Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемТатьяна Кавелина
1 Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы. Ас қорыту жүйесінің аурулары, олардың алдын алу.
2 Ас қорыту жолы Бездер Ас қорыту жүйесінің маңызы
3 Естеріңде болсын! Тамақты үнемі көп жеу сенің организміңе зиян. Тамақты жаңа дайындалған күйінде жеуге дағдылану керек
4 Ас қорыту жолы Ас қорыту бездері Ауыз қуысы Жұтқыншақ Өңеш Асқазан Ас ішек Тоқ ішек Бауыр Ұйқы без
6 Ауыз қуысының құрылысы: алдыңғы жағында ерін мен ұрт, жоғары жағы-қатты және жұмсақ таңдай,төменгі жағы –тіл мен ауыз түбінен, артқы жағы жұтқыншаққа өтеді. Жұтқыншақ- ұзындығы 11-13см бұлшықетті мүше, онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді Өңеш- ұзындығы, шамаен 25см бұлшық етті түтік. Өңеш көкет арқылы өтіп, ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.
7 Асқазан- асқорыту жолының көлемді ұлғаюы. Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан. Пішіні сыйымдылығы 2-3 л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді.Тамақ асқазаннан аш ішекке түседі. Аш (ащы) ішек-ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі, оның ұзындығы 5-7 м және 3 бөлікке : ұлтабар, аш ішек және мықын ішекке бөлінеді. Астың қорытылмаған қалдығы тоқ ішекке өтеді Тоқ ішектің ұзындығы 1,5 -2 м және соқыр ішек, жиек ішек және тік ішекке бөінеді. Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісі-ұзындығы 8-15 см аппендиксі болады. Тоқ ішек тік ішекпен аяқталады
8 Ұйқы без асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан. Бауыр- ең ірі без. Массасы, шамамен 1500 г. Ол қызыл қоңыр түсті, оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Бауыр-күрделі түтікшелі без. Оның секреті -өт
11 Тест тапсырмалары: 1.Салауаттану нені зерттейді? А. Организмнің құрылысы мен қызметін Ә. Денсаулыұқ сақтаудың және нығайтудың әдістерін Б. Әр түрлі ауруларды емдеу әдістерін 2. Қоректік заттар құрамына қандай органикалық заттар кіреді? А. Нәруыздар, көмірсулар Ә. Витаминдер, майлар Б. Минералды тұздар мен су 3. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы: А. 3-5м Ә. 8-10м Б м 4. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады? А. Ауыз қуысында Ә. Жұтқыншақта Б. өңеште 5. Ас қорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады? А. Аш ішек Ә. Тоқ ішек Б. Ұлтабар
12 6. Тоқ ішектің бөлімдері: А. Аш ішек, жиек, тік ішек Ә. Соқырішек, тік ішек, ұлтабар Б. Соқырішек, жиек ішек, тік ішек 7. Аш ішек бөлімдері: А. Ұлтабар, тік ішек, аш ішек Ә. Ұлтабар, аш ішек, мықын ішек Б. Соқырішек, жиек ішек, тік ішек 8. Күн тәртібі дегеніміз не? А. Тәулік ішіндегі сенің әрекеттеріңнің дұрыс реті Ә. Мектеп сабақтары режимінің орындалуы Б. Таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас. 9. Қандай қоректік заттар негізгі болып табылады? А. Витаминдер, амин қышқылдары Ә. Өсімдік майы, қант Б. Май, белок, көмірсу 10. Асқазан мен ас қорыту жолының бөгеттік қызметі? А. Асқазан сөлі Ә. Түкірік, тұз қышқылы, бауыр Б. Жұтқыншақтың шырышты қабығы
13 -Дұрыс тамақтану; -Санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау; -Дұрыс қозғалыс режимін сақтау; -Зиянды әдеттерден аулақ болу қажет.
14 Оқушылар өздеріңнің ас қорыту жолында қандай өзгеріс бар деп ойлайсың, одан құтылу үшін не істеуге болады? Қорытынды шығар, бақылап, нәтижесі қандай болғандығын жазып келу.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.