Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемНадежда Шестакова
1 Абылай Хан (шын аты Әбілмансұр)қазақ ханы, батыл қолбасшы. 15 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып,ерлік көрсеткен. Орта жүздің Ханы Әбілмәмбетпен бірлесіп елді шығыстан торыған жауға қарсы күреске ұйымдастырды. Абылай Хан (1711 – 1781)
2 Абылай Хан – саясаткер. Кіріспе: Әбілмансұр – Сабалақ, Жошы ханның ұрпағы. Негізгі бөлім: 1. Абылай – жол басы. 2. Сұлтан Абылай 3. Батыл қолбасшы 4. ( ) Абылай - өктем әкім, ел басшысы. 5. Абылай – Айлакер дипломат, шешен, үлкен өнер иесі. Қорытынды: Қайталанбас тұлға.
3 Әбілмансұр – Сабалақ, Жошы ханның ұрпағы. Абылай хан ( ) орта жүздің әйгілі ханы,Барақ ханның ұрпағы, Уәли ханның ұлы Өзінің шын аты - Абілмансұр. Оның бесінші атасы – Есім хан. Ол Қазақ Хандығына орталықтандырылған мемлекеттік мәртебе әперген. Төртінші атасы – Жәңгір Хан «Салқам» жоңғарлармен соғыста ол ержүрек қолбасшы, батыр ретінде танылған адам. Абылай - Әбілмансұрдың атасының есімі. Жекпе – жекте жеңіс бермейтін қатал да батыр адам болған. Шежіре бойынша Кенесары Хан мен Шыңғыс Сұлтан -Абылайдың ұрпақтары – немерелері. Олар да патшалық империя саясатына қарсы күрескен Қазақтың ұлттық мақтанышы еді. Егер Абылайдың түпкі тамыр – шежіресіне үңілсек генеологиялық жағынан оның Жошы ханның ең кіші баласы – Тоқа – Темірден тарайтыны дәлелденеді. Шыңғыс ұрпағы болғандықтан да ол хан болып тағайындалатынын көреміз..
4 Абылайдың әкесі жоңғар соғысында Жоңғар ханы Ғалдан-Сереннің қолынан қаза табады да, Абылай 13 жасында жетім қалады. Орта жүз Самарқанға көшуге мәжбүр болады. Абылай аты Оның көзі тірісінде, жас кезінің өзінде Аруақ деп ел сыйынатын қасиетке ие болды. Оның ақылдылығы, қысылғанда жол тауып кететін тапқырлығы оны осы дәрежеге көтерген еді. Ол жиырма жасында Абілмәмбет ханмен бірігіп үш жүздің басын қосып, қол жинайды. Жоңғарлармен соғыста Абылай жоңғардың батыры Шырышты жекпе – жекте жеңеді.
5 Сұлтан Абылай Абылай Жоңғар шапқыншылығы кезінде Ресей империясының құзырына сене отырып, халықтың тыныштығын және мемлекеттік мәртебесін сақтай білді жылдың 28 тамызында Әбімәмбет пен Абылай Сұлтан Орынборға келіп Ресейдің қарамағына кіруге келісім береді. Орынбор комиссиясының төрағасы Урусованың мақсаты – бүкіл Орта жүзді Россия империясына қосу еді жылы Абылай аң аулап жүріп, жоңғарлардың қолына тұтқынға түсіп қалады. Оны жоңғарлар бір жылдан кейін Орынбор губернаторы И.И.Неплюеваның араласуымен босатады.
6 Қазақтың барлық батырларының басын біріктіріп, Абылай жоңғарларға қарсы шабуылға шығады.1752 жылы жоңғарлар Орта жүздің жеріне басып кірді. Ұлытауда болған құрылтайда Абылай маңызды мәселелер көтерді: 1.Қазақ ақсүйектерінің басын қосу; 2.Жоңғарларға тұтқиылдан соққы беру; 3.Лама Жоржы Әмірсанды жоңғар қоңтайшыларының қолына бермеу; 1753 жылы Абылай жоңғарларға шабуылға шығып, оларды өз қақпасында –ақ күйрете жеңді. Ол үш жүздің сұлтандарымен келісе отырып, Маньчжур қытай империясының қол астына кіруді, Отаршыл Ресеймен де қарым-қатынаста болуды көздеді.Себебі, Ресей қазақ жеріне өзінің соғыс акцияларын әкеле бастаса, Цинь империясы қазақ жеріне көз алайта отырып,әскери қарулы күштерін топтастыра бастаған еді. Абылай Хан Ресей мен Қытайдың қол астына кіре отырып, шындығында олардан тәуелсіз қалуды көздеді. Сол тәуелсіздікті сақтады.
9 1739 жылы Семеке хан қайтыс болған соң. Келесі хан болып Әбілмәмбет, әскери қолбасшы болып – Абылай сайланды. XVII ғасырдың 70-ші жылдарында Абылай Ташкентке және Ходжентке жорыққа шықты. Нәтижесінде Ташкент қазақ әкімдігіне салық төлейтін болды. Түркістан, Сайрам, Шымкент және Созақ қалалары Абылай Ханға өтті. Қазақ хандығының сыртқы жағдайы жақсара түсті.
10 Абылайдың хандық құруы ( ) 1771 жылы Түркістанда Әбілмәмбет хан қайтыс болды. Үш жүздің ханы болып Абылай сайланды. Абылайдың үш жүзге хан болуының себебі – оның жоңғарларға қарсы азаттық күресте қолбасшылық жасап, оны жеңіспен аяқтағаны еді. Ресей мен Қытай тарапынан жасалынып жатқан қысымға қарамай, қазақ халқын тәуелсіздікте ұстауы және үш жүздің басын біріктіруі болып табылады. Абылай өз хандығы тұсындабіраз өзгерістер енгізді: Хандардың өкілеттігі артты. Билер қызметін ретке келтірді.Ертіс,Ишим өзендері жағалауындағы,Көкшетау мен Тарбағатай жерлерінде жер бөлу жүргізілді.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.