Шоқанның Қашқарияға саперы
Алтышаһар немсе Қашқария туралы. Қашқария-үш жағы бірдей биік тау жоталарымен қоршалған, төртінші-шығыс жағы Гоби даласымен ұласып жатқан құмды сахара. Шекаралық тау жоталарының ішінде жол қатынасына қолайлысы Тянь- Шань. Бұл тау арқылы үш жол өтеді. Таудан талой өзен ағып шығады.Осы өзендер болмаса, бұл құлазыған құнарсыз жерлер адам мекені бола алмаз еді. Қытайдан Қашқарияға келетін жалғыз-ақ жол бар. Ол бір жақсы өңделген жол және оның бойындағы елсіз жерлерде почта тазу міндетін атқаруға тиісті қашқарлықтар мекендейді. Ауа райы жақсы, жергілікті адамдарға оның таза ауасы қандай жақса, шетелдіктерге де сендай жағады. Қысы ұзақ болмайды, қары көп жатпайды. Өлкенің минералдық байлықтары аз зерттелген, әйтсе де алтын және мыс кендері бар екенін аңғартқандай белгілер кездеседі. Бұл елде жүзім, мақта, астық және бақша өсімдіктері егіледі. «Алтышаһар» халқының саны анықтау мүмкін емс.Қытайлардың қала деп санап жүрген ең үлкен қыстақтарының өзінде халық саны өте аз. Қашқар округының ең үлкен қыстақтары Файзабад пен Ханрықта небәрі 2 мыңға жуық үй бар. Қашқарлықтар мейірбан әрі бауырмал, жарқын мінезді, еңбекқор және мейлінше сыпайыгер халық.
Тапсырмалар: Қашқария мен сол кездегі Қазақстанды салыстыр Осы сапарға бернарда Шоқанның алдында қандай қиындықтар балды ? Қашқария саперы несімен құнды?