Төтенше жағдайда адамдарды топтармен жүргізу Абыржу түсінігі Адамдардың біліктілігін жүргізу Қалыптасу түсінігін жүргізу Төтенше жағдайларда психологиялық.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс.
Advertisements

Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары аз қимылдау, мөлшерден тыс тамақ ішу, спиртті сусындарды ішу, темекі тарту жүрек іс әрекетін нашарлатады, ал бұл.
Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсерінің биоримге анық әсер көрсетуі. Хронофармакология туралы түсінік. Қазақстан-Ресей медицина университеті Тексерген: Орында.
– Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? – Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен.
Қылмыс пен жаза Орындаған: Жыргалбекқызы Анара 3 курс ЮП
Қабылдаған:м.ғ.к,доцент м.а. Бисимбаева С.Б Тобы:304 ФК А студенті Орындаған:Жолдасова Д.М Шымкент 2015 жыл Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика.
1 Кіріспе. Дәріс 1. Күшті әсерлесу – бірнеше фемтометр арақашықтықтағы адрондар арасындағы пайда болатын әсерлесу; дербес жағдайда атом ядросы арасындағы.
« Астана медициналық университеті» АҚ Медициналық психология және коммуникативтік машықтар кафедрасы Тақырыбы : Эмоция Орындаған: Ілес Назерке 114 Ом Қабылдаған:
Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ, облыстық наркологиялық орталығы МКҚК дәрігер психологы Бала мен жасөспiрiмдегi есірткіге тәуелділік белгілері. Психологиялық аспект.
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік адамзат.
Фирма және кәсіпкерлік теориясы Кәсіпкерліктің әлеуметтік- экономикалық мәні және оның сипаттық белгілері.
Күн – Күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Күн – спектрлік класы G2V, абсолют жұлдыздық шамасы +4,83 болатын сары ергежейлі жұлдыз. Ол.
Клиникаға кіріспе Тема: Күйік, үсу, электр жарақаттарын анықтау және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек Орындаған: Қартанбаев Б.Б к группа Алматы 2015.
Мұғалім туралы мәлімет. Аты-жөні Шотабаева Нұржамал Тұрсынбайқызы. Мектебі: С.Сейфуллин Туған жылы ж. Білімі: Жоғары Пед.өтілі: 20 жыл Бітірген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев (18 ақпан 2005 жыл). Қазақстан халқына жолдауында Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен.
148 қазақ орта мектебі. Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік.
Тақырыбы: Өсімдіктер,ормандар,жануар ларды қорғау Орындаған:Оразғали А Султанова Н.
Дайындаған:Ерболатова.А. 2 д-(Информатика-111). Тексерген: Байжуманова.Л.Т.
Ғалымдардың пікірінше, адамның саусағына қарап оның сезім мәселесіне келгенде қандай адам екенін айтуға болады екен. Психолог және әлеуметтанушы мамандар.
Транксрипт:

Төтенше жағдайда адамдарды топтармен жүргізу Абыржу түсінігі Адамдардың біліктілігін жүргізу Қалыптасу түсінігін жүргізу Төтенше жағдайларда психологиялық аспектілер

Төтенше жағдай деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады. Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады

Жер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек. Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады.

Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады. Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн.

Абыржу адамның қарапайым сезімдерінін жағымсыз бір түрі. Бүл түрлі үрейге бірден сене кететін, ерік-жігері осал, өзінің жан дүниесін дұрыс басқара алмайтын, білімі де, өмір тәжірибесі де кемшіл адам. Мұңдайлардың жүйке қызметі де баяу, көбінде тежелуінен қозуы басым келетін индивид

Адамзат күнделікті көптеген табиғи қауіп– қатермен кездесуде.Жер шарында жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны, 100 мыңнан аса жер сілкінісі, көптеген өрттер мен опырмалар, вулкан атқылауы және тропикалық циклондар болып тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша соңғы 20 жылда стихиялық апат пен катастрофаның арқасында 3 млн артық адамдар қаза болған. Сол себепті төтенше жағдайдың алдын алу, оның әсерін жою қазіргі уақыттың актуальді проблемалары болып табылады.Төтенше жағдай бола қалған жағдайда адамдарды құтқарудағы білікті қимыл жасау, оларға керек көмек көрсету және апат ошағында құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіншілік жасайды.

Адамның жұмыстық қызметі экологиялық тепе-теңдікті бұзуға, аномальдік табиғи және техногендік жағдайларға, стихиялық және көптеген адам мен материялдық шығынға әкелуде. Төтенше жағдайдың болуына негізінен ішкі және сыртқы әсерлер ықпал етеді. Ішкі әсерге технологияның күрделілігі арнайы мамандардың аздығы, жобалау кезіндегі кемшіліктер еңбек және технологиялық тәртіптің төмендігі жатса, сыртқы әсерге кенеттен элекрэнергиясының газдың, технологиялық өнімнің немесе шикізаттың токтауы, сондай- ақ соғыс пен терроризим жатады. Төтенше жағдай келесі жағдайларда болуы мүмкін: 1. қаупі бар көздің барлығы (жарылысқа арналған және радиоактивті заттар); 2. апат ошағында адам мен жануардың қалып қоюы.

Авария - бұл машиналар, технологиялық процестердің және т.б. өндірістік орындарда болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке, улы заттарды ауаға немесе суға тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл оқиғалардың әсері өте үлкен және адам шығыны көп емес. Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше түрге бөлінеді: 1) экологиялық катастрофа; 2) өндірістік немесе көліктік катастрофа; 3) техногендік катастрофа.

Экологиялық катастрофа дегеніміз өмір сүру ортасына төтенше жағымсыз өзгеріс тудыратын үлкен өндірістік, транспорттық және стихиялық апаттар. Ол флора мен фаунаға, жерге,атмосфераға сонымен жалпы табиғатқа зиянын тигізетін құбылыс. Техногендік катастрофа - кенеттен механикалық, химиялық, радиациялық тағы с.с. энергиялардың тасталуы, адам және материялдық шығындарға алып келіп соғатын үлкен апаттардың әсерінен болатын апат түрі. Стихиялық апат- бұл қауіпті катастрофаға алып келетін геофизикалық, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық тағы сол сияқты процестер мен құбылыстардан тұратын апат. Бұл жағдай адамның өмір тіршілігін кенеттен өзгертіп материалдық ресурстарды бұзуға және құртуға әсер жасайды

Төтенше жағдайға тап болған адамның одан аман-есен шығуы сирек. Кейбіреулер өмірмен мәңгілікке қоштасады, кейбіреулер ауыр жарақат алады және мертігеді, ал кейбіреулері бірінші көргенде білінбейтін бірақ ауруы асқынып, тез жазыла қоймайтын дертке шалдығады. Ол адамзаттың психикасы мен санасының жарақаттануы. Бұл адам неғұлым қорқынышты жағдайды басынан өткізсе, солғұрлым күрделі бола түседі. Төтенше жағдайдың алғашқы минутінде адамды сан алуан түрлі үрей билейді. Үрей - бұл адамдардың биологиялық және әлеуметтік аман- саулығына қауіп төнгенде пайда болатын эмоция, уайым.

Өміріне қауіп төнгенде тұлғаның психикасына әсер ететін ауыртпашылықтың әр адамда өз диапозоны және жұмыс істеуге қабілеттілік шегі бар. Қауіптің бірінші белгілері біліне бастағанда, алдымен адам абыржиды, не болып жатқанын түсінбейді. Осы қысқа мерзімде психикасы қалыпты адамда белсенділіктің жоғарылауын байқауға болады: қозғалысы ширақ, үнемді, бұлшық еттің күші артады, бұлар қауіпсіз жерге ауыстыруға мүмкіндік тудырады. Үрейдің күрделі түрде пайда болуында, мынандай психикалық жағдайлар орын алады: тағатсыздану, сіресіп қалу, сананың бұлыңғыр күйі, бұларда ең айқын көрінетіні адамның қозғалысының бұзылуы. Сасқалақтап, абыржушылық. Мұндай жағдайда адамның қашып кеткісі келіп тұрады. Мұндай кезде мақсатсыз, жөн- жосықсыз ары-бері жүру, көптеген орынсыз қозғалыстар байқалады, олар дұрыс шешім қабылдап және қауіпсіз орынға көшіруге кедергі жасайды. Кей кезде байбалам салып қашу көрініс береді. Айналадағылардың ұстамдылығы төмендеп, уақыт өтпей жатқан сияқты сезім пайда болады.

Тағатсыздану, әбігерлену симптомы: бозарады, жүрек қағысы жиілейді, ентігіп дем алады, терлейді, қолы дірілдейді, сөйлеу қабілеті бұзылады, оның қарқыны жылдам болады және мүдіреді т.б. Сирек те болса, сіресіп қалу кездеседі. Оның болу себебі бұлшық етінің тырысып тартылуы, бірден қан айналымының нашарлауы және осыған байланысты қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы.

Сіресіп қалу симптомы: сыртқы реакция-мелшиіп қалу, жалпы қимылсыздық, не болмаса есінен тану. Адам қоршаған ортаны сезбейді, "кішірейіп" кеткісі келіп, бір орында тұрып қалады, эмбриональды қалыпта тұрып, жүресінен отырады да, басын қолымен жауып алады. Үзік-үзік екпінсіз сөйлейді. Есте сақтау қабілетінің бұзылғаны байқалады. Сананың көмескіленуі (аффект): адамның миына қан келу бұзылады, қыртыстар клеткасына қажетті ауа жетпейді, есте сақтау қабілетін жоғалтады, оның іс-әрекеті қорқыныштың басталған кезіне қарағанда мақсатсыз, мағынасыз, санаға симайтындай болады. Мұндай жағдайдағы адамдарды ойлауға қабілетсіз және істеген ісіне жауап бермейді деп санайды.

Көмескі жағдайдың симптомы: сырттан қарағанда ессіздік ұстама сияқты, жөнге келмейтін агрессия. Адамның бет әлпеті сұстанып, тұрпаты қорқыныш тудыратын кейіпте, аяғы ыңырсуға айналып кететін айқай. Мәнсіз, бей-берекет қозғалыс, ары-бері жүгіріс, кей кезде қауіпті жаққа қарай жүгіру. Әдетте, дүрбелеңнің индукаторы, айқын қозғалатын қабілеті бар, айқайлаудың гипноздық күші бар, өзінің іс-әрекетіне сенімсіздікпен қарайтын адамдар. Төтенше жағдайларда осындай адамдар өзінің соңынан топты ертіп кетіп, бассыздықтың себепшісі болып, адамдардың өзіне-өзі және өзгелерге көмектесу мүмкіншілігінен айырып, мінез-құлықтың қалыпты нормасын сақтауға кедергі жасайды. Иланғыштық қасиеті жоғары, долы, өзімшілдігімен, ызақорлығымен ерекшеленетін тұлғалар дүрбелең салғыш болып келеді.