Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемГавриил Обресков
1 Оспанова Жұлдызай Төлешқызы
3 Экологиялық білім берудің мақсаты Экологиялық білім берудің мақсаты – жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, «адам-қоғам- табиғат» арасындағы толық үйлесімділік рухына тәрбиелеу.
4 Экологиялық білім берудің міндеттері: оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру; оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу; экология саласындағы ғылыми жетістіктерінен хабар болу ; нормативті- құқықтық құжаттарды білу.
5 Экологиялық білім берудің негізгі ұстанымдары ғылымишылық, байланыстылық, тепе- теңдік, қызығушылық, үздіксіздік, жалғастырушылық, интеграциялау, көрнекілік, қабылдаушылық және өлкелік,т.б.
6 Ғылымилық ұстанымы- негізінен, оқушыларға білім беруде фактілер, құбылыстар мен процестер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық апат жағдайларының нәтижелері ғылыми тұрғыда дәлелденген материалдар негізінде берілуі және пайдалануы тиіс. Байланыстылық ұстанымы- негізінен, табиғаттағы тірі және өлі табиғат пен орта ( топырақ, ауа, су, өсімдіктер, жануарлар) арасында тығыз байланыстың бар екенін ұғындыру. Тепе- теңдік ұстанымы- табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер арасындағы тепе- теңдіктің сақталмауы және олардағы бір құрам бөліктің өзгеруі табиғатта тепе- теңдіктің бұзылуына әкеліп соғатынын түсіндіру. Қызығушылық ұстанымы- оқушылардың бойында еліміздің қайталанбас сұлу табиғатына қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін, оның табиғи байлықтарын сүюге, аялауға тәрбиелеу.
7 Үздіксіздік ұстанымы - оқушылардың білім қорын балабақшадағы сәбилік кезінен бастап, бастауыш сынып, одан жоғары сыныптарға көтерілу деңгейлеріне үйлестіре отырып, үздіксіз дамыту. Жоғары сыныптарда экологиялық жағдайларға өз бетінше баға беретіндей деңгейде бірте- бірте жеткізу. Кіріктіру ( интеграциялау) ұстанымы - экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері мен гуманитарлық пәндерін кіріктіру арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адам деңгейінен қоғамдық деңгейге көтеру. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді үнемі жүзеге асыру. Көрнекілік ұстанымы - оқушыларға экологиялық білім беруде оқу үрдісінде көрнекі құралдар, диафильмдер, киносюжеттер, кеппешөптер, коллекциялар, бейнекөріністер, биоидикаторларды пайдалану және табиғаттағы бақылаулар ( экологилық соқпақтар) нәтижесін пайдалану.
8 Қабылдаушылық ұстанымы - негізінен, мұғалімнің экология ғылымының мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңларды қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, жатық әрі түсінікті тілмен жеткізу. Өлкелік ұстанымдары - экологиялық білім беруде тұрмыстық салт - дәстүрлерді, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескеру. Мүмкіндігінше жергілікті, аймақтық мәселелерді көтеру, оған оқушылардың араласуын, туған өлкесіне патриоттық сана - сезімін ояту.
9 11 сыныпта «Адам іс- әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері» тақырыбында сабақ өту барысында «Экологиялық тренинг» жүргіздім. Оқушыларға ( әр топқа) жыл мезгілдерінің суреттері тартылады. 1.Топ құру 2.Топқа ат беру, төсбелгі тағайындау, оны қорғау. 3.Топтар суретке ат қойып, проблема тауып, оның шешу жолдарын басқа топтарға ұсынады.
10 9- сыныпта «Антропосоциогенез, адамның қоғамдасып өмір сүру мәні»тақырыбы. 5. Бүгінгі күні адамның жер бетіндегі орны қандай? 1. Тұтынушы- потребитель 2. Жасаушы- создатель 3. Жауап беруші- ответчик 4. Жеңімпаз-победитель 5. Сақтаушы- хранитель 6. Қорғаушы- защитник Әр топқа осы сөздер таратылып беріледі де, топ мүшелері өз қалауы бойынша ретімен орналастырып қорғайды.
11 11- сыныпта оқушылардың ойлау қабілеті, тіл байлығын кеңейту, жеке тұлғаның ерекше қабілеттерін ашу мақсатында «Қызыл кітап және оның рөлі» тақырыбында сабақ өттім. Сабақ барысында Қоршаған орта Ар тазалығыАдам өміріадамгершілік Мәдениеті Жан тазалығы Қ айырымдылы қ Жеке тұлғаЭкология
12 ІІ. Білесің бе? 1.Табиғат апаты... Марал, емен,күн тұтылуы,құлан, жұт, сексеуіл, елік, су тасқыны, қарағай, сел,құйын, ақбөкен, өрт, от, барыс, үкі, бүркіт, шырша, жер сілкінісі,құрғақшылық, сұңқар, көктерек,аққу, қар көшкіні, ай тұтылуы, қайың, қарағаш. 2.Қызыл кітапқп енгізілген,сирек кездесетін жануарлар. 3.Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін құстар. 4. Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін өсімдіктер.
13 Жауап үлгісі Табиғат апаты: күн тұтылуы, жұт, су тасқыны, сел, өрт, от, жер сілкінісі, құрғақшылық, қар көшкіні, ай тұтылуы. Қзызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін жануарлар: марал, құлан, елік, ақбөкен, барыс. Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін құстар: үкі, бүркіт, сұңқар, аққу. Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін өсімдіктер: емен, сексеуіл, қарағай, шырша, көктерек, қайың, қарағаш. Оқушылар жауап үлгісімен бір-бірін тексереді. Олар тексеру, қайталау арқылы табиғат апатын, сирек кездесетін құстарды, өсімдіктерді, жануарларды естерінде сақтап қалады.
14 Сабақты бекіту жұмыстары ( ой бөлісу). «егер сіз табиғат қорғау министрі болсаңыз, онда...» «Егер сіз ақын болсаңыз, онда....» «Егер сіз суретші болсаңыз, онда...» Туған табиғатты аялап қорғау, оқушының жалпы табиғи ортаның біртұтастығын түсіне білуінен басталады. Сондықтан оқушыларды айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға баулу және табиғатты бақылай білуге, бақылау нәтижелерін талдап түсінуге, экологиялық сауаттылықты бағдарлау керек.
15 Адамзатты қоршаған орта Ауа Өсімдік Топырақ Су
16 Бұлар биосфераның жай құрам бөліктері емес, олар бір – бірімен тығыз байланысқан біртұтас ғаламшарлық жүйе. Енді біз қоршаған ортаның қазіргі заманғы нақты проблемаларына тоқталайық. Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей 4 топқа бөлеміз.
17 ЛастануХимиялық Биологиялық Физикалық Радиоактивті заттар, электромагниттік толқындар, жылу, шулар, және тербелістер Көміртек өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы Қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар Ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдар
18 Биосферадағы ластанудың кезеңі Ластаушы заттардың таралуы Ластағыштардың биомассаға енуі Ластағыш заттардың биологиялық жандануы немесе қорлануы
19 ХХІ ғасырда экология немесе қоршаған ортаны қорғау мәселесі қолға алынуда. Себебі біздің болашағымыздың кепілі дені сау ұрпақ болып табылмақ. Қазіргі таңда бұны әрбір адамзат саналы түрде түсінген. 8- сыныпта оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру мақсатында «Есту мүшесінің құрылысы мен қызметі» тақырыбында сабақ өттім.
20 Елбасымыз Н. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында және «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты республика халқына жолдауында ерекше экологиялық саясат ұстанымдарын көрсетіп, жастарға мемлекетімізді көркейту жолында Жасыл ел бағдарламасына бел шешіп кірісудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Бүгінгі сабақта алған білімімізді тәжірибемен ұштастыра отырып, туған еліміздің, жеріміздің табиғатын аялап, қорғай білуіміз керек. Шығармашылық ізденіс сабақтарының оқушылардың тіл байлығын дамытуға, ой өрісін кеңейтуге, логикалық қабілетін жетілдіруге ықпалы орасан зор.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.