Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемВладислав Ваталин
1 Н.Мейірманов атындағы негізгі мектеп Тақырыбы: Абай мен Ахмет шығармаларының идеялық үндестігі ( сыныптан тыс оқыған шығармалар бойынша ) Өткізген Байтемірова Зейнеп Ғапбасқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2 Сабақтың түрі: Сұрақ – жауап, талдау түріндегі түзету сабағы
3 Сабақтың мақсаттары 1. Екі ақынның өлеңдеріндегі идеялық-мазмұндық үндестікті таба білуге үйрету 2. Абай мен Ахметтің сыншылдық және ағартушылық идеяларының асыл арқауы - өмір шындығында жатқандығын білдіру 3. Ұлы тұлғалардың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтарын және ағартушылық еңбектерін оқи отырып, отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерінен үлгі алу, әдебиетті сүюге машықтану.
4 Сабақтың әдіс-тәсілдері: Саралап-деңгейлеп оқыту тәсілі, Брейн-ринг ойыны, сатылай кешенді талдау
5 Сабақтың көрнекіліктері: Абай, Ахмет суреттері, өлеңдері, аудармалары, баспасөз материалдары
6 Техникалық құрал: Компьютер
7 Пәнаралық байланыс: Салт-дәстүрмен, тарихпен, географиямен байланыстыру
8 Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау 2. Мұғалім сөзі: Оқушылар, бүгін әдебиет пәнінен сыныптан тыс оқыған шығармалар бойынша өтетін сабағымыз халқымыздың біртуар перзенттері, елім деп еңбек етіп, бар өмірі мен білігін сарп еткен дара тұлғалар - Абай мен Ахмет атымыздың еңбектерін тереңдете, мұқият оқуға арналып отыр.
9 1-ші деңгей: Танып оқы 1-тапсырма 1. Дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп – төркіні барын байқаймыз. Мұның біріншісі- қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығы- халықтың ауызша әдебиет қоры. Екінші бір қол артқан қазынасы – араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың көркем классикалық поэзиясы. Үшінші үлкен өнер, мол азық алған зор саласы-орыс халқының мәдениеті және сол арқылы танып білген Еуропа мәдениеті Сұрақ: Кімнің сөзі, кім туралы?
10 2. Қамқор анам, анашым! Балаң мал ұрлап, кісі өлтірген жоқ. Айыбым жасымнан халқымның қамын жеп, жарық күндерге ұмтылдым. Адам боп туған соң, адам ісін істеуге талпындым. Сол үшін тар қапас абақтының бөлмесіндемін... Сұрақ: Кімнің сөзі, қай өлеңінің мазмұнынан алынған?
11 2-тапсырма 1. А. Құнанбаевтың өмір деректерін жүйелеп баянда. 2. А. Байтұрсынов туралы не білесің? 3. Осы екі тұлғаның ақындық өнерлерінен басқа қандай қасиеттері бізге үлгі деп ойлайсың? (Бірнеше оқушы жауаптары)
12 2-ші деңгей: Брейн-ринг ойыны Оқушылар үш-үштен бөлініп, үш топқа орналасады. Оныншы оқушы - жүргізуші, әр топтың үстеліне үшке бөлінген дөңгелек сектор, әр секторға екі сұрақ беріледі. (Ойынның мақсаты: ақын әрі ағартушы тұлғалардың шығармаларынан ой үндестігін табу) Сұрақ: 1-ші секторға 1. Абайдың мына өлеңдерін тақырып бойынша топтастыр Жаз, Ғылым таппай мақтанба, Кең жайлау, Менің сырым, Интернатта оқып жүр, Өлең-сөздің патшасы, Қараша, желтоқсан мен... А) Оқу, білім Ә) Адамгершілік, мінез-құлық Б) Табиғат В) Достық, махаббат 2. Ахмет қазақ халқын ұйқыдан қалай оятып еді? А) Сағатпен Ә) Есік қағып Б) Маса боп ызындап В) Өмірімен
13 Сұрақ: 2-ші секторға 1. Лирикалық қаһарман. Анықтамасын сәйкестендір А) Оқырман жүрегіне жол тауып, дәл өзіндей сырласатын өлең кейіпкері Ә) Өлеңді мәнерлеп оқушы Б) Өлеңді сынаушы В) Баспасөзге жариялаушы 2. Абай жастарды неге шақырды? А) Билікке Ә) Серуенге Б) Білімге В) Ақылға
14 Сұрақ: 3-ші секторға 1. Абай Білімдіден шыққан сөзде кімге кездестіруді армандады? А) Ата-анасына Ә) Жалқауға Б) Болысқа В) Талаптыға 2. Теңеу жасайтын жұрнақтарды тап А) –ым. –ім Ә) –паз, -пез Б) –шыл, -шіл В) –дай, -дей
15 3-ші деңгей: Тіл шеберлігі (ақындар өлеңдеріне әдеби талдау) Сұрақ 1-ші секторға: 1. Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жүмыр келсін айналасы (Абай ) (Бірінші өлең шумағына тілдік талдау жаса) 2. Қаз едік, қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара көлге қонып салқындаған. Бір өртке қаудан шыққан душар болып, Не қалды тәнімізде шарпылмаған. (Ахмет) 3. Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ, Оларға жөн, арамның сөзін ұқпақ. Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп, Әсте жоқ кеселді істен биттей қорықпақ (Ахмет) (Соңғы екі шумақтағы айтылған ой, идеяның мақсатын анықта.)
16 Сұрақ 2-ші секторға: 1.Абайдың Сегізаяқ, Бойы бұлғаң өлеңдерімен Ахметтің Жиған-терген, Тілек-батам атты өлеңдерін салыстырып мазмұн, ырғақ, ұйқас түрлерін салыстыр. 2. Абай мен Ахметке графикалық талдау жасаңдар Ақын шеберлігіАбайАхметҰқсастықтары Портрет жасау Сөйлеу тілі (кейіпкерлер) Іс-әрекеттері Өзіндік мінез- құлықтары
17 Сұрақ 3-ші секторға: Абай мен Ахметке хронологиялық кесте жаса ӨмірбаяныӨскен ортасыӨсу жылдарыШығармашылығы
18 Қорытынды: Адам бойындағы адамгершілік, адамдық қасиеттерді, қоғамдағы өзгерістерді жіті бағып, бағамдай білген қос арыс – Абай мен Ахмет біз үшін шамшырақ. Адамгершілік атты адами болмыстың ең басты қасиеттерін әрбір адам бойына сіңіре білу, сол жолда қызмет ету- елім деген, азаматпын деген жанның басты міндеті. Бұл жолда еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары қыруар еңбектер істелінді. Елбасымыз ұйытқы болған Мәдени мұра бағдарламасы аясындағы зерттеп, зерделенген еңбектер біз үшін құнды мұра,асыл қазына. Абай мен Ахметтің біз танып білмеген қырлары әлі де ашыла түсуде.
19 Үйге тапсырма: Оқушыларды бағалап, үйге тапсырма беру Абай мен Ахмет туралы жазылған тың материалдар іздеу, баспасөз материалдарына шолу жасау
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.