Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемЭдуард Штейн
1 «Дарын» РҒПО-ның ғылыми жоба жарыстарына оқушыларды қатыстыру ережесі Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстарын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі атынан «Дарын» республикалық ғылыми –практикалық орталығы өткізеді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба жарысын өткізу ережесі Ғылыми жоба жарыстары төрт кезеңде өткізіледі: бірінші кезең -мектептік екінші кезең-облыстық екінші кезең – іріктеу кезеңі екі турда өтеді бірінші тур- жоба жұмыстарын қорғау екінші тур- бейінді пәндер бойынша тестілеу. үшінші(қорытынды) кезең – республикалық.
2 Ғылыми жоба өткізетін пәндер БағытыПәндері 1 Физикафизика 2 Техникафизика 3 Жер және космос туралы ғылымдарфизика 4 Математикаматематика 5 Қолданбалы математикаматематика 6 Информатикаинформатика және математика 7 Биолргиябиология 8 Химияхимия 9 Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау биология 10 Тарихтарих 11 Өлкетанугеография және тарих 12 Әдебиетәдебиет 13 ЭтномәдениеттануТарих және әдебиет 14 Тіл біліміқазақ тілі немесе орыс тілі
3 III Мақсаты: Оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құру және оны жүзеге асырылуын, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін қамтамасыз ету. IV Міндеттері: оқушылардың өз бетімен ғылыми жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру; оқушыларға ғылыми зерттеу материалдарын безендіруді үйрету; түрлі қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтаса жұмыс істеуге, мұрағат; кітапхана деректерімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; оқушылардың өз өлкесінің түйінді мәселелерін шеше алуға үйрету.
4 I Өзектілігі: Қазіргі кезде оқушылардың ғылыми ізденіс жұмысына деген жаңа талапты өмірдің өзі қажет етіп отыр. Бала жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін дарынды оқушыны қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалымен байланыстыра қараймыз. II Проблема: Оқушылардың өз бетімен шығармалық жұмыстармен айналысу траекториясының болмауы..
5 Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: Нені білу керек: оқушы ғылыми ізденістің өзектілігін анықтай алу қажет; ғылыми зерттеуге мақсат, міндеттер қоя білу қажет; ғылыми зерттеудің құрылымын білу керек; зерттеудің негізгі бөліміндегі зерттеу әдістерін білу қажет. Нені істей алу керек: ақпаратпен, дерекнамамен жұмыс істей алу қажет; материалды жариялай білуі қажет; мұрағат, кітапханамен жұмыс істеу дағдысы қалыптасуы қажет; ғылыми жұмысты безендіре білу қажет.
6 Жарыстарға ұсынылатын ғылыми жоба мен оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар Оқушылардың ғылыми жұмыстарына мынадай жұмыстар ұсынылады: ғылымның осы саласындағы фактілерді, құбылыстарды және жаңалықтарды, оның бұрын танылмаған жекелеген қырларын ашатын; практикалық міндеттерді шешуге жаңалық әкелетін, мектеп эксперименттерін жетілдіруге, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға ықпал ететін аппараттар, модельдер мен құралдар конструкциясын ұсынатын; әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған жобалар. Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобалар жарыстарға жіберілмейді.
7 Ғылыми зерттеудің кіріспесі. Тақырып таңдау. Тақырыптың өзгеліктігін негіздеу. Теория + практика: тақырып таңдап, өзектілігін анықтау. Таңдалған тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Теория + практика. Ғылыми жұмыстың құрылымы және жоспары. Теория + практика: ғылыми жұмыс жоспарларын құру. Зерттеудің негізгі бөлімі. Өздік жұмыс жоспарын құру, әдебиеттер мен деректер істестіру. Теория+практика. Ақпарат жинақтау және сараптау. Теория + практика. «Библиографиялық бөлімде» жұмыс істеу. (Прак. б) Ғылыми зерттеу әдістері, индукция және дедукция. Теория + практика. Модульдеу негіздері. Теория + практика. Материал мазмұнының стилі, тілі. Стиль түрлерімен танысу. Теория + практика. Жұмыс қорытындысы. Ғылыми жұмыстың практикалық маңызы.
8 Зерттеу әдістері: сауалнама, интервью, естеліктермен жұмыс. Теория+практика. Мұрағат деректерімен, фотосуреттермен жұмыс. Қалалық, аудандық мұрағаты мен мұражайында практикалық жұмыс. Ғылыми жұмысты безендіру. Ғылыми жұмыс композициясы.Титулдық бет. Теория+практика. Аннотация және сын пікір жаза білу. Кіріспе. Деректері мен әдебиеттерді анализдеу. Зерттеудің негізгі бөлімін безендіру. Тезистер құру. Теория + практика. Қорғау, презентациялау.
9 Ғылыми зерттеу жүргізу жоспары 1. Тақырып өзектілігін анықтау Әр түрлі материалдарды оқып, сұрау арқылы өз тақырыбыңызға байланысты проблеманы анықтаңыз. Ол проблеманың неге өзекті екенін негіздеңіз. 2.Сіздің таңдаған тақырыппен айналысатын және оны шешуге жауапты ұйымдармен жеке мамандарды анықтаңыз. Басқа тәуелсіз ортаның пікірін тыңдап көріңіз. 2.Ақпарат жинау. Тақырыпты анықтап алғаннан кейін сізге қажетті әртүрлі ақпарат көздерін анықтап, тізімін жасау керек. а) Кітапханадағы газет, журналдар, интернет, оқулықтар мен әдебиеттермен жұмыс жасау. ә) Жеке мамандар мен ұйымдардан, тәуелсіз тұрғындар мен достарыңыздан интервью алу. 3.Проблеманы талдау, зерттеу. 1.Жиналған материалдар бойынша талдау жасау және проблеманың шешу жолдарын қарастыру қажет. а) Басқа ұйымдар мен жеке мамандар бұл проблеманы қалай шешуде? б) Ол шешімдер қандай оңтайлы нәтижелер беруде? в) Немесе нәтижесі неге ойдағыдай болмай шықты? 2.Түрлі ұйымдар осы проблеманы шешуде қандай жоспар ұсынып отыр? Өзіңіздің жеке көзқарасыңызды білдіру арқылы баға беріңіз.
10 4. Іс-әрекет жоспарын құру. Осы проблеманы шешуге өзіңіздің жасаған жоспарыңызбен, ұсынысыңызға басқару ұйымдарының назарын аудару үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Сол іс-әрекеттердің жоспарын жасаңыз. Осы проблеманы зерттеуде жинақтаған барлық материалдар өзіңіздің зерттеу портфолиоңызды құрғанда керек болады. Портфолио-сіздің тақырыбыңыз бойынша арнайы өзіңіздің көзқарасыңызды білдіретін жинақталған материалдар құрамы. Ол сіздің тақырыбыңыздың қаншалықты терең зерттелгенін көрсетеді. Оған мынадай материалдар кіруі мүмкін: 1.Газет, журналдардың қиындылары 2.Интернет материалдары 3.Өзіңіздің пікіріңіз бен сараптамаларыңыз, жазба жұмыстарыңыз 4.Интервью материалдары мен сараптамалары 5.Мамандардың пікірлері 6.Аудио, бейне материалдар 7.Статистиканы немесе басқа мәліметтерді көрсететін кесте, сызбанұсқа, графиктер мен диаграммалар, суреттер 8.Сіздің қысқаша баяндама- ұсынысыңыз. Осы материалдар арқылы сіз мына мәселелерді көрсетуді ұмытпаңыз: 1.Осы тақырыппен жұмыс істеу барысында сіз нені үйрендіңіз? 2.Осы проблеманы шешудің альтернативті жолдары туралы не білдіңіз? 3.Осы проблеманы шешу үшін сіз қандай қоғамдық пікір тудырдыңыз? 4.Сіз айналысқан проблеманы шешудің жолдары туралы өз ұсынысыңыздың жоспарын презентациялап дайындалыңыз.
11 Ғылыми зерттеу жүргізу жоспары 1. Тақырып өзектілігін анықтау Әр түрлі материалдарды оқып, сұрау арқылы өз тақырыбыңызға байланысты проблеманы анықтаңыз. Ол проблеманың неге өзекті екенін негіздеңіз. 2.Сіздің таңдаған тақырыппен айналысатын және оны шешуге жауапты ұйымдармен жеке мамандарды анықтаңыз. Басқа тәуелсіз ортаның пікірін тыңдап көріңіз. 2.Ақпарат жинау. Тақырыпты анықтап алғаннан кейін сізге қажетті әртүрлі ақпарат көздерін анықтап, тізімін жасау керек. а) Кітапханадағы газет, журналдар, интернет, оқулуқтар мен әдебиеттермен жұмыс жасау. ә) Жеке мамандар мен ұйымдардан, тәуелсіз тұрғындар мен достарыңыздан интервью алу. 3.Проблеманы талдау, зерттеу. 1.Жиналған материалдар бойынша талдау жасау және проблеманың шешу жолдарын қарастыру қажет. а) Басқа ұйымдар мен жеке мамандар бұл проблеманы қалай шешуде? б) Ол шешімдер қандай оңтайлы нәтижелер беруде? в) Немесе нәтижесі неге ойдағыдай болмай шықты? 2.Түрлі ұйымдар осы проблеманы шешуде қандай жоспар ұсынып отыр? Өзіңіздің жеке көзқарасыңызды білдіру арқылы баға беріңіз.
12 Осы проблеманы шешуге өзіңіздің жасаған жоспарыңызбен, ұсынысыңызға басқару ұйымдарының назарын аудару үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Сол іс-әрекеттердің жоспарын жасаңыз. Портфолио-сіздің тақырыбыңыз бойынша арнайы өзіңіздің көзқарасыңызды білдіретін жинақталған материалдар құрамы. Ол сіздің тақырыбыңыздың қаншалықты терең зерттелгенін көрсетеді. Оған мынадай материалдар кіруі мүмкін: 1.Газет, журналдардың материалдары 2.Интернет материалдары 3.Өзіңіздің пікіріңіз бен сараптамаларыңыз, жазба жұмыстарыңыз 4.Интервью материалдары мен сараптамалары 5.Мамандардың пікірлері 6.Аудио, бейне материалдар 7.Статистиканы немесе басқа мәліметтерді көрсететін кесте,сызбанұсқа, графиктер мен диаграммалар, суреттер Осы материалдар арқылы сіз мына мәселелерді көрсетуді ұмытпаңыз: 1.Осы тақырыппен жұмыс істеу барысында сіз нені үйрендіңіз? 2.Осы проблеманы шешудің альтернативті жолдары туралы не білдіңіз? 3.Осы проблеманы шешу үшін сіз қандай қоғамдық пікір тудырдыңыз.
13 Ғылыми жұмысты зерттеушілердің алдында тұрған мақсат, міндеттерінің алуан түрлі болуы зерттеулердің құрылымына әсер етеді. Ғылыми жұмыстың зерттеу құрылымы: 1 кезең – фактілерді жинау, жүйеге келтіру және баяндап жазу. 2 кезең – басқа ғылымдарда кездесетін әдістер мен фактілерді талдау, сипаттама беру. 3 кезең – жиналған фактілерді алдын ала салыстырмалы талдау, ұқсастығымен айырмашылығын анықтау, болжам жасау. 4 кезең - жасалған болжамды тексеру мақсатында талдау жасау. Ғылыми жұмысты зерттеу әдістері Проблемалық әдістер: Мәселені талдау Болжам жасау Тарихи жағдайды анықтау Болуы ықтимал нәтижені алдын- ала болжау Күтілген нәтижені бақыланған құбылыспен салыстыру. Тарихи әдістер: Пайда болуы мен қалыптасуы. Дамуындағы негізгі дәстүрлер. Құрылымы және белгілі тарихи кезеңде оның өзгеруі. Мемлекет саясаты. Дамудың негізгі мәселелерімен, тенденциялары
14 Әлеуметтік әдістер: Талдау Синтез Абстракция Қорыту Индукция Дедукция. Ғылыми жұмысты зерттеудің ғылыми аппараты. Ғылыми жұмысты зерттеу практикалық әрекет жөнінде шешім қабылдау, пікір түю немесе баға беру үшін белгілі білім, ереже, анықтама негізінде ойлау процесі ретінде дәлелдеуден басталады. Дәлелдеу мынандай бөліктерден тұрады. Зерттеу тақырыбының маңыздылығы. Зерттеудің мәселесі. Мақсаты Нысаны Пәні Бастапқы концепция (Жетекші идея) Болжам Зерттеудің міндеттері
15 Зерттеудің міндеттері оның мақсатына және болжамға байланысты. Әдетте зерттеудің үш-төрт міндеті белгіленеді: құбылысты немесе процесті сипаттау /зерттеу пәні/ құбылыстың даму жайын сипаттамау мақсатқа жетудің жолын, тәсілін және оған көмектесетін жағдайларын анықтау мәселені шешудегі қиындықтарды анықтау және қателіктерді жою жолдары Зерттеудің жетекші идеясы – зерттеу әрекетінің нақты мазмұнын, нысанын және әдістерін белгілейді, алынған мәліметтер мен фактілерді түсіндіреді. Зерттеу кезеңдері – ғылыми зерттеуді жоспарлауда және ұйымдастыруда өзара байланысты болатын негізгі үш кезең ұсынылады: зерттеудің тақырыбын дәлелдеу; зерттеудің бағдарламасы; зерттеудің тәртібі; Дәлелдеуде – зерттелетін құбылыстың тақырыбы мен мәселесі анықталады, оның философиялық, әлеуметтік және психологиялық жақтары белгіленеді. Бағдарламада дәлелдеуде көрсетілген міндеттерді шешудің нақты жолдары белгіленеді [зерттеудің бүкіл бойындағы мәселені қоюдан оның ғылыми нәтижесін практикада жүзеге асыруға дейінгі жұмыстардың түрі].
16 Тәртібі – ғылыми зерттеуді орындаудың технологиясы, яғни анықтау, қалыптастыру және бақылау эксперименттерін дұрыс өткізу, қабылдау, ғылыми нәтижесін практикада қолдану. Зерттеудің нәтижесі – зерттеудің барысында зерттеуші жасауға және талдауға, қорғауға ұсынған теориялық болжамдық және практикалық ереже, қорытынды, нәтижелермен ұсыныстар. Зерттеудің нәтижесін түсіндіруде ескерілетін сипаттамалар: жаңалығы, шындығы, теориялық маңызы, практикалық мәні. Жаңалық – теориялық маңызы мен бірге проблеманы жаңа жағдайда, эксперимент пен ғылыми ізденіс кезеңдерінде сипаттайтын сандық мәліметтерді қамтиды.
17 Жоба мәтіні компютерде басылуы керек және мынадай құрылымнан тұрады: 1)титул парағы; мазмұны; қазақ немесе орыс тілдерінде абстракты (аннотация) (жобаның қай тілде дайындалғанына байланысты),сондай-ақ ағылшын тілінде жазылады; кіріспе; қорытынды; пайдаланылған әдебиеттер тізімі; 2)титул парағында мыналар көрсетіледі: Жұмыс орындалған ұйынның толық атауы, қаласы, мектебі; Автордың (біріккен автордың) тегі,аты,сыныбы; Жұмыстың атауы; Жұмыстың дайындалған бағыты,секциясы; Жетекшінің тегі,аты,әкесінің аты;[ Қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы; Жұмыстың оң жақ, сол жақ, жоғары, төменгі жақтарынан белгілі орын қалуы тиіс, Мысалы: Оң жақ – 15 мм Сол жақ – 25 мм Жоғары жақ – 25 мм Төменгі жақ – 20 мм.
18 3)абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) мыналарды қоса алғанда, жобаның қысқаша мазмұнын білдіреді: зерттеудің мақсатын; гипотезасын; кезеңдерін, зерттеудің рәсімін; эксперименттің әдістемесін; зерттеудің жаңалығын және дербестік дәрежесін; жұмыстың нәтижесін және қорытындысын; нәтижелерді практикалық қолдану салаларын; 4)кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі:зерттеу тақырыбының өзектілігін,жұмыстың мақсаты (міндеті),алға қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі; 5) жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке бөлімдерден (параграфтардан) тұруы мүмкін және мына құрылымда: Таңдап алынған жұмысты атқарудың қажеттілігіне көз жеткізу және мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін; таңдалған тақырып бойынша нәтижелерге талдама шолу жасау; алға қойылған міндеттерді шешудің әдістерін сипаттау; жұмыстың нәтижесі және оны талқылау; безендірілген материал (сызбалар,кестелер,фотосуреттер және суреттер т.б);
19 6)пайдаланылған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек,мысалы [4].Мәтінді кездесетін сілтемелерге орай нөмірлеу жүйелі болу керек; 7) қорытынды (бір беттен артық емес) негізгі жұмыстың нәтижелері (1-5) және олардың негізінде жасалған қорытындыларын (1-2), жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнінде ұсыныстарды қамтиды: 8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен мынандай тәртіпте беріледі: автордың тегі және қысқартылған аты-жөні; мақаланың және журналдың аты (журналдық мақалалар үшін); журналдың,кітаптың аты; басып шығарылған орны және баспа (кітаптар үшін); басылған жылы,шығу нөмері,беті. 9)Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сіңірген жеке еңбегі, жұмыстың кемшіліктері мен нәтижелерін әрі қарай пайдалану жөніндегі ұсыныстар сөз болған жетекшінің пікірі қоса берілуі керек.
20 ТүріҚұрылымы Баяндама Тезистер Ғылыми мақала Ғылыми есеп Реферат Ғылыми жоба -кіріспедегі қысқаша ескетпелер; -тақырыптың ғылыми-практикалық құндылығы; -негізделген ғылыми ұсыныс тақырыбының мәні; -қорытынды және ұсыныстар. -баяндаманың негізгі мазмұны; -негізгі ұсыныстар мен қорытынды. -тақырыбы; -кіріспедегі ескертпелер; -зерттеу әдістемесі жөнінде қысқаша мәлімет; -ғылыми нәтижелерге талдау және оларды қорыту; -ұсыныстар мен қорытынды; -сілтеме жасалған әдебиеттерді көрсету. -ғылыми жұмыстың біткен кезеңінің жоспары мен бағдарламасын қысқаша баяндау; -жүргізілген жұмыстың құндылығы,практика мен ғылымдағы мәні; -қолданылған әдіс-тәсілдерге нақты сипаттама; -жаңа ғылыми нәтижелерді баяндау; -шешуші мәселеге жауап беретін зерттеу нәтижелерін қорыту; -ұсыныстар мен қорытынды. -кіріспе бөлімі. -негізгі бөлім. -қорытынды бөлім. Әдебиеттер тізімі -кіріспе бөлімі; -негізгі мәтін; -эксперимент нәтижесі; -қорытынды бөлім; -әдебиеттер тізімі.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.