Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемАнна Сухонина
1 Оқушылардың ғылыми қоғамындағы география секциясының жұмыс бағдарламасы Имашева Шынаргүл Қанатқалиқызы география пәнінің I-санатты мұғалімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Атырау облысы Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылы Новобогат орта мектебі
2 Мақсаты: -Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына сыныпта, сыныптан тыс уақытта,үйде қолайлы жағдай жасау. -Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі,саналы түрде қалыптастырып отыру. -Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін,қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдану. Міндеттері: -Өз бетімен іздене алатын, шығармашылық ізденістерге шыңдай білу. -Дарындылықты ашу мақсатында қазіргі заманауи түрлі отырыстар ұйымдастыру. -Сұрақтарға толық жауап беріп, тапсырмаларды ынта қоя орындауларын қадағалау; -Географиялық мәдениеті мен білімін жетілдіруді қалыптастыру;
3 Аталған бағдарлама мен әдістемелік құрал оқушыны ғылыми- әдістемелік іс-әрекеттің негізгі әдістерімен таныстырады. Ой- өрісінің дамуына барынша ықпал етеді. Мұның өзі төмендегідей өлшем-шарттардың қалыптасуына әкеледі. -оқушыны дербес теориялық және эксперименталдық жұмысқа үйретіп, ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдерімен таныстырады; - таным тұрғысынан белсенділігін дамытуға тиімді жағдай тудырады; - ғылыми таным әдіснамасын меңгеруге ықпал етеді; - қажетті ақпартты жинақтау үшін ғылыми әдебиетпен жұмыс жасай білуге үйретеді; - реферат, баяндама жазып, көпшілік алдында сөйлей алуға дағдыландырады.
4 Түсініктеме жазба Еліміздің келешегі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде дамыту мен тәрбиелеуде,олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда,шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуде ғылыми қоғам жұмысы үлкен роль атқарады. Жалпы білім беретін мектепте оқушылар білім түрлерін оқып үйренгенмен, сол білімдерін тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана алмайды. Бұл олқылықтың орнын оқушыларды ғылыми-ізденушілік жұмысқа баулу арқылы толтыруға болады. Оқу үрдісіндегі ізденушілік бағыт оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибелік білік-дағдылар арқылы бекітуге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, алдарына нақты мақсаттар қоюға, оны орындау әдіс-тәсілдерін таңдай білуге үйретеді.
5 Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулитын, таным белсенділігін арттыратын жұмыстың бірі- оқушылармен ғылыми орталық аясында зерттеу жұмыстары болмақ. Осы бағытта « Оқушылардың ғылыми қоғамындағы география секциясының жұмыс бағдарламасын » даярладым. « Оқушылардың ғылыми қоғамындағы география секциясының жұмыс бағдарламасы » -кешенді бағдарлама. Ал оқушыларды ғылыми- зерттеу жұмысына жетелейтін мұғалім олардың жас ерекшелігіне байланысты « Оқушылардың ғылыми қоғамындағы география секциясының жұмыс бағдарламасын » атқаратын қызметтерінің әр түрлі болатындығын басты назарда ұстап, материалды соған сәйкес іріктегені жөн. Бұл авторлық жұмысымда оқушылардың ғылыми қоғамындағы география секциясында атқарылуға тиісті барлық жұмыстар қамтылды.
6 Мазмұндық бөлігі Ғылыми-зерттеу жұмысы түрлері, құрылымы. Зерттеу тақырыбы. Зерттеу мақсаты. Зерттеу міндеттері. Жұмыс өзектілігі. Жұмыс нысаны.Андаухат. Болжам. Түсініктермен жұмыс. Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізудегі әдіс-тәсілдер. Теориялық әдіс түрлері. Анализ-синтез. Жинақтау. Индукция. Аналогия. Бақылау. Өлшеу әдісі. Салыстыру. Эксперимент. Динамикалық программалау модельдеу әдісі, моделі. Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысудағы кітапханамен жұмыс. Энциклопедия, географиялық сөздіктер, анықтамалар. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу.Ғылыми-зерттеу жұмысын рәсімдеу. Жалпы талаптар. Титул, мазмұн. Жұмыстың кіріспе, зерттелу және қорытынды бөлімі. Демонстрациялық материалдар. Қабырға бұрышын (стенд) рәсімдеу. Ғылыми-зерттеу жұмысын қорғау. Зерттеу жұмыстарын қорғау түрлері. Ғылыми-зерттеу жұмысының тілдік, стильдік ерекшеліктері. Зерттеуші этикасы. Авторлық құқық. Ғылыми жобалар сайысындағы жұмыстарды қорғаудағы негізгі талаптар. Бағдарлама бойынша әр сатыға сай Тәжірибелік сағат жүргізілуі қажет екендігі ескеріліп, арнайы сағаттар бөлінді.
7 Ақпараттық-әдістемелік бөлігі. Осы секциясының жұмыс бағдарламасын меңгерген оқушылар көп нәрсені үйренеді: өздігінен ізденуге, кесте толтыру, ғылыми рефераттар жазу, түрлі хабарламалар дайындап мәліметтерді жинастыру, ақпаратпен, картамен жұмыс және де түрлі презентациялар (слайд) жасайды. Оқу барысында дәріс арқылы алған білімдері сарамандық жұмыстар мен сынақ жұмыстар (тест) арқылы толықтырылады. Дәптерге дәрістер, тезистер құрады, кесте, сызбанұсқа, ақпарат көздерінен жиналған түрлі мәліметтер, диаграммалар, сонымен қатар рефераттар дайындап, слайд жасалып, әрбір жұмысты қорытындылап, бағалау.Өздігінен шығармашылықпен айналысуға үйренеді.
8 Нормативтік бөлігі р/сСағат саны Оның ішінде Теор иял ық саға т Тәжірибелік сағат 1 Кіріспе.Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлері Зерттеудің мақсат- міндеттері 11 3 Ғылыми зерттеу жұмысымен айналысудағы библиографиямен жұмыс 11 4Нақтылаушы анықтамалықтар 11 Бағдарлама жоспары
9 1 отырыс. Ғылыми-зерттеу жұмысының түрлерімен таныстыру. Ғылыми-зерттеу жұмысы түрлерін мақсатына қарай бес негізгі топқа бөлуге болады: а) зерттеушілік; ә) ізденушілік; б) шығармашылық; в) тәжірибелік г) ақпараттық. Ал оқушы зерттеу жұмысының түрлері мазмұнына қарай үш топқа біріктіріле алады. Реферат – алынған тақырыпқа байланысты толық ақпарат жинау мақсатында бірнеше әдебиетке сүйеніп жазылған шығармашылық жұмыс. Ғылыми жоба жазуға талпындыратын жұмыс түрі; 2) Зерттеу – жеке тұлғалық позициясын белсенділендіретін және зерттеушілік икем-дағдысын дамытатын жұмыс. Жаңа нәтижеге қол жеткізуді аса қажет етпейді; 3) Жоба жұмыс – жоспарлы түрде орындалып, нақты нәтижемен таныстыратын баяндама түрі.
10 2 отырыс. Зерттеу тақырыптарының бағыттарымен, түрлерімен қатысушыларды таныстыру Зерттеу тақырыбының атауы мәселені жан-жақты көрсетуі керек. Тақырып түрлері -Фантастикалық – өмірде жоқ фантастикалық объектілер мен құбылыстар туралы тақырыптар. Бұл тақырыптар әсіресе әдебиеттану ғылымына негізделеді. -Эксперименталдық – бақылау және экспериментті қажет ететін тақырыптар. Қазіргі күні барлық ғылымдардың нысанына айналған; -Теориялық – түрлі әдебиеттерде бар факт, мәліметтермен танысу және жинақтауға арналған тақырыптар.
11 3 отырыс. Тәжірибелік сағат(зерттеу тақырыбына сәйкес) Бұл жұмыс көкейтестілігін танытатын негізгі тапсырмалардан тұрады. Әсіресе, тақырыпты таңдау мен аталымын дұрыс құрастыруға көңіл аудару. Таңдаған тақырып ұжым алдында талқыланып, қажетті өзгеріс енгізу де жұмыс құндылығын арттырады. Соңында ғылыми жетекшімен ақылдаса отырып, бекітуге ұсынылады.
12 4 отырыс. Әр жобаға қатысты нақты зерттеу мақсатын анықтау. Жоба мақсаты – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат қою арқылы бұл зерттеуді не үшін жүргіземін деген сұраққа жауап бересіз. Мақсат – бір нәрсеге (нәтижеге) жету үшін алға қойылған міндет. Әдетте, мақсат нақты бір ұғым/пайымдаумен сипатталады. Оның сөйлем құрылысында түрлі жүйеде болуы мүмкін. Бірақ екі-үш сөйлемдік құрылымнан аса қоймайды.Жоба міндеті – мақсаттан туындайды. Сондықтан да мақсатқа жетудің жолдары сатылап кете беруі мүмкін. Міндеттің көп қойылуы – негізгі мақсатқа жетудің жолы. Жұмыста бұл мәселелер саралай көрсетілуі қажет. Мұндай талап жұмыстың жүйелі жазылуына игі әсерін тигізеді.
13 Қорытынды Авторлық бағдарлама пәнді ғылыми негіздеп оқыту принципіне сүйене отырып жазылды. Секция жұмысында оқушыларды топпен, жұппен, жеке жұмыс жасату арқылы нәтижеге жетуге дейінгі аралықтағы жұмыс түрлері толықтай қамтылған. Оқушыларды ғылыми жұмысты ресімдеуден бастап, күрделі тәжірибелік, зертханалық жұмыстарға дейін жетелеудің тақырыптық, мазмұндық мәні ашылады деп ойлаймын.Менің жетекшілігіммен география секциясында орындалған жұмыстар аудандық, облыстық байқауларға қатысып, тиісті бағаланып келеді. Осы тақырыпта Атырау облыстық Өрлеу мұғалімдер біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ХАБАРШЫ журналына (1-2, 2014ж.) жарияладым. Шығармашылық тақырып ретінде аудандық педагогикалық оқуларға(2013ж.) қатысып, жүлделі ІІ орын иелендім. Оқушыларымның әр жылдардағы қорғаған жобаларын сайтында жариялап, сертификат алып отырам. Ұзақ жылдардан бергі тәжірибе нәтижесіне негізделген жұмысым оқушылардың ғылыми қоғамында секция жұмысын жүргізетін мұғалімдерге пайдалы болады деп ойлаймын.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.