Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемСаша Александров
1 13 М.Мәметова атындағы орта мектеп Материктер мен мұхиттар географиясы «А» сынып Пән мұғалімі: Жартыбаева А.
2 Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ.
3 Сабақтың мақсаты: Білімділік: Солтүстік Америка халқының саны, қалыптасу тарихы, орналасуы, нәсілдік құрамы, елдері және АҚШ жайлы білімді қалыптастыру Дамытушылық: Ірі қалалары, көрікті жерлері жайлы білімді дамыту Тәрбиелік: Табиғатты қорғау мәселелері жайлы білім беру.
4 Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, Солтүстік Американың физикалық және саяси картасы. Сабақтың типі: Аралас. Сабақтың түрі: Өздік, іздену. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2.Үй тапсырмасын сұрау 3. Жаңа сабақты түсіндіру 4. Жаңа сабақты бекіту: «Кім жылдам?» 5. Бағалау 6. Үйге тапсырма беру
5 Үй тапсырмасын сұрау: 1. Материктің орталық және оңтүстік бөлігінде табиғат зоналарының меридиан бағытта орналасу себебі не?
6 2. Бұл зонада мұз дәуірінен бері сақталып қалған қойөгіз тіршілік етеді
7 3. Бұғының айрықша түрі карибу тіршілік ететін табиғат зонасы
8 4. Негізінен биік ағаштардан тұратын бұл табиғат зонасында алып секвоя, мамонт ағашы, қантты қарағай, мәңгі жасыл емендер өседі.
9 5. Жалпақ жапырақты ормандар қайда сақталып қалған?
10 6. Ауыспалы ылғалды ормандар қай климаттық белдеуде таралған?
11 7. Прерий дегеніміз не?
12 8. Саванналар мен ылғалды мәғгі жасыл ормандар қайда тараған?
13 9. Суккулентті өсімдіктер көп таралған табиғат зонасы
14 10. Ылғалды мәңгі жасыл ормандардағы ағаштардың түрлері
15 Солтүстік Американың халқы Халқының саны – 480млн.-ға жуық. Байырғы халқы – үндістер мен эскимостар. Ең алғаш халықтар мың жыл бұрын Еуразиядан Беринг бұғазы арқылы келген.
16 Байырғы халықтары Материктің солтүстігінде үндіс тайпалары алгонкин, ирокез, атабаска, делавэр мекендеген. Олар аң аулаумен, балық аулаумен, жабайы жемістерді терумен айналысып күнелткен. Материктің оңтүстігін мекендеген үндістердің ацтек,майя тайпалары жүгері, картоп, қызанақ өсірумен айналысқан. Қолөнері мен егіншілігі, мәдениеті дамыған мемлекеттер құрған.
19 Қазіргі халқының қалыптасуы 15 ғасырда Х.Колумб материкті ашқаннан кейін Американы жаулау басталды. Үндістер құнарлы жерлерден қуылды, еуропалықтар әкелген жұқпалы аурулардан Кариб теңізіндегі аралдардың байырғы халықтары (караибтар) жойылып кетті. Қазіргі кезде 15 млн. ғана үндістер қалды.(1 пайыз) Еуропалықтар плантацияларда жұмыс істету үшін Африкадан құлдар әкеле бастады. 400 жылға созылған құл саудасы кезінде 100 млн.-ға жуық адам құл ретінде Америкаға әкелінді.
20 ҮндістерЕуропалықтарНегрлер Метистер Мулаттар Самболар
21 Қоныстануы Табиғат жағдайы қолайлы, ерте игерілуіне байланысты ұлы көлдер маңында, оңтүстік- шығысындағы ірі қалаларда өте тығыз қоныстанған. Табиғат жағдайы қолайсыз солтүстік аудандарда, таулы жерлерде сирек қоныстанған.
22 Солтүстік Американың саяси картасы, ондағы мемлекеттер
23 Елдері Материктегі елдер: АҚШ Канада Мексика Гватемала Белиз Сальвадор Гондурас Никарагуа Коста-Рика Панама Аралдардағы елдер: Куба Гаити Бермуд аралдары Багам аралдары Доминикан Республикасы Ямаика Пуэрто-Рико т.б.
24 Америка Құрама Штаты
25 роррррррит Ауданы: 9млн. 363мың км 2 Халқы 309 млн. адам 3-орында Ресми тілі: ағылшын Ақша бірлігі: доллар Астанасы: Вашингтон Әкімшілік құлылымы: Федератифті республика 50 штаттан тұрады.
26 Табиғаты АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.
27 Шаруашылығы Отын- энергетика Металлургия Тоқыма, тігін Электр техникасы Авиация Машина жасау Химия өнеркәсібі Атом өнеркәсібі Ауыл шаруаш ылығы
28 АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. Шаруашылығының жетекші саласы - машина жасауөнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады.Детройт қаласы – елдің «автомобиль астанасы». Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады. Транспорттың барлық түрі қарқынды дамыған.
29 АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған. Ел астық, сүт, ет, құс өнімдерін өндіруден дүние жүзінде бірінші орын алады. АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. Әлемдегі экономикасы аса жоғары дамыған елге жатады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т.б.).
30 Халқы 309 млн. жуық дүние жүзінде үшінші орында. Байырғы халқы 1 пайыз шамасында. 19-ғасырдың басынан бері Жер шарының 70-ке тарта елінен 55 млн. жуық адам осында қоныс аударған. Америкалықтар 200 жылдан астам тарихы бар АҚШ мемлекетінің мүддесін әрдайым жоғары ұстайды. Оларды жастайынан мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Халықтың 3/4 бөлігі қалада тұрады, жалпы саны 9000-дай қала бар.
31 Вашингтон – астанасы (601 мың адам)
32 Чикаго – жолаушы тасымалдауда бірінші орында(2,714млн.адам)
33 Нью-Йорк – ең ірі қаласы, БҰҰ-ның Бас Кеңсесі орналасқан(8,336млн.ад.)
35 Лос-Анджелес – ғарыштық техника мен электроника орталығы(3,792млн.ад.)
36 Табиғатты қорғау мәселелері Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы жедел дамуы, халық санының артуы табиғи ортаға үлкен нұқсан келтіруде. Сондықтан АҚШ табиғптты қорғау мақсатында дүние жүзінде алғаш рет 1872ж Йеллоустон Ұлттық паркін ұйымдастырды. Бүгінгі таңда АҚШ жерінде 50-ден аса ұлттық парк бар.
37 Йеллоустон ұлттық саябағы дүние жүзіндегі ең алғашқы ұйымдастырылған ұлттық саябақ (1872). Аумағы 9 мың км 2. Йеллоустон ұттық саябағының жері қалың қылқан жапырақты орман болып келеді. Оның территориясында сазбалшықты жанартаулар, ыстық қайнарлар, көлдер және 3 мыңнан астам гейзерлер кездеседі. Олардың ішіндегі ең ірісі – «Алып» гейзері, ол атқылаған кезде ыстық су 91 м-ге дейін, ал «Олд-Фейтфул» гейзерінің суы – 50 м биіктікке дейін көтеріледі.
38 Колорадо каньондары
39 Жер шарындағы ең үлкен және белгілі Үлкен Каньон АҚШ- тағы Колорадо өзенінде (ұзындығы 320 км-ден астам, тереңдігі 1800 м-ге дейін) орналасқан.
41 Ниагара су құламасы, Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен ағып өтетін Ниагара өзенінің орта ағысында. Эри мен Онтарио көлдерінің қысқа аралығында Ниагара өзені 100 метрге жуық биіктіктен төмен қарай құлап ағады. Судың гүрілі 25 км жерге дейін жетеді. Туризм дамыған. [1] [1]
42 Голливу́д – Колифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласының орталығынан солтүстік-батысқа қарай орналасқан аудан. [1] [1] Негізінен Голливудты америка киноөндірісімен байланыстырады. Себебі бұл жерде неше түрлі киностудиялар бар және көптеген танымал киноактерлер тұрады. Голливудте әлемге әйгілі «Даңқ саяжолы» – Голливуд бульвары мен Вайн- стриттегі танымал адамдардың есімі жазылған 2600 жұлдызды тротуар бар. Көптеген актерлер осы жерге келіп, әлемге танымал болған.
43 IV. Бекіту. 1. «Кім жылдам?» Мінездемелік сұрақтар:
44 1. Солтүстік Америка халқының саны
45 2. Байырғы халықтары
46 3. Ацтек, майя тайпалары қандай шаруашылықпен айналысқан?
47 4. Атабаска, делавэр тайпалары материктің қай бөлігінде мекендеген?
48 5. Кариб теңізіндегі аралдардағы жойылып кеткен байырғы халықтары
49 6. Материкте қалған үндістердің саны
50 7. Үндіс деген атау кімнің тарихи қатесі?
51 8. Орталық және Оңтүстік Америка материгінің халқы қандай тілде сөйлейді?
52 9. АҚШ халқын ұлттық және нәсілдік айырмашылығына қарамастан жалпы атпен қалай атайды?
53 10. Солтүстік Америкадағы аралас нәсілдерді атаңдар
54 2. Постер құрастыру 1-топ АҚШ өнеркәсібі 1-топ АҚШ өнеркәсібі 2-топ АҚШ-тың ауыл шаруашылығы 2-топ АҚШ-тың ауыл шаруашылығы 3-топ Туризм дамыған, табиғаты әсем жерлері 3-топ Туризм дамыған, табиғаты әсем жерлері
55 3. Картамен жұмыс 1-топ Материктің халық өте жиі қоныстанған оңт.-шығ. қалалары 1-топ Материктің халық өте жиі қоныстанған оңт.-шығ. қалалары 2-топ АҚШ-тың географиялық орнының экономикасын дамытудағы ролі 2-топ АҚШ-тың географиялық орнының экономикасын дамытудағы ролі 3-топ Нью-Йорк, Лос- Анджелес, Детройт қалаларының географиялық координаталары 3-топ Нью-Йорк, Лос- Анджелес, Детройт қалаларының географиялық координаталары
56 4. Проблемалық сұрақтар 1-топ АҚШ экономикасының жедел қарқынмен дамуына не себеп болды? 1-топ АҚШ экономикасының жедел қарқынмен дамуына не себеп болды? 2-топ Қара нәсілділердің ұзақ уақыт бойы кемсітушілікке ұшырауына не себеп болды? 2-топ Қара нәсілділердің ұзақ уақыт бойы кемсітушілікке ұшырауына не себеп болды? 3-топ Материктің халқының құрамына еуропалықтард ың отарлауы қалай әсер етті? 3-топ Материктің халқының құрамына еуропалықтард ың отарлауы қалай әсер етті?
57 АҚШ-тың көп бөлігі мына климаттық белдеуде Автомобиль шығарады АҚШ-тағы ірі өзенЛос-Анджелес Шаруашылығындағы ең жетекші салаМиссисипи 125 қаласындаСиэтл «Автомобильдер астанасы»Машина жасау Ғарыштық техника мен электроника орталығы Қоңыржай, субтропиктік «Боинг» ұшағы жасаладыДетройт Жолаушы тасымалдауда бірінші орындаНью-Йорк АҚШ халқының 1 пайызын құрайдыЧикаго БҰҰ-ның Бас пәтері орналасқан.Байырғы халықтары 5. Сәйкестендіру
58 БілгенімҮйренгенім келеді
59 Бағалау Үйге тапсырма: Солтүстік Америка халқы, елдері.АҚШ Саяси картадан елдердің астаналарын жаттау. АҚШ жайлы қосымша мәлімет оқып келу.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.