Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемРоман Шеховцов
1 Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Бейорганикалық заттардың химиялық технология факультеті XVI - XVIII ғасырлардағы Қазақ халқының рухани мәдениеті Тексерген : Ахметжанова А Орындаған : БЗХТ 101 к
2 Қазақ халқының XVIII ғасырдағы мәдениеті өткен дәуірдің мәдениетімен, оның озық дәстүрлерімен сабақтасқан байланыста болды. Сонымен қатар бұл кезде онда жаңа құбылыстар да бой көрсетті. Халықтық мәдениет пен феодал - байлар мәдениеті арасындағы қайшылық айқынырақ білінді, рас, ол әлеуметтік-экономикалық жағынан неғұрлым дамыған мемлекеттер мәдениетіндегідей онша айқын көрінетін нысандар ала қойған жоқ еді. XVIII ғасырға дейін қазақ ақындарының есімдері, олардың әрқайсысының шығармашылығы, олар өмір сүрген уақыт белгісіз дерлік еді. Сыпыра жырау, Шалкиіз жырау және басқалар шежірелерде, аңыз-әңгімелер мен эпостарда ғана аталады, бірақ олардың өмірі мен шығармашылығы жайлы нақты деректерді біз білмейміз. Тек XVІII ғасырдың орта кезіңен, қазақ жерінің едәуір бөлігі Ресейге қосылған кезден бастап орыстың ғалымдары мен казақ зиялыларының жекелеген өкілдері ақындар, импровизатор- әншілер, жыршылар туралы деректер жинап, олар шығарған өлендер мен жырлардың текстерін жинауды қолға алған. Ақындар мен жыршылардың кейбіреулері шығармаларын өздері жазып алып отырған. Соның арқасында олардың өлеңдерінің түпнұсқа текстері сақталып қалған.
3 Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алған XVIII ғасырдың белгілі жырауы Бұхар жырау Қалқаманұлының ( ) бірнеше туындысы сақталған, ол осы күнгі Павлодар облысының Баянауыл ауылында туып-өскен. Жырау феодалдық құрылысты сақтап, нығайту идеясын білдіретін көптеген дидактикалық өлең-толғаулар шығарды. Орта жүздің ханы Абылайды қолдап, кейбір жағдайларда оның ел басқару жөніндегі істеріне, әр түрлі таластар мен дау-жанжалды шешуіне елеулі ықпал жасап отырған. Бұхар жырау сонымен қатар шығармаларында өз заманындағы кейбір маңызды тарихи оқиғаларды дұрыс бейнелеп көрсетті, өзекті тақырыптарының бірі - Отанына деген сүйіспеншілік, патриотизм. Ол қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресін жырлады, халықты бірлікке, ерлікке шақырды, бұл күрестің қаһармандары - Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек батырларды мадақтады.
4 А С Ы Л М Ұ Р А Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдік те, мәдени де бағылылыққа ие болды.
5 Еліміздің мәдени мұрасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасы
6 Қазақ халқының философиялық мұрасының байлығын көрсететін барлық шығармалар мысалдарын біріктіру алғашқы әрекеті «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы» болған. Қорқыт-атаның айтқан сөздерінен бастап Абай мен Шәкәрімнің көзқарастарымен жалғасатын Ұлы дала ұлдарының философиялық көзқарастары әлемдік гуманистикалық рухани мәдениеттің алтын қазынасы болып саналады.
7 Ескерткіштер
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.