Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемKanagat Dosmagambetov
1 Конституция – ұлттар татулығының кепілі
2 « Қазақ халқының ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекетіміздің тұтастық қабілетін сақтау мүмкін емес » Нұрсұлтан Назарбаев
3 . Саяси тұрақтылық пен ішкі тыныштықты сақтап, барша қазақстандықтарды тәртіп пен бірлікке шақыруды мақсат тұтқан Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл, міне, 20 жыл толды Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған Басты құжатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы.
4 1995 жылы 16 ақпанда Елбасы Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесуінде, ұлтаралық келісімді нығайту үшін өзге мемлекеттерде жоқ қоғамдық институт Ассамблея құруды ұсынған болатын.
5 Ассамблеяның негізгі мақсаты Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамды Мемлекет Басшысының бейбітшілік пен келісім саясаты аясында шоғырландыру
6 Ассамблеяның негізгі міндеттері 1.Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған барлық іс-шаралардың үйлестіруін, қоғамдық-саяси және ұйымдастыру-әдістемелік бірлігін қамтамасыз ету 2.Тәуелсіздікке, мемлекеттілікке, жоғары патриотизмге негізделген азаматтық және ұлттық құндылықтардың ортақ жүйесін қалыптастыру 3.қоғамдық санада негізге алынатын бірлік, бейбітшілік, қоғамдық келісім, тұрақтылық, экономикалық даму секілді принциптерді нығайту
7 Заң ғылымдарының кандидаты Орманова Ш.Ш. Қазақстан Республикасының Конституциясы этносаралық тұрақтылықтың және ұлттық бірліктің негізі атты мақаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне талдау жасай отырып, ондағы этникалық тұрақтылықты қалыптастыруға және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған нормаларға баға беру үшін оларды мазмұндық сипаты бойынша төмендегідей үш топқа бөліп қарастыруды ұсынады:
8 Біріншіден, мемлекеттің ұлттық бірлік сипатын айқындайтын ережелер; Екіншіден, этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ұлттық бірліктің дамуына ықпал етуші ережелер; Үшіншіден, Конституциямыздағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ережелердің маңызды бөлігін ұлттық бірлікті қорғаушы ережелер.
9 Және ғалым әр ережеге Конституцияның бабынан мысал келтіріп отырады. Мысалы: Екінші ережеге талдау жасаған кезде төмендегі баптарды келтіреді: - мемлекеттік тілдің қазақ тілі болып бекітілуі және мемлекеттің Қазақстанда өмір сүруші өзге де этникалық топтардың тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай жасауға кепілдік беруі (7-бап); - «Әркімнің қай ұлтқа … қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету көрсетпеуге» құқығының (19- бап, 1-тармақ); - «Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға қарым-қатынас тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға» құқығының танылуы (19-бап, 2- тармақ) еліміздегі этникалық тепе-теңдікке конституциялық кепілі болып табылады.
10 Қорытындылай келгенде, Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері елімізде қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда демократиялық әдістерді, еріктілік, теңдік әділдік принциптерін қолдануға және адам құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтауға әрі қорғауға негізделген деген тұжырымға келеміз. Демек, Конституция еліміздегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлттар татулығының кепілі болып табылады.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.