Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемИгорь Судленков
3 Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Өткенді еске түсіру IV. Жаңа сабақты түсіндіру V. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру 5.1. Тест жұмысы 5.2. Есептер шығарту VI.Сабақты бекіту VII. Үйге тапсырма VIII.Бағалау
4 І. Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу 1.2. Сынытың санитарлық-гигиеналық тазалығына көңіл бөлу Сыныпты психологиялық дайындау 1.4. Оқушыларға өзіндік бағалауды түсіндіру
5 Өзіндік бағалау әдісі Үй тапсырмасыТестЕсепБекітуЖалпы балы есепфиз диктант12 бал Бағалау. 35 – 29 – 5 28 – 20 – 4 19 – 15 – 3 14 төмен болса – 2
6 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. § – жаттығу 3 Серпімді жіпті бойлай 20м/с жылдамдықпен көлденең толқындар таралады. Тербеліс периоды 0,5с. Толқын ұзындығын табыңдар.
7 Берілгені Талдауы Шешуі Жауабы: 10м
8 ІІІ. Өткенді еске түсіру Физикалық диктант, 5 минут 1.Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады. 2.Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды. 3.Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын 4.Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық. 5.Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама. 6.Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы. 7.Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын. 8..
9 Физикалық диктант, 5 минут 1. Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады. 2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды. 3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын 4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық. 5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама. 6. Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы. 7. Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын. 8.
12 Домбыра құрылысы. Домбыра 3 бөліктен тұрады. Бас бөлігі, мойыны, шанақ. Басында құлақтары, шайтан тиегі орналасады. Мойын бөлігінде пернелер, шанақта тиек, ойық, ілгек орналасады. Домбыра- әрбір құрылымдық элементтерінің қызметін жалпы физикалық күрделі заңдармен түсіндірілетін ұлттық акустикалық –аспап. Статистикалық тепе-теңдік. Домбыра төрде ілулі тұрғанда немесе шертпей жай ғана қолымызға алғанда барлық бөліктері өзара тепе-теңдікте тұрады. 1. Егер домбыра ішегін қолымызбен шертсек белгілі бір үн естиміз. 2. Тепе-теңдікте тұрған ішекті шертіп тербеліс тудырдық. 3. Ішектің тербелісі ауа арқылы, біздің құлағымызға жетеді. 4. Біздің көзімізге көрінбегенімен домбыраның беттік тақтайы да күрделі тербеліске ұшырайды. Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады.
13 IV. Жаңа сабақты түсіндіру Дыбыс толқындары – адамда дыбыс әсерін туғызатын тербеліс жиілігі 16Гц –тен Гц – ке дейінгі механикалық толқындар. Инфрадыбыстар – Ультрадыбыстар – Дыбыс туындауының себепкері – денелердің тербелісі Дыбыс барлық ортада тарала алады. Дыбыс әртүрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралады. 1 - кесте
14 Әртүрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы Орта Дыбыс жылдамдығы, м/с, Ауа330 Су1480 Болат4380 Мыс3800 Темір5850 Шыны5600 Сутек1280 Каучук50
15 Мысал келтіру Дыбыстың денелердің тербелісі арқылы тарауына қарапайым мысал ретінде қазақ халқының ұлттық аспабы домбыраны келтіруге болады.
16 Дыбысты сипаттайтын физикалық шамалар Дыбыс қаттылығы Тембр Тонның биіктігі
17 Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон – доға тәрізді қысқы сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады. Мектеп камертондары бірінші октаваның ля нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады. Музыкалық дыбыстар – камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады. Өлшем бірлігі – Децибел (дБ) 1 бел = 10 дБ Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейінің мәндерін 2 кестеден көре аламыз.
18 Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейінің мәндері, дБ Дыбыс көзіДыбыс қаттылығы, дБ Құлақтың ауыртпалықты сезіну шегі130 Ұшақтың көтерілуі120 Дискотекадағы музыка м қашықтықтағы автомобиль сигналы100 Жүк машинасының жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы 80 Көше шуы м қашықтықтағы шаңсорғыш дыбысы70 Тас жолдағы автомобиль қозғалысы50-60 Әңгіме-сұхбат40 Тұрғын үйлердегі шу нормасы20-30 Жапырақтың сыбдыры10
19 Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады. Адам дауысының тон биіктігі бойынша диапазоны Гц бас диапазан Гц баритон Гц тенор Гц дискант 1400Гц колора туралық сопрано
20 Дыбыстың тағы бір маңызды сипаттамасы – оның бояуы немесе музыканттардың айтуынша оның тембірі Тембр – адамның даусына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы. Денелердің гармоникалық тербелістері синусоидалық толқындар деп аталатын толқындар туғызады. Күрделі дыбыстың ең төменгі жиілігі негізгі жиілік, ал оған сәйкес келетін белгілі бір биіктіктегі дыбыс негізгі тон деп аталады. Негізгі тонға обертондар немесе гармоникалар деп аталатын жиіліктер бірге жүреді. Әртүрлі шулардың музыкалық дыбыстардан ерекшелігі сол – оларға қандай да бір белгілі тербеліс жиілігі сәйкес келмейді. Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.
21 V. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру 5.1. Тест жұмысы, 5 минут 1.Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады? А) инфрадыбыстар Б) акустикалық дыбыстар С) ультрадыбыстар Д) толқындық дыбыстар 2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай? А) Гц Б) Гц С) 200Гц Д) 2Гц 3. Дыбыс қаттылығы немен анықталады? А) осциллограф Б) дыбыс зорайтқыш С) камертон Д) генератор 4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді? А) тонның биіктігіне Б) тербеліс амплитудасына С) тербеліс жиілігіне Д) таралу жылдамдығына 5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай? А) метр Б) герц С) метр/секунд Д) децибел 6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы А) 330м/с Б) 50м/с С) 1480м/с Д)5600м/с 7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы А) 100дБ Б) 50-60дБ С) 120дБ Д) 10дБ
22 Тест жұмысының жауаптары р/сжауаптары 1А 2А 3С 4Б 5Д 6А 7С
23 5.2. Есептер шығару, 8 минут 26 – жаттығу 2, 3 2. Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар. 3. Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеті мен күннің күркіреуін есту арасындағы уақыт 10с болғанын байқады. Найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта жарқылдаған? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 343 м/с деп есептеңдер.
24 VI.Сабақты бекіту Домбырамен күйсандықтан бір нота орындату. Сұрақ: Осы аспаптардың шығаратын дыбыс жиіліктері бірдей ме? Жауабы
25 Жауабы: Бұл аспаптардың жиілігі де бірдей, бірақ тембірі әртүрлі болады. Біз тембіріне қарай музыкалық аспапты немесе кімнің сөйлеп жатқанын анықтай аламыз. Дыбыс тембірі бойынша дыбыс көзі анықталады.
26 VII. Үйге тапсырма § 31,32 26 – жаттығу 4,5
27 VIII.Бағалау Үй тапсырмасыТестЕсепБекітуЖалпы балы есепфиз диктант12 бал Бағалау. 35 – 29 – 5 28 – 20 – 4 19 – 15 – 3 14 төмен болса – 2
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.