүйесін жасау; -балалар мен жастар арасында діни экстремизмнің алдын-алу үшін төзімділік санаға баулитын бағдарламалар жасау; -қосымша білім беру жүйесінде оқушы жастар мен балаларды әлеуметтендіруді ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету; -білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысының нәтижесі мен санасын бағалаудың өлшемдерін жасау; -білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесінің жаңа моделін ендіруді қамтамасыз етудің аймақтық бағдарламасын жасау; -жасөспірімдердің қоғамдық орындарда ден кейін ата-анасыз болуын шектеу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР-ның құқықтық-нормативтік актілеріне қосымшалар мен өзгерістер енгізу және дайындау; -өскелең ұрпақтың тәрбиесі жөніндегі құқықтық-нормативтік актілер жинақтарын шығару; -ата-аналар қауымдастығының білім беру ұйымдары мен мекемелері арасында қарым-қатынас жасаудың жаңа әдістері мен формаларын жасау.
18 Саяси және құқықтық мәдениет тәрбиесі -балалар мен оқушы жастардың саяси және құқықтық мәдениетке қалыптасуының өлшемдерін жасау; -адам құқығы негізін оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын енгізу; -оқушылар арасында апталық ауызша саяси « Жері күн», «Мезгіл және өзім» туралы диалогын, «Тарих иегінде» атты дөңгелек стол, «Сенің табысың Қазақстан» ақпарат өткізудің әдістемелік ұсыныстарын жасау; -«Мектеп өмірімнің айнасы», «Құқықтық мәдениет әлемінде» тренингтері мен ақпарт акцияларын өткізудің әдістемелік ұсыныстарын жасау; -балалар мен оқушы жастардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінде олардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту; -жасөспірімдер арасында алкоголді ішімдіктерді, есірткіні және темекіні пайдаланудың алдын-алу мақсатында балалардың қоғамдық қабылдау орталығын құру;
19 Ұлтжандылық тәрбиесі - білім беру мекемелерінде ұлтжандылық тәрбиенің жетілдірілген жүйесіне кепілдемелер жасау; - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдана отырып, мемлекеттік мерекелерге, атаулы күндерге, оқу жылының басталуы мен аяқталуын өткізудің рәсімін жасау; - мемлекеттік рәміздердің тарихын терең білу мақсатында «жарлықтың, бейбітшіліктің және үміттің белгісі», «Еліміздің мемлекеттік рәміздерін безендірудің ең үздік бұрыштары мен қабырға жұмыстары», «ҚР-ның үздік орындалған Әнұраны» байқаулары мен олимпиадаларын өткізу; - халықтардың дәстүрлері мен ғұрыптарын зерттеудің аймақтық турист- өлкетану экспедициясын өткізу; - ұлтжандылық тәрбиеге байланысты жинақталған іс-тәжірибесінен ақпараттық әдістемелік жинақ шығару; - білім мекмелерінде ұлтжандылық жұмыстарды үйлестіру үшін Кеңестер мен штабтар құру; - ұлтжандылыққа тәрбиелеудің озық тәжірибелер жинақтайтын республикалық банкісін құру.
20 Рухани-адамгершілік тәрбиесі -рухани адамгершілік тәрбиесінің принциптері негізінде тәрбиелеудің үздіксіз әрі сабақтастық жүйесін құру; -білім беру мекемелеріне «Өзіңді-өзің таны» курсын енгізу; -білім беру мекемелерінде этнопедагогика жүйесінің моделін жасау; -«Қазақстан территориясындағы киелі жерлер мен ежелгі қалалардың қалыптасу тарихы» мәліметтерінен жинақ құрастыру; -жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қатыстыра отырып, «Қоғамға қызмет» атты республикалық бағдарлама жасау; - мұғалімдер, балалар мен оқушы жастар үшін әлемде және республикада діни экстремизм туралы лекциялар, әңгімелер циклін жасау.
21 Есірткілік және басқа да зиянды заттарды болдырмау іс-шаралары -оқушы жастар арасында әлеуметтік нашақорлық иммунитетті қалыптастыру мақсатында наша және зиянды заттарды қолдануды болдырмаудың алдын-алу жүйесін жетілдіру; -нашақорлық пен зиянды заттарды қолданудың алдын-алу мақсатында ақпараттық насихаттау кеңестік жұмыстарын жүргізу; -ВИЧ- инвекциялар нашақорлық, ішкілік, темекі шегушілік проблемалары жөнінен әдістемелік ұсыныстар, интеграрлық курсын құру; -Мұғалімдер мен ата-анарлар үшін «Егер үйге бақытсыздық келсе не істеу керек?» атты құрал жасау; -оқушы жастар арасында нашақорлық пен зиянды заттар, СПИД, ішкілік, темекі шегушілікті алдын-алу жұмыстарына мониторинг өткізу; -Зиянды әдеттерге тәуелділіктің алдын-алу үшін әлеуметтік психологиялық « Жоқ, рахмет» моделін жасау; -«Мен өмірді таңдаймын» атты жасөспірімдер үшін оқыту психологиялық тренингін өткізу; -балалар мен ересектерге көмек көрсету үшін психологиялық көмек «Сенім телефондарын, кеңестер анонимдік кабинеттер желісін құру.
22 Білім мекемелерінің ата-аналармен әлеуметтік серіктестігі Ата-аналармен әлеуметтік серіктестік – бұл үштіктегі серіктестік қатынасты қалыптастыру. - отбасы мен мектеп өзара қатынасы моделін құру; - педагогика және психология мәселелеріне байланысты конференциялар,дөңгелек үстелдер, лекциялар, жинақтар, ата-аналар университетінің ағарту шараларының ұсыныстарын жасау; - Ата-аналардың мектептерге «Жүректен – жүрекке» позитивтік қатынасын қалыптастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар жасау; - отбасылық педагогтық «Қонақ үй» атты ата-аналардың жас ерекшелігіне сәйкес әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық тренингтер жасау; - сәтсіз отбасыларын анықтау және балалардың құқығын қорғау жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар жасау; - Ата-аналардың бала тәрбиесінде құқықтық және психолгиялық біліктілігін жетілдіру үшін лекциялар дайындау; - балалар мен отбасыларына психологиялық құқықтық консультациялар, кеңестік орталықтар қызметін жасау.
23 Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру: - қосымша білім беру мекемелерінің кәсіби біліктілік деңгейін көтеру курстарын ұйымдастыру, тәрбие проблемаларымен айналысатын басқарушы және педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау деңгейіне мониторинг өткізу, ұсыныстарын жасау; - әлеуметтік-мәдени ортада ашық педагогикалық өзара әрекеттестікті қалыптастыру; - педагогтардың қоғамды дамытудығы прогрессивті жаңашыл жолдарын анықтап, тәжірибесін жинақтап тарату; -білім мекемелеріндегі ең озат тәрбие жүйелерінің республикалық базасын жасау
24 Бағдарламаны қаржыландыру қаржы жылына республикалық жергілікті бюджеттер мен бюджеттен тыс қаржы есебінен қаржыландырылатын болады. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ
25 - балалар мен оқушы жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруына Қазақстандық ұлтжандылық қалыптастыруына азаматтық сана сезімін, мәдениеттілігін, салауатты өмір салтын, кәсіби талғамдылығын қамтамасыз ету мақсатында тиімді тәрбие жүйесін құру; - балалардың азаматтық – ұлтжандылық тәрбиесін үйлестіру мақсатында «Балалар бастамасы» атты республикалық қоғамдық кеңес құру; - Біріккен Ұлттар Ұйымның бала құқығы туралы конвенциясына сай еліміздің балалар бұқарасын құқықтық біліммен сауаттандыру, ересектер мен балалардың салауатты өмір салты туралы білімін көтеру, алкоголді ішімдіктерді, темекі мен есірткі заттарын қолдануға жастар арасында жол бермеу және алдын-алу мақсатында балалардың республикалық мекемесін құру; БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
26 -оқыту тәрбие процестерін үштік педагог, ата-ана, балаларды тарта отырып, тәрбиенің жаңа түрлерінің жүйесін құру; -жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық көрсеткіштерін төмендету; -отбасы мен балаларға әлеуметтік психологиялық – құқықтық көмек көрсету қызметін ( консультациялық орталықтар) құру; -білім мекемелерінде тәрбие жүйесінің (инновациялық) жаңашыл тәжірибелерді тарату; -жоғары білікті маман кадрлармен қамтамасыз ету; -зиянды заттар мен есірткіні пайдаланатын балалар мен оқушы жастардың санын азайту; -өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудің озық үлгідегі тәжіребиелерін жинақтайтын орталық банк құру.
27 Қазақстан Республикасы білім беру мекемелеріндегі жылдарға тәрбиелеудің кешенді бағдарламасын іске асыру іс-шараларының ЖОСПАРЫ І. Бағдарламаны нормативтік – құқықтық қамтамасыз ету ІІ. Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және ұйымдастыру – педагогикалық жұмыс ІІІ. Саяси және құқықтық мәдениетті тәрбиелеу ІҮ. Ұлтжандылық тәрбие Ү. Рухани-өнегелік тәрбие ҮІ. Есірткі және басқа да зиянды заттарды пайдалануды алдын-алу жүйесін жетілдіру ҮІІ. Білім беру мекемелерінің ата-аналармен әлеуметтік серіктестігі ҮІІІ. Кадрлар біліктілігін көтеру және қайта даярлау
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.