Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемТимофей Круковецкий
1 Біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр – біздің заманымыздың V ғасыр аралығы
2 Ғұндар, хундар – түркі халықтарының арғы тегі. Тәңірлік дін ұстанып, түркі жазуын қолданған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Негізінен түпкі мекен – жайы қазіргі қазақ даласы. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байқал өңірінде қоныстанған. Ендеше ғұндар тікелей біздің арғы ата – бабаларымыз. Ғұндар негізінен көшпелі болғандықтан мал өсіріп, егін салған. Кен қазып, металл қорытқан, саз балшықтан түрлі бұйымдар жасаған. Ер азаматтың бәрі жауынгер саналған. Ғұндар, яғни біздің ата – бабаларымыз табиғатынан батыр, ержүрек болған. Ғұн әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Олардың қару – жарақтары – садақ, семсер, қанжар, найза, бұғалық болған.
4 Мөде – ғұндардың әйгілі билеушісі. Туған жылы бельгісіз. Мөде Ғұндардан мықты әскери жасақ құрды. Ол Қытайдын шекаралас жатқан еліне бірнеше рет шабуыл жасап, соққы берді. Хан императоры Гаоцзу Мөденің алтында бас иіп, салық төлеп тұруға міндеттенді. Онымен, тыныштық және туыстық туралы шартқа қол қойып, ғұн мемлекетінің қуатын мойындаған. Керулен мен Онон алқаптары, Тибет, Шығыс Түркістан аумақтары ғұндарға қарады. Мөде Алтай өңірін түгель өзіне қаратты. Біздің заманымыздан бұрынғы 174 жылы Моде қайтыс болады. Оның орнына баласы Лаушан отырды. Мөденің есімі түркі халықтары арасына аңыз болып тараған.
5 Аттила, Еділ (400 – 453 / 454) - әйгілі ғұн ұлысының билеушісі. Оның есімін ғұндар, кейінен түркілер Еділ деп атаған. Еділ атты (орысша Волга) алып өзен атымен байланысты қойылған. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде атаған, сондықтан ол Еуропада осы есімімен танымыл болды. Аттила патша баласы болғандықтан жас кезінен білім алған. Рим қаласында оқыған. Аттила бозбала кезінен әскер құрамында болып, шайқастарда ерлігімен көзге түскен. Кейінен Аттила дарынды қолбасшы ретінде көріне бастады. 434 – 442 жылдары Аттила мемлекет басына келгеннен бастап Ғұн ұлысын күшейе түсті. Аттила Еуропаны түгель бағындырған ғұн королі ретінде әлемге әйгілі болды. Аттила ғұндардың атағын жер жүзіне танықтан ерекше ұлы тарихи тұлға. Еуропа елдерінің өзі оның батырлығын, кемеңгерлігін мойындап, бас иген. Аттила бейнесі мүсіндельген алтын, күміс ақшалар шығарылған. Венгрияда Аттила есімімен көшелер, оқу орындары кездеседі.
6 Ғұн дәуірінің ескерткіштері – Қиыр Шығыстан Орталық Еуропаға дейінгі ұлан – байтық жерге тараған ғұндардың көне ескерткіштерінің жиынтық атауы. Біздің заманымыздың V ғасырын қамтиды. Ғұн дәуірінің археологиялық ескерткештері үш топқа бөлінді: 1. Шығыс ғұндар ескерткіштері. 2. Қазақстан, Орта Азия, Еділ, Оңтүстік Орал жеріндегі ғұндар келіп, жергілікті тайпаларға араласуы нәтежесінде пайда болған ескірткіштер. 3. Қазақстаннан Оңтүстік Орал, Еуропаға барған жаңа бірлестіктің қалдырған ескерткіштері. Сақина, сырға сияқты әшекей бұйымдар, кілем және түрлі ыдыстар ғұн тұрмысындағы биік талғам, жоғары мәдениеттің белгісіндей бізге жеткен.
8 Үйсін ордасы – қазақ жеріндегі алғашқы мемлекеттердің бірі. Біздің заманымыздың II ғасырынан V ғасырына дейін Жетісу аймағында билік құрған. Үйсін ордасы батысында Шу, Талас өзендеріне, шығысында Тәнәртауға дейін, солтүстік Балқаш көлінен Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін алып жатқан. Астанасы – Қызылқорған қаласы болған. Үйсін мемлекетінің халқы жартылай көшпелі болған. Жер өңдеп, мал бағуды кәсіп еткен. Үйсін ордасы өз вдәуіріңде қуатты мемлекет болғаны туралы ғылымда тарихи деректер мол. Үйсіннің ұлысбегі Елжау би болған. Үйсін ордасын Елжау би басқарған дәуірде халықтың тұрмысы жақсарып, ел іргесі тыныш болып, жаймашуық өмір сүрген.
9 Қаңлы мемлекеті – Орта Азиядағы ежелгі мемлекет. Бес аймаққа бөленген: Ташент көгалды орта ағысы бойы, Қазылыға дейінгі аудан, Сырдарияның төменгі ағысы және Хорезм. Қаңлы мемлекетін көшпелі, жартылай отырықшы тайпалар мекендеген. Сондықтан олардың ірілі – ұсақты қалалары болған. Тарихи деректерге қарағанда қаңлылар қабырғадасы биік дуалдан соғылған үйлерде тұрған, қаңлылардың астанасы бір деректе Битянь қаласы деп көрсетілсе тағы бір мәліметтерде Отырар (Фараб), Шаш (Ташкент) деп те көрсетілген. Қаңлы мемлекеті біздің заманымыздан бұрынғы 36 – жылы ғұндармен бірігіп Қытай басқыншыларына қарсы күрескен. Қаңлы мемлекеті – тарихтан белгілі ежелгі мемлекеттердің бірі.
11 Ғұндар әскерінің негізі атты әскерден тұрғандықтан, олар жылқы малына ерекше мән берген. Ер қанаты – ат деген қаннаты сөз бізге сол дәуірден жеткен. Ғұндар жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндар ат үсті ойындарының негізін салған. Қазақ халқының теңге алу, қыз қуу, көкпар тағы басқа ат үсті ойындары сол кезде қалыптасқан. Біздің заманымыздан бұрынғы IV – III ғасырларда салынған. Ғұндардың күшті мемлекет құрғаны оларға ұнамады. Олар ғұндарды әлсіретудің жолын іздеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 205 жылдан ғұндарды Мөде басқарды. Мөде билік еткен жылдары Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, көрші елге күйрете соққы берді. Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар осы Ұлы Қытай қорғанын салдырған.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.