"Күншығыс елінің" құпиясы: жапон этикасы Орындаған: РД-22к тобының студенті Смаил А.Б.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Ғалымдардың пікірінше, адамның саусағына қарап оның сезім мәселесіне келгенде қандай адам екенін айтуға болады екен. Психолог және әлеуметтанушы мамандар.
Advertisements

Даналық сөздер қоржыны Құ растырушы: Қ айырова К. Ө. – 32 МГ бастауыш класс ж ә не « Ө зін- ө зі тану» п ә ніні ң м ұғ алімі.
– Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? – Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен.
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Мектебі: 202 орта мектебі (10 сыныпқа арналған практикалық сабақ) Мұғалім: Азаматова Ботакөз Бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.
Кешірімділік - көңіл кеңдігі Н.Жұмансейтова. Мақсаты: кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға кешірммен,
Есімдік- заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі. А.Ысқақов.
Сабақтың тақырыбы Жасөспірім және қылмыс. Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларының өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуіне дайын болуы, іс-
Менің болашақ - мамандығым. - Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай: Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы.
Тақырыбы:Мұсылман майрамдары және салт-жоралары мен ұйғарымдары. Сабақтың білімдік мақсаты: Мұсылман мейрамдары және салт- жоралары мен ұйғарымдары туралы.
К ө шбасшылық ұғымы. 1. Дұрыс ж ә не тиімді басқару үшін «к ө шбасшылық» ұғымына анықтама беріп, оның қасиеттері мен машықтарын атау. 2. Ө з к ө шбасшылық.
АРИСТОТЕЛЬ Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі Орындаған: Досмухамбетов Р Муратбаев Т.
Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ, облыстық наркологиялық орталығы МКҚК дәрігер психологы Бала мен жасөспiрiмдегi есірткіге тәуелділік белгілері. Психологиялық аспект.
Қалжа мен шілдехана тойы «Бір баланың дүниеге келуі тек сол бала туған отбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл аймақтың ортақ қуанышы. Әсіресе ұл баланың.
Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде.
Кіші жастағылар 5-7 сыныптар (10-12 жас) Қимыл-қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа.
Адамгершілікке тәрбиелеу – педагогикадағы ең күрделі мәселелердің бірі екендігін айқындау.
Ө мірбаяны Орта ғ асырларда ғ ы қ аза қ поэзиясыны ң к ө рнекті ө кілі Шалкиіз Тіленші ұ лы 1465 жылы Жайы қ ты ң шы ғ ыс бетінде д ү ниеге келген. Шалкиіз.
« Қыз туғанға ай туады » (Аналарға арналған тренинг) Мақсаты: -Жанұядағы қыз тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі,қыз баланы сыйлау, құрметтеу, инабатылыққа,
« Қыз туғанға ай туады » (Аналарға арналған тренинг) Мақсаты: -Жанұядағы қыз тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі,қыз баланы сыйлау, құрметтеу, инабатылыққа,
Транксрипт:

"Күншығыс елінің" құпиясы: жапон этикасы Орындаған: РД-22к тобының студенті Смаил А.Б

Жапондардың ас үстінде неліктен шалпылдайтыны, әйелдерге есік ашып, алдымен өткізіп жібермейтіні шетелдіктерге әлі күнге жұмбақ. Бұл - жұмбағы мол Жапония. Фудзи тауы мен сушидің, құлтемірлер мен дәстүр-ғұрыптың елінде қиын әрі күрмеуі мол мәдениет сақталған. Жапон этикасы - қиын әрі күрдерлі "ғылым", оның түп тамыры Конфуциандықта, Синтоизмда, жапон қоғамының бүгінгі ирархиялық қатал жүйесінде жатыр. Жапондар үнемі өздерін сыпайы әрі байсалды ұстауға тырысады. Еуропалықтардың өз мәдениеттеріне бірден үйренісіп кетуінің қиын екендігін жете түсінгендіктен, олар туристердің тосыннан танытқан мінез-құлқына ақ адал көңілмен, сыпайы сықақпен жауап беріп әдеттенген. Өзге жұрт өкілдері жапон мәдениетін үйреніп жатса, олар үшін бұл зор мәртебе.

Сәлеметсіз бе?! Сәлемдесу - жапон мәдениетінің айнасы іспетті. Көбіне иілумен көрініс тауып жатады (ол жайлы төменде), қолданыста айтылатын сөздері де бар: Охаё годзаймасу – қайырлы таң. Коннитива – қайырлы түн. Комбанва – қайырлы кеш. Хисасибури дэсу – көп болды көріспегелі. Сонымен бірге, «Оссу», «Яххо!», «Оой!» (ерлер ортасында) бейресми нұсқалары да қолданыла береді.

Құрмет көрсету реті: Доитасимаситэ – алғыс айтуға татымайды. Котиракосо – сізге рақмет. Оцукарэ сама – тамаша жұмыс. Бұйымтай Көмек сұрау үшін «онэгаи» немесе «кудасаи» деп айту қажет. Дегенмен, Жапонияда әдетте көмек сұрай бермейді (тек қиын сәттерде болмаса). Сондықтан, қол ұшын беруден бас тарту – бұл елде дөрекілік емес, керісінше, сый-құрметтің белгісі саналады. Әлгі жан бірнеше мәрте көмектесуге дайын екендігін білдірсе ғана, қолдауды қабыл алуға болады екен.

Кешірім сұрау Әдетте кешірім былай сұралады - «Гомэн насай» немесе «Сумимасэн». Соңғысы сөзбе-сөз аудармасында "маған кешірім жоқ" деген мағынаны береді. Жапондар бұл сөзді жиі қолданып, ең ақыры, жайсыздық тигізген сөз иесіне сол арқылы сый- құрметін білдіруге тырысады. Жапондар үшін сөз екінші орында, екінші мәнге ие. Көпшілігі (егер барлығы болмаса) ым-ишара тілінде жеткізуге әдеттенген. Жапондармен тілдесуде басты қағида - жеке кеңістікті бұзуға жол жоқ. Ет-жақын туыс емес жандармен әңгімеде арақашықтықты ұстап тұруыңыз тиіс. Арқадан қағып, құшаққа алып жатуға болмайды. Қысқасы, өзгенің жеке меншігіне аттап басуға тыйым салынады.

Тағзым Сәлемдесу, алғыс айту, кешірім сұрау, құрметтеу - осының бәрін жапондар тағзым арқылы жеткізіп жатады. Тағзым (ojigi) - жапон мәдениетінің алынбас бір бөлшегі. Тіпті, осы күні де телефонмен қоңырау шалып, бір-біріне тағзым ететін кездері де болып тұрады (әрине, ойға алмастан). Ең бастысы, дұрыс тағзым - тәрбиеліліктің көрінісі.

Сыйлықтар Қонаққа құр қол баруға болмайды. Сыйлықтар - жапон мәдениетінің маңызды бөлігі. Сыйлықтар мереке қарсаңында, айтулы күндері, сый-құрмет белгісі ретінде беріліп тұрады. Сыйлық берудің өз кәдесі, шарттары бар. Тіпті, қолданыста «Дзото» термині сақталған - сыйлықтарды табыстау өнері. Сыйлықтарды табыстаудың алтын қағидалары: Сыйлық міндетті түрде оралған болуы тиіс. Сыйлықты (кісіден кісіге берілетін зат секілді) қос қолмен алған және берген дұрыс. Сыйлықты бірден ашуға болмайды (әуестік пен іштарлыққа ұласады). Сыйлық ұғынықты әрі жиын-тойға сай берілуі қажет (көбіне ақша түрінде).

Дастарханға отырарда Тамақ алдында Тамақтану алдында (классикалық қағидаларға сәйкес) қол мен бетті тазалау үшін ылғалды ыстық сүлгі беріледі – «осибори». Бірақ, көпшілік қарапайым мейрамханаларда осибори болмауы да мүмкін. Қай жерде болмасын, бірақ, сіз тамаққа кіріспес алдында «Итадакимас» (Itadakimasu – «Мен алғыспен ауқатты қабыл аламын») деп айтуыңыз қажет. Бұл "ас болсынның" орнына. Таяқшалар Хаси - тамақтануға арнайы таяқшалар. Хасиоки - астауша. Таяқшаны дұрыс ұстай білу - адамның жоғары мәдениеттілігінің көрсеткіші. Хаси ұстауда өзіндік ережелер тағы бар... Тост көтеру «Kanpai!» – жапондар сакэні көтеріп тұрып, қағыстырған сәтте осылай айтады. Аудармада "түбіне дейін іш!" деген мағынаны береді. Дей тұра, түбіне дейін ішудің қауіпті екенін айтпасқа болмайды. Сіздікі босап қалса, құйып отырған пысық жан қайтара тағы толтырып құюға тырысады.

Іскерлік қарым-қатынас Жапондар кәсіпкерліктің маңыздылығын жетік білетін жандар. Жапондық серіктестердің сеніміне кіріп, құрметіне ие болу үшін халықаралық іскерлік әдебінің бірнеше басты қағидаларын біліп жүргеніңіз дұрыс. Кешігу Жапондар ешқашан кешікпейді. Жапонды күттіріп қою, демек, сыйламағаныңыз. Кешігіп барғаннан гөрі, дұрысы, ерте барып алған жөн. Жоқ! Жапондық кәсіпкерден бірден бас тартуды естісеңіз – бұл, әрине, «нонсенс» болар еді. Есіңізде болсын, жапондар еш уақытта "Жоқ" деп айтпайды. Қойылған шарттар қолайларына жақпаса да, олар бастарын шұлғып, жалтармалы жауап беруге тырысады («Біз ойланамыз», "Бұл қиын", т.б.) Мұндайда мінез-құлық танытудың тума өнері - «тиммоку» (жапондық үндемеу өнері) қолданылады - адамды бас тартып ренжіткенше, дұрысы, үнсіз қалған ләзім. Егер келісім жапонның толық ойынан шығып жатса, сіз нығыз әрі қысқа ғана "иә" деген жауапты естисіз.

Жапон мәдениеті - жұмбағы мол мәдениет. Келтіре алғанымыз - айсбергтің су бетіне шығып жатқан бір бөлігі ғана.