Педагогикалық үдеріс: біртұтастығы, құрылымы және негізгі құрамдас бөліктері
МАҚСАТЫ Білім беру үдерісінде ұстаз бен шәкірттің өзара әрекеттестігін жүйелуге көмектесу.
МІНДЕТТЕРІ 1.Мұғалім беделін әлеуметтік ортада айшықтау; 2.Заманауи технологиялармен жұмыс жасауға машықтандыру; 3.Ұстаз бен шәкірттің өзара әрекеттерін қоршаған ортамен байланыстыру.
Оқыту, үйрету, тәрбиелеу жеке-жеке біртұтастықты сақтап, жалпы осылар бірігіп біртұтастықты құрайды. Мұны біз біртұтастық педагогикалық үдеріс дейміз.
Педагогикалық үдерістің бөліктері: 1.Бірінші- арнайы дайындығы, білімі бар ұстаз, педагогикалық үдерісті жүргізетін маман. 2.Екінші бөлік- шәкірт. Объект және субъект ретінде қаралады. 3.Үшінші бөлік- педагогикалық үдерістің мазмұны. Ол адамның әлеуметтік қарым-қатынасынан туындайды. 4.Төртінші бөлік- педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және басқару компоненті.
Ұстаз- шәкірт- оқушылардың еңбек ұжымы- оқуы- отбасы- әлеуметтік орта= педагогикалық үдеріс нәтижесі