Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемТаисия Расловлева
1 Базарбаева А 6 Е
2 Сабақтың тақырыбы: VI тарау бойынша қайталау. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тарау бойынша алған білімдерін жинақтап бір жүйеге келтіру, әртүрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін тексеру. Есеп шығару кезінде ережелер мен сызбаларды дұрыс пайдалануға дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасау қабілеттілігіне тәрбиелеу, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, алғырлыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу. Дамытушылық: Логикалық ойлау, математикалық тілде сөйлеу қабілеттіліктерін дамыту. Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыда дамыту, сұрақтарға нақты жауап беруге, тез шешім қабылдай алуға дағдыландыру. Сабақтың типі: Білімді жинақтау, жүйелеу, қайталау. Сабақтың әдісі: Модульдік оқыту технологиясының әдіс- тәсілдері, сұрақ, жауап арқылы. Пәнаралық байланыс: Геометрия сызу, биология. Көрнекілігі: Бағалау парағы, сызба суреттер, интерактивті тақта.
3 Үй жұмысын тексеру 1206 Координаталар басы О нүктесіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы үшбұрыс салып, оның төбелері координаталарымен жазыңдар Координаталық жазықтықтағы А (-3;1) нүктесі төбесі болатын, АВСД тік төртбұрышының симметрия центрі - Е(2;3) нүктесі. Оның В, С және D төбелерін координаталарымен жазыңдар. АВСД тік төртбұршының ауданын табыңдар. Дәптердің бір тор көзінің ұзындығын (бірлік кесіндіні) 1 см есебімен алңыдар
4 А деңгей тапсырмасы Координаталық жазықтықта төбелері А (-3;2), В (2;3) және С (3;-2) нүктелері болатын үшбұрыш сызыңдар.
5 А деңгей тапсырмасы Фигураларды дәптерге көшіріп салыңдар. Осы фигуралардың әр қайсысына а түзуіне қатысты симметриялы фигураларды салыңдар. а
6 В деңгей тапсырмасы Төмендегі суреттегі EF және KL түзулері – перпендикуляр түзулер. АОК=40 0 ; ВОL=60 0. АОЕ бұрышының, ВОF бұрышының градустық өлшемдерін табыңдар.
7 В деңгей тапсырмасы а және в түзулерінің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың 1һ=60 0 2, 3 және 4-тің градустың өлшемдерін табыңдар. 60
8 Координаталық жазықтықта А(-5;3) және В (2;3) болатын АВ кесіндісін жүргізіңдер. Е(- 2;1) нүктесіне қатысты АВ кесіндісіне симметриялы А 1 В 1 кесіндісін салыңдар. А 1 және В 1 нүктелерін координаталарымен жазыңдар. С деңгей тапсырмасы
9 Координаталық жазықтықта; 1) А (-3;3); В (5;3) және С (5;-1) төбелері бойынша АВСД тік төртбұрышын салыңдар. D төбесін координаталарымен жазыңдар. 2) АВСД тік төртбұрышының симметрия центрі болатын Е нүктесін координаталарымен жазыңдар. 3) Бірлік кесіндіні 1 см-ге тең етіп алып, АВСД тік төртбұрышының периметрін, ауданын табыңдар.
10 Сабақты бекіту. ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 1. Қиылысатын екі түзудің ортақ неше нүктесі болады? а) 1 в)2 с) 3 д) 4 2. Бір бұрыштың қабырғаларының әрқайсысы, екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болатын екі бұрыш не деп аталады? а) жазыңқы бұрыш, в) сыбайлас бұрыш, с) Вертикаль бұрыш д) Доғал бұрыш 3. Қиылысатын түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі? а) 5 в) 9 с) 12 д) 4 4. Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу не деп аталады? а) параллель в) перпендикуляр с) сүйір д) доғал 5. Тік бұрыштың градустық өлшемі а) 80 в) 90 с) 100 д) Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу не деп аталады? а) параллель в) перпендикуляр с) сүйір д) доғал 7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі а) 150 в) 160 с) 170 д) Түзу қандай фигура? а) шектеулі в)шектеусіз с) доғал д) сүйір 9. Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық не деп аталады? а) түзу в) сәуле с) координаталық жазықтық д) вертикаль түзу 10. Егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса ондай фигуралар не деп аталады? а) Түзуге қатысты симметриялы в) Шеңберге қатысты симметриялы с) Квадратқа қатысты симметриялы д) Тік төртбұрышқа қатысты симметриялы 11. Егер О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура не деп аталады? а) Центрлік симметриялы фигура в) Бұрыштық симметриялы фигура с) Градустық симметриялы фигура д) Дұрыс жауабы жоқ. 12. Тік төрт бұрыштың неше симметрия осі бар? а) 6 в) 2 с) 5 д) 1
11 Оқушыларды бағалау Оқушының аты –жөні Тапсырмаға қойылатын бағаҚорытынды баға Үй жұмысы1-тапсырма2-тапсырма3-тапсырма4-тапсырма5-тапсырма6-тапсырма Қосымша тапсырма
12 1233 координаталық жазықтықта: 1)А(-8; 2); В (-2;2) және С (-2;-4) төбелері бойынша АВСД квадратын салыңдар. Оның D төбесін табыңдар. D төбесін координаталарымен жазыңдар. 2) ординаталар осіне қатысты АВСД квадратына симметриялы А 1 В 1 С 1 D 1 квадратын салып, оның симметриялы центрі болатын F нүктесін табыңдар. F нүктесін координаталарымен жазыңдар.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.