Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемТатьяна Мымликова
1 Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы Орындаған: Совет А.Ә. Тобы: 101 МІК Қабылдаған :Қонысова Қ.С. Биохимия, биология және микробиология кафедрасы Тақырыбы: Инфекциялық иммунология негіздері. Иммунитет түрлері және формалары. Организмнің бейспецификалық қорғаныш факторлары. Антигендер, антиденелер туралы түсініктер.
2 . Жоспар І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім 1.Иммунология 2.Иммунитет. Иммунитет түрлері 3.Организмнің бейспецификалық қорғаныш факторлары. 4.Антигендер, антиденелер туралы түсініктер. ІІІ.Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
3 Кіріспе Иммунология осы заманғы биологияның ең жедел дамып келе жатқан саласы. Иммунологияның жетістіктері молекулалық биология, генетика, биохимия, биофизика, мал және егін шаруашылықтарының барлық салаларына, медицина мен ветеринарияға игіліктi ықпал етіп отыр. Тарихи тұрғыдан иммунология инфекциялық патологияның негізінде қалыптасты. Сондықтан ескі немесе классикалық иммунологияны инфекциялық; иммунология деп атайды. Ал енді молекулалық биология, генетика, трансплантологиямен байланысты иммунологияны инфекциялық емес, немесе жаңа иммунология деп атап жүр. Бұл ғылымды осылайша жіктеу тым жасанды. Негізінде иммунология - ортақ мақсаты мен өзіндік әдістері (методикалары) бар бipтұтac ғылым. Оның серология, аллергология, иммуно¬химия, иммуногенетика, өсімдіктер иммунитеті, жануарлар иммунитеті т.б. салалары бар. Сол сияқты медициналық және ветеринариялық иммунология қалыптасты. Ветеринариялық иммунология барлық ветеринариялық ғылымдармен тығыз байланысты.
4 II.Негізгі бөлім 1.Иммунология Иммунология (иммунитет және грек. logos – ілім) – организмнің әртүрлі антигендерге (организмге түскен жат текті агенттер) молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы. Иммунология организмнің қорғаныш қабілетін және онда пайда болатын иммунитетті зерттейді. Иммуналогия медицина, ветеринария, биология, т. б. көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Иммунологияның дамуына 18 ғасырдың аяғында медицина мен биологияда ашылған жаңалықтар үлкен ықпал етті.
5 Иммунологияның зерттейтін нысаны – организмнің иммундық жүйесіне өзіндік немесе өзіндік емес әсер етіп, оның қызметін күшейтетін немесе әлсірететін жат заттар – антигендер; иммунды компотентті органдар (сүйек кемігі, қалқанша без, көк бауыр, лимфа бездері, шырышты қабаттардың лимфоидты аппараты); жасушалар (лимфоциттер, макрофагтар, фибриобласттар, т. б.) мен олар бөліп шығаратын молекулалар (иммунды- глобулиндер, медиаторлар, комплементтер, цитокиндер, т. б.) сондай-ақ молекулалардың қатысуымен болатын құбылыстар мен патологиялық жағдайлар (жүре пайда болатын иммунитет, аутоиммунды аурулар, иммундық тапшылықтар, трансплантациялық иммунитет, иммунологиялық төзімділік) болып табылады. Иммунологияның зерттейтін нысаны – организмнің иммундық жүйесіне өзіндік немесе өзіндік емес әсер етіп, оның қызметін күшейтетін немесе әлсірететін жат заттар – антигендер; иммунды компотентті органдар (сүйек кемігі, қалқанша без, көк бауыр, лимфа бездері, шырышты қабаттардың лимфоидты аппараты); жасушалар (лимфоциттер, макрофагтар, фибриобласттар, т. б.) мен олар бөліп шығаратын молекулалар (иммунды- глобулиндер, медиаторлар, комплементтер, цитокиндер, т. б.) сондай-ақ молекулалардың қатысуымен болатын құбылыстар мен патологиялық жағдайлар (жүре пайда болатын иммунитет, аутоиммунды аурулар, иммундық тапшылықтар, трансплантациялық иммунитет, иммунологиялық төзімділік) болып табылады.
6 Иммунологияның мақсаты: қалыпты және патологиялық жағдайларда иммундық жүйе қызметінің жалпы заңдылықтарын, нақты аурулардың (әсіресе, жұқпалы індеттердің) пайда болуында, дамуында және оны емдеуде иммундық жүйенің атқаратын рөлін анықтау, диагноз қою, емдеу және алдын ала сақтану үшін Иммунологиялық тәсілдерді қолдану және оларды жетілдіру Иммунология медициналық, биология, ауылы шаруашылығы жоғары оқу орындарында негізгі пән ретінде оқытылады жылдан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қабылдаған арнайы Иммунология бағдарламасы орындалуда.
7 . 2.Иммунитет. Иммунитет түрлері Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап шығу, арылу, құтылу) Биологияда – оранизмнің антигендік қасиеттері бар жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды, жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар бөліп шығаратын кейбір улы заттарды қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен механизмі бойынша әрқилы болып келетін жалпы жоғары сатыдағы организмдерге (адамдар, жануарлар, өсімдіктер) ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Иммунитет кезінде организмде аса күрделі биологиялық процестер жүріп, организмнің қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып, бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.
8 Иммунитет құбылысын жан- жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И.Мечников, т.б. зерттеуші- ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1987 жылы неміс ғалымы П.Эрлих (1854 – 1915) алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін (кескінін), яғни бүйірлі тізбек теориясын ұсынды..
9 Ал 1959 жылы австралиялық ғалым Ф.Бернет (1899 – 1985) және даниялық ғалым Н.Кай Ерне (1911 жылы туған) иммунитеттің клондық- сұрыпталу (арнайы антидененің түзілуі) теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды. Иммунитет – өсімдіктер арасында да ауруға қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиет. Өсімдіктер иммунитеті туралы ғылымның негізін салған Н.И. Вавилов.
10 . Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады
11 Адам мен жануарлар организмінде жасанды иммунитет туғызуға болады. Оны – иммунитеттеу деп атайды. Ол да белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді иммунитеттеу антигендерде – вакцина препараттарын (тірі микроорганизмдерден алынған) егу (теріге жағу, тері астына, ет арасына, мұрынға, ауызға тамызу) арқылы туғызылады. Иммунитет күші, қасиеті иммунитет туғызған вакциналық препараттың мөлшеріне, сапасына, дайындық мерзіміне байланысты болады. Енжар иммунитеттеуде қан не қан сары суына қосылған арнайы препараттарды тері астына, ет арасына егеді. Бұлар дайын антиденелер болады. Енжар иммунитеттеу бір айға ғана созылады. Сондықтан қызылша, күл, сіреспе,, т.б. ауруларға гангрена, тұмау арналған иммунитеттеуді қайталап егеді.
12 . Табиғи белсенді иммунитетке ежелден табиғи жолмен қалыптасқан иммунитеттің мынандай түрлері жатады: белсенді жолмен қалыптасатын аурудан соңғы иммунитет және иммундеуші субинфек¬ция. Жануарлар жұқпалы аурумен ауырып жазылғаннан кейін ауруға бейімділігі төмендейді немесе қайтадан мүлде ауырмайды. Бұл пайда болған иммунитеттің ішіндегі ең мықты түpi. Ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде арылып иммунитет қалыптасса, мұндай иммутетті cmepuлdi иммунитет деп атайды. Егерде аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші болып қалатын болса, мұндай жағдайда қалыптасқан иммунитет стерилсіз иммунитет деп аталған. Француз ғалымы Сержант микроб сақталған жагдайда ғана болатын стерилсіз иммунитет премунция деп атады.
13 Иммунологиялық толеранттылық (французша tolerance - шыдамдылық) - арнайы бip антигенге (толерогенге) иммундік жауап болмайтын ерекше иммунологиялық құбылыс. Организмнің өз антигендеріне шыдамдылығы болады да, қалыпты жағдайда оларға қарсы жауап бермейді. Толеранттылықтың механизмін организмде тиісті лимфоциттердің клонының болмауымен немесе олардың тежелуімен түсіндіреді. Толеранттылықты қалыптастырудың бірнеше әдістері белгілі. Оның ең ceнімдici - антиге организмге дамуының эмбриональдық сатысында енгізу. Keйбip жануарлар түрлерінде толеранттылықты қалыптастыру қабілеті туғаннан кейін де бipaз уақытқа созылады. Бұл кезең туғаннан соң тышқан, тауық және күркетауықта 1-2 күнге, ит пен егеуқұйрықта 2-5 күнге созылады, ал қой мен қоянда туғанға дейін аяқталады. Бұл уақытты адоптивтік кезең деп атайды. Адоптивтік кезең шартты ұғым, оған толерогеннің ерекшелігі мен дозасы әсер етеді.
14 3. Организмнің бейспецификалық қорғаныш факторлары Механикалық факторлар. Тері мен шырышты қабат организмге микроорганизмдер мен басқа антигендердің енуіне механикалық кедергі жасайды. Антигендер организмге аурулар мен тері жарақаты кезінде, ал кейбір жағдайларда жасуша арасына ене отыры қалыпты тері мен шырышты қабат арқылы немесе жасуша эителиі арқылы түсуі мүмкін. Физико-химиялық факторлар. Антимикробты қасиетке терінің тер және май бездері бөлетін сірке, сүт, құмырсқа және басқа қышқылдар, асқазан сөлінің тұз қышқылы, сондай-ақ организмнің сұйықтықтары мен тіндерінде кездесетін протолетиалық және басқа ферментер ие. Бұл пролетикалық ферментті 1909 жылы П.Л.Лащенко ашты және 1922 жылы А.Флеминг бөліп алды, оны мурамидаза деп атады. Иммундыбиологиялық факторлар. Эволюция прцесінде организмге түскен бөтен заттар мен бөлшектерді жоюға бағытталған бейспецификалық тұрақтылықтың гуморалды және жасушалық факторларының жинағы құрастырылды.
15 4.Антиденелер және антигендер туралы түсінік Антиденелер немесе қарсыденелер- адам мен жануарлар организміне енген жат бөгде ірі молекулалы протеиндік заттарға (антигендерге) қарсы иммундық реакциялар нәтижесінде түзіліп, олардың зиянды әсерлерін жоятын протеиндік заттар (негізінен гамма- глобулиндер); адам және жылықанды жануарлар денесінде пайда болған антигендерге қарсы қан плазмасында түзілетін ақуыздық заттар. Антиденелер ағза иммунитетін күшейтуде маңызы үлкен. Антиденелер немесе қарсыденелер- адам мен жануарлар организміне енген жат бөгде ірі молекулалы протеиндік заттарға (антигендерге) қарсы иммундық реакциялар нәтижесінде түзіліп, олардың зиянды әсерлерін жоятын протеиндік заттар (негізінен гамма- глобулиндер); адам және жылықанды жануарлар денесінде пайда болған антигендерге қарсы қан плазмасында түзілетін ақуыздық заттар. Антиденелер ағза иммунитетін күшейтуде маңызы үлкен.
16 Антигендер (antigen; көне грекше: anti карсы; көне грекше: genesis шығу тегі) - организмге әртүрлі жолдармен енген және оган қарсы жүретін иммундық реакциялар нәтижесінде адам мен жануарлар денелерінде қарсыденелер (антиденелер) түзілетін, табиғаты организмге жат ірі молекулалы протеиндік заттар және полисахаридтер; қанға еніп, ерекше антиденелерді қалыптастыруға қабілеті бар полисахаридті немесе ақуызды заттар. Антигендер гендеp жағынан ерекше бөлек немесе олардың жасанды түрлері. Организмде арнайы иммундық (антидене, немесе әсерленген лимфоцит клеткаларын жасау) жауап туғыза алады. Антигендік қасиет барлық тірі организмдердің макромолекулаларынабелоктарға, полисахаридтерге, карбогидраттарға, липополисахаридтерге (табиғи антигендер) және бір қатар күрделі жасанды полимерлерге (жасанды антигендер) тән.
17 Қорытынды Иммунитет - организмнің iшкi ортасының тұрақтылығын бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микробтардан қорғау қабілеті. Ол үш түрлі жүйенің (конституциялық, фагоцитарлық, лимфоидтық) қызметімен қамтамасыз етеді. Конституциялық иммунитет абсолютты, тұқым қуалайды. Ол таксондар, түр iшiндeгi және индивидуумның иммунитеті деп үш түрге бөлінеді. Фагоцитарлық иммунитет фагоцит жасушалар негізінде макрофагтық жүйеден тұрады. Иммунитеттің лимфоидтық жүйесі лимфоидты ағзаларда пайда болып, қызмет атқаратын лимфоциттер арқылы телімді иммунологиялық икемділікті қамтамасыз етеді.. Ол антидене түзу, жедел және баяу типті сезімталдық, иммунологиялық жады, толеранттылық, идиотип- антиидиотиптік қатынас арқылы icкe асырылады.
18 Пайдаланылған әдебиеттер 1. Сайдолдаұлы Т. « Індеттану» Алматы,1993ж. ( б). 2.Сайдулдин Т. «Ветеринариялық індеттану» Алматы, І999ж.( б). 3.Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары» Алматы 1992ж.( б). 4.Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., «Ағылшынша- қазақша- орысша ветеринария сөздігі» Алматы 2005ж. (245 б). 5.Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік- санитариялық шаралар» Алматы 2005ж. (255 б). 6.Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік- санитариялық шаралар». Алматы, 2005 (149 б).
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.