Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемАлия Болатова
1 Қабылдаған : Сагинбаев Қ. Орындаған : Болатова А. ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK - KAZAK UNIVERSITESI
2 Хронобиология негіздері ; Оралымды процестер ; Хронобиология ; Ырғақтың жіктелуі ; Хрономедицина ; Уақытты түйсіну. Жоспар :
3 Жанды дүниенің барлығында мерзімдік және ырғақты тербелістер байқалады. Қалыпты жағдайда бұл тербелістер әрдайым анық бір мөлшерде нақтылы деңгейдің айналасында өзгеріп, белгілі уақытта оған қайта оралады. Физиологиялық құбылыстар тербелісінің ырғақты ( мерзімдік ) қасиеті болады. Бізді қоршаған әлемнің ырғағы - Жердің өз өзін және Күнді айналып өтетін уақытына, тәуліктің жарық пен қараңғы мезгілдерінің алмасуына, жыл маусымдарының кезектесуіне байланысты Хронобиология негіздері
4 Биологиялық жүйелерде тіршіліктің барлық деңгейінде кездесетін оралымды құылыстар біртұтас организмнің бірлестірілген әрекеті ретінде байқалады. Оралымды процестер жанды жүйелер құрылысының барлық деңгейінде жүзеге асырылады. Мұның қатарына биохимиялық әсерленістің тербелістері, зат пен энергия алмасуы жатады. Организмдік деңгей гомеостаз бен гомеокинезді меңгерумен сипатталады. Организмнен жоғары деңгей ортаның ырғақты маусымдық және күндік оралымының өзгерістерін және популяция құбылыстарының ( иммунитет, індет, әлеуметтік ) тербелістерін қамтиды. Оралымды процестер
5 Қазіргі кезде биологиялық тербелістерді зерттейтін ғылым саласын хронобиология немесе биоритмология деп атайды. Оның мақсаты - физиологиялық әрекеттердің ырғақты өзгерістердің, олардың реттелу ерекшеліктерін, организмнің бейімделу әсерленісіне маңызын, ауытқулы процестерге қатынасын зерттеу. Сонымен қатар ол тәуліктік, айлық және жылдық биологиялық оралымдарға сәйкес организмнің уытты заттарға, дәрі - дәрмекке сезімталдығының өзгеруін анықтайды. Хронобиологияның бірнеше салаларын жіктейді : хронофизиология, хронофармокология, хрономедицина т. б. Олар биологиялық ырғақтарға байланысты арнамалы өзгерістерді тексереді Хронобиология
6 Организм мен ортаның өзара қатынасына байланысты екі түрлі тербелісті қозғалысты бөледі. Біріншісі, сыртқы ортаның оқтын - оқтын болатын өзгерістеріне организмді икемдейтін, тербеліс кезеңдері геофизикалық оралымдарға жуық, бейімдейтін ырғақтар немесе биоырғақтар. Екіншісі, физиологиялық немесе жұмыскер ырғақтар, яғни олар организмнің тіршіліктік жүйелерінің іс - әрекетін көрсететін тербелістер. Ырғақты сипаттау үшін бірнеше қатар көрсеткіштерді : деңгей ( мезор ), кезең ( период ), шайқалым ( амплитуда ) және кез ( фаза ) қолданылады. Ырғақтың жіктелуі
7 1-жо ғ ары жиілігі бар ыр ғ а қ тар 2-орталы қ жиіліктегі ыр ғ а қ тар 3- мезоыр ғ а қ тар 4- макроыр ғ а қ та р 5- мегаыр ғ а қ тар Биологиялық ырғақтардың жіктелуі Биологиялық ырғақтар 5 класқа жіктеледі :
8 1- жоғары жиілігі бар ырғақтар, тербеліс кезеңі 30 минутқа дейін созылады ( молекулалық деңгейдегі тербелістер, ЭЭГ, ЭКГ, тыныс, ішектің қозғалыстары ); 2- орталық жиіліктегі ырғақтар, ол 30 мин мен 28 сағ арасы (20 сағ дейінгі ультрадиандық : қан, несеп құрамының тербелістері, сөлініс әрекеттері сағ циркадалық : ұйқы - сергектік оралымы, температура, қан қысымы, клетканың бөліну жиілігі ); 3- мезоырғақтар ( инфрарадиандық 28 сағ -6 күн ; циркасепталдық 7 күнге жуық ) ырғақтар организмнің барлық әрекетінің өзгерістері ; 4- макроырғақтар кезеңдері 20 күн -1 жыл ( эндокриндік және зат алмасуы әсерленістері ); 5- мегаырғақтар, әсері баяу, кезеңдері ондаған немесе бірнеше ондаған жылдарға созылады
11 Егер лайықтаушы агент ырғағының көрсеткіштері кейбір себептерден өзгеретін болса, онда лайықтаушы құрылымдардың мерзімдік ырғағы қайта қалыптасады. Олар шамал кешігіп барып, жаңа жиілікке немесе кезге ауысады. Мұны ұзаққа созу мерзімі деп атайды. Ал енді лайықтаушы әсер басқа лайықтаушыға алмаспаған күнде әрбір организмде жеке, еркін ағымды ырғақ пайда болады. Бұл ырғақ организмді оқшаулағанда туатын экстремальдық жағдайларға жауап ретінде шығады. Мұндай байқаулар адамдар ұзақ уақыт үңгірлерде немесе арнайы камераларда болғанда да анықталады. Оны зерттеу үшін ұйқы - сергектік оралымы пайдаланылады. Еркін ағымды ырғақтар
12 o Адамның дене температурасы, қан қысымы және гормондар мөлшері көтерілгенде, жұмыскерлік қабілеті жоғарылайды. Олардың әрбір адамның өзіне тән мезгілі байқалады. Осыған орай адамдарды o таңертеңгілік ( бозторғайлар ), o күндізгілік ( кептерлер ) o кешкілік ( жапалақтар ) деп үш түрге бөлінеді Тәуліктік ырғақтар
13 Т ә уліктік ыр ғ а қ тар «Бозтор ғ айлар» ә детте ерте оянады,белсенді іс- ә рекетке тез қ осылады,дене температурасыны ң акрофазасы ал ғ аш қ ы са ғ аттар ғ а ауысады. «Жапала қ тар» кеш жатып,кеш оянады,іске баяу қ осылады,температуралы қ ыр ғ а ғ ыны ң е ң жо ғ ар ғ ы шамасы кешкі са ғ аттар ғ а ы ғ ысады. «Кептерлер» аралы қ типке жатады,7-8са ғ ұ йы қ та ғ анды, қ алыпты к ү н режимін са қ та ғ анды ұ натады.
14 Жүрек - тамыр жүйесі тұрақты тәуліктік ырғақпен жұмыс істейді. Жүректің жиырылу жиілігі ересектерде сағ 16:00 мезгілінде ең жоғарғы шамасына жетеді, ал 4-6 сағ кезінде төмендейді, орташа тәуліктік тербеліс айырмашылығы мин - на рет. Қан қысымының жоғары көрсеткіші сағ, ең аз мөлшері сағ дейін. Мұнда қан қысымының 12 сағаттық көрсеткіші кездеседі. Басқа физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерден тыныс жиілігі, ЭЭГ белсенділігі, нейтрофильдердің саны, адреналин мен норадреналин,K,Ca,Mg иондарының несептегі мөлшерінің акрофазасы сағ 9-12 арасында болады. Альбумин мен глобулиннің мөлшері, эритропиттің тұну жылдамдығы, дене t, зерде, адамның психикалық күйі ең жоғары деңгейіне сағ те жетеді. Ағзадағы сағаттық ырғақтар
16 Адамның жеке басының ырғақты көрсеткіштерін тексеру, олардың тектік шығу себептері мен ерекшеліктерін анықтаудың ғылыми және қолданбалы маңызы зор. Ырғақ түзуші әлеуметтік жағдайлар физиологиялық әрекеттерге тікелей немесе адамның мінез құлығы арқылы әсер етеді. Егер әдеттенген еңбек пен тынығу дағдылары өзгерсе, ұзаққа созылған ішкі десинхронизация туады. Жаңа уақытқа, тамақтану, ұйқы ырғақтары 2 тәуліктен кейін үйренеді. Физиологиялық басқа әрекеттер күнде қалыптасады, ал гормондық жүйе 2-3 айдан соң орнына келеді. Жылжытылған режимде ырғақты тексергенде оған бұлшықет жүктемесі әсер ететіндігі анықталды, әсіресе гипокинезия және гиподинамия Әлеуметтік ырғақтар
18 Тербеліс кезеңдері бір жылға жуық ( циркануальдық ) физиологиялық әрекеттерді маусымдық ырғақтар деп санайды. Бұл әрекеттер организмді жылдың әр түрлі маусымындағы сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне нақтылы икемдеп отырады. Жылдың әр түрлі маусымдарында өзгеріп отыратын көрсеткіштеріне температура мен тамақтың құрамы жатады. Энергия шығыны жылдық суық және жылы мерзімінде тағамды әр түрлі мөлшерде қабылдаудан туады. Иммунитеттің көптеген көрсеткіштері анық маусымдық тербелістерімен сипатталады. Иммундық жүйенің бейарнамалы көрсеткіштерінің ( комплемент, лизоцим, гемаглютинин, гемолизинд ер ) белсенділігі қыста жоғарылайды, ал жазда төмендейді. Күзде және қыста Т - және В - лимфоциттер саны көбейеді. Иммундық жүйенің оралымдық өзгерістерінің қалыптасу механизмдері эндокриндік көрсеткіштердің тербеліс ырғағына байланысты. Маусымдық ырғақтар
20 Организмнің физиологиялық жүйелерінің ырғағын ( денсаулық, жұмысқа қабілеттілік, сыртқы орта әсерлеріне төзімділік ) хрономедицина саласы зерттейді. Ол жұмыскер ырғақтармен ( ЭКГ, тыныс, ЭЭГ ) қатар іс жүзінде организмнің барлық әрекетін қамтитын және геофизикалық оралымдарға сәйкес келетін биологиялық немесе бейімдейтін ырғақтарды да тексереді Хрономедицина
21 Хронофармокология Дәрі - дәрмектердің уақытқа байланысты организмге әсерін, емдік нәтижесін, кинетикасын, нысана ағзаның сезімталдығын және дәрілердің биоырғақтары ықпалын тексереді. Одан кейін хронотерапия мерзімді процестерді ескере отырып емдеу шараларын қолданады. Әдетте адамның негізгі ағзаларының әрекеттік белсенділігінің аумалы жағдайларын жасқа және жынысқа байланысты бөлуге болады. Еркектерде бауыр, көкбауыр және асқазанның қызметі үш рет 5-6,10 және 18 жаста, ал әйелдерде тек 7-8 жаста әлсірейді. Жүректің аумалы жері ұлдардың 10 жасында, ал қыздарда 7 жасында байқалады.
22 Адам табиғи құбылыстарды, оқиғаларды түйсінуімен қатар, олардың уақыттық қатынасын, мерзімін, ырғағын, дәйектілігін, жылдамдығын, алмасу шапшаңдығын бағдарлай алады. Адамның уақыт түйсігінің екі негізгі бағытын : орналасуын және өлшеуін ажыратады. Уақытты түйсіну механизмін алғашқы анықтаған И. М. Сеченов. Ол уақытты түйсіну бұлшықет сезімі арқылы болатындығын ашты. И. П. Павловтың айтуынша, уақыттық түйсіктің негізін құрайтын ми қыртысы іс әрекетінде оның маңдай аймағының мәні зор. Қозғалыс талдағышының орналасымы бүлінгенде де уақытты түйсіну бұзылады. Адамның көңіл күйінің жабығуы кезінде сек 1 мин тай болып көрінеді, ал эйфория ( желігу ) кезінде сек бөлігі сек болып сезіледі. Орталық жүйке жүйесін тежейтін фармокологиялық заттар уақытты дұрыс бағаламаушылықты тудырады. Ал қоздыратын заттар ( алкоголь, кофеин ) қолданғанда уақыт мерзімін асыра бағалау п. б. Уақытты түйсіну
23 Сәтбаева Х. Қ., Нілдібаева Ж. Б., Өтепбергенова Ә. А. « Адам физиологиясы » Алматы « Білім » 1995 ж. Пайдаланылған әдебиеттер :
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.