Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемJadyra Uzakhbaeva
1 Тақырыбы: Батыс Қазақстан этнографиясы. Дайындаған: тарих-301 топ студенті Узахбаева Жадыра.
2 Жоспары: 1. Батыс Қазақстан этнографиясының зерттелуі. 2. Батыс Қазақстан тұрғындарының отбасы және отбасылық қарым – қатнастары. 3. Батыс Қазақстан аймағы қазақтарының бала туу және оны өсіруге байланысты әдет-ғұрыптары.
3 Батыс Қазақстан аймағы. Солтүстік Оңтүстік Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы. Маңғыстау, Атырау облыстары.
4 1724 жылы 1 Петр бұйрығы бойынша Петербург Ғылым академиясы құрылды. Қазақстан этнографиясының ғылыми зерттелуі осы академияның құрылуынан басталады. Ресей академиясының құрылуы Кіші жүз қазақтарының Ресейге бодан болып қосылу кезеңіне сай келді. Қазақ даласын этнографиялық тұрғыда зерттеу үшін құрылған ғылыми экспедициялармен қоса, патша өкіметінің отарлық саяси мақсатына сай әскери экспедициялар мен ресми елшіліктер-де ұйымдастырылды. Олар өздерінің негізгі мақсатын орындай жүріп, қазақ өміріне байланысты көптеген құнды этнографиялық деректер жинады. Батыс Қазақстан этнографиясының зерттелуі.
5 1.Кіші жүз қазақтарын Ресейге қосып бағындыруға көп еңбек сіңірген М.Тевкелевтің елшілігі Батыс Қазақстан этнографиясына зор үлес қосты жылы сенаттың обер-секретары И.К.Кирилов (1689–1737) ұйымдастырған, Орынбор экспедициясын 1737 жылдан бастап басқарған орыстың көрнекті тарихшы-ғалымы және мемлекет қайраткері В. Н. Татищев (1686–1750ж.ж.) өз қызметінің алғашқы жылдарынан бастап қазақ өмірін тікелей зерттеуге кірісті. Кіші жүз және Орта жүз хандары мен сұлтандарына тікелей кездесіп, олармен ауызба ауыз сөйлесіп, этнографиялық мағлұматтар жинады. Олар «Ресей тарихы» атты көлемді зерттеуіне енді. 3. Этноархеолог ғалым С.Е.Әжіғалидің еңбектерінде Батыс Қазақстан қазақтарынаның жерлеу әдет-ғұрыптары, олардың шығу тегі, Арал-Каспий өңіріндегі жерлеу архитектурасы негізінде дүниетанымдық негізі қарастырылады. 4. Маңғыстау қазақтарының әдет ғұрыптарының, соның ішінде отбасылық ғұрыптарының ерекшелігі т.ғ.д. Ү.Қыдыралиннің еңбектеріде жарық көрді.
6 Батыс Қазақстан тұрғындарының отбасы және отбасылық қарым – қатнастары. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында Батыс Қазақстанда кіші жеке отбасы басым болды,бірақ патриархалдық үлкен жанұяның көптеген қалдықтары сақталды: әке үкімі, мұрагерлік, туыстық көмек, көп әйел алу т.б сияқты.
7 Зерттеулер Маңғыстау және Атырау облысының қазақтарының неке нормаларының, экзогамия қағидаларының және некелік тыйымдардың ұқсас екендігін көрсетеді. Бұл топпен некелік нормалардағы ұқсастықтар Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысының тұрғындарының ғұрыптық нормаларында да байқалады, бірақ соңғыларында экзогамия белгілі бір дәрежеде жойылған деп есептеуге болады. Жалпы,аталған аймақта қара шаңырақты қадірлеу ата-баба аруағын қадірлеумен байланысты шыққан және өте әріден келе жатқан дәстүр. Қазіргі күнде қара шаңырақты қадірлеу тіпті күшейген, өйткені ол ыдырап бара жатқан қара шаңырақты сақтап қалуға бағытталып, ерекше идеологиялық мәнге ие болған.
8 Батыс қазақтарының өмірінде көбінесе некелесетін жастары: ұлдарға 16-18, қыздарға – жас. Дегенмен, регион халықтарында бұл мәселеде де аздаған болса да айырмашылық бар. Кей өңірлері отырықшы-егінші Ақтөбемен, ислам дінінің әсері күштірек Маңғыстау облысында қыз баланың тұрмыс құратын жасы төмендеу болды. Көпшілік деректер бойынша бұл халықтарда қыздың тұрмыс құратын жасы – жас
9 Құдалық. Қазақстанның басқа өңірлері сияқты Батыс Қазақстан аймағында да келін түсіруді құдалық арқылы іске асырған. Құдалыққа әдетте үйленетін жігіттің ең жақын адамдары барған.Сонымен қатар, Маңғыстау мен Атырау облыстарының қазақтарында құдалардың құрамына міндетті түрде жігіттің нағашысы жағынан бір адам барған. Жалпы нағашысының жиенін үйлендіруге белсене қатысуы бәріне де тән ғұрып.Олар қызды барынша алыстау жерден алады. ( экзогамиялық неке )
11 Қазақстанның басқа аймақтары сияқты Батыс Қазақстанда да той мәзіріне дайындыққа байланысты туысқандарды жинап кеңес құратын болған. Бұл дәстүрдің ең бір күшті сақталған аймақ Маңғыстау облысы. Бұл күні күйеу жігіттің әкесінің үйінде туыстарға және қыстақтың ер адамдарына қонақ асы берілетін болған. Туыстардың әрқайсысының беретін көмегі қағазға тізімделіп анықталатын болған. Көмекке бәр туыстар қатысуы міндет болған. Әсіресе бұл салт адай қазақтарының арасында қатты сақталған. Туыстық жақындығы жеті атаға толмай қыз алыспау тәртібі қалыптасқан.
16 Қарастырып отырған регион қазақтарының отбасылық әдет-ғұрыптарындағы құда түсу, қалыңмал, қыз ұзату, келін түсіру тойлары, ондағы рәсімдер өзінің структуралық жағынан өте ұқсас, мәндік-семантикалық тұрғысынан да жакын. Баланың дүниеге келіп, тәрбиеленіп өсуіне байланысты әдет-салттар, жоралар негізінен халықтардың баланың аз-көптігіне деген ұстанымы, ұл-қызға деген қатынасы,шілде ғұрып- ырымдары, қырқынан шығару, баланың әрі қарай өсуіне байланысты ырым-жоралғылар да аталған аймақта негізгі құрамдас бөлігі жағынан біркелкі.
17 1.Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. Алматы: «Мектеп» баспасы, Интернет материалдары.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.