АӨК салаларының құрамы, олардың құрылымы: технологиялық, территориялық, әлеуметтік, дамуды болжау мен жоспарлау ерекшелікері
Аграрлық-өнеркәсіптік кешен - іс-әрекеті өзара тікелей немесе жанама байланысты, халықтың азық-түлік қажеттіктерін қанағаттаңдыруға бағытталған салалардың (кәсіпорындардың) жиынтығы. Азық және ауыл шаруашылық шикізатынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағында экономиканың ерекше сферасы қалыптасады. Ол аграрлық-өнеркәсіптік кешен (АӨК) деп аталды.Азықауыл шаруашылықэкономиканың
АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды. бұл ауыл шаруашылығы. тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.
1 буыннын, салалары АӨК-ке ауыл шаруашылық машиналарын, құрал-жабдық жеткізе отырып, оның интенсификациясының жалпы деңгейін анықтайды. Тұтас кешеннің жетістіктері оның дамуымен тығыз байланысты. Өзірге АӨК-ті қажетті өніммен толық қамтамасыз ете алмай келеді. АӨК-тің қалыпты жұмыс істеуі үшін техника мен құрал- жабдықтардың 4000-дай түрі қажет. Біздің елімізде олардың 400-дей түрі ғана шығарылады. Көптеген маңызды өндірістер дамымаған немесе енді пайда болып келеді. Сондықтан әлі де ескі техника пайдаланылады, қол еңбегінің үлесі жоғары, ауыл шаруашылық дақылдары мен малдардың өнімділігі төмен. Өндірілген өнімнің аз ғана үлесі өңделеді. Еліміз шет елдерден азық-түлікті кеп мөлшерде сатып алады.
Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы. Оның өнеркәсіптен 3 негізгі айырмашылығы бар. Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау - қоғамның маңызды міндеті. Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы. Ауыл шаруашылык өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді.
Жиі болатын құрғақшылық, қатты аяздар, қар басуы мен көктайғақ ауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен мал басын сақтап қалу үшін қажырлы күрес жүргізуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты, еліміздің аумағын «тәуекелді егін жөне мал шаруашылығы зонасы» деп атауға болады. Ауыл шаруашылығымен 200 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар - фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді. Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды, тек ол үшін қажетті жағдай жасайды. Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі мен еңбек жағдайын жақсартып, шаруашылықтарға техника мен жанар-жағармай алуға көмектеседі, сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен тәжірибе стансаларын қаржыландырады. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы ауыл тұрғындарынан өсірген өнімнің бір бөлігін сатып алады. Ауыл шаруашылығы бір-бірімен байланысты екі саланы - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Олар тиісінше ауыл шаруашылық өнімдерінің 53% және 47%-ын береді.
Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығы мен жүзім өсіруден тұрады. Егіншілік дақылдар түріне қарай астық шаруашылығы, техникалық, азықтық, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп өсіруге бөлінеді. Ауыл шаруашылық дақылдарын орналастырудың климаттық жағдайларына талдау жасау үшін агроклиматтық карталар пайдаланылады. Еліміздегі егіншіліктің басты саласы - дәнді дақыл өсіру (астық шаруашылығы). Олар егістік жерлердің 2/3 белігін қамтиды. Ең алдымен, бұл - бидай, одан әрі - арпа, жүгері, күріш, сұлы,қарақұмық, тары және қараби дай.бидайарпажүгерікүрішсұлықарақұмықтарықараби дай
Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететінсалаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен. Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант өнеркәсібі (Алматы, Жамбыл) географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде «тәтті өнімді» дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді.АлматыЖамбыл Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.ӨскеменШымкентАлматыАқтөбенің
Түтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді. Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұксайды. Ең ірі кондитер өндірісі - Алматы мен Қостанайда, шай - Алматыда, макарон енімдері - Петропавл қаласында орналасқан.АлматыҚостанайдаАлматыдаПетропавл Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен айналысады.
Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті, т.б.) өнімді пайдаланатын орталықтарға «бекітілсе», ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі - шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға - комбинаттарға біріктіріледі.
Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау кеп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең «сүтті» аудандары - Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2 орындарды бөліседі.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі. Қазақстанның Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары.
Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптін өнімі жөне өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді. Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дәнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан алып, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояп, бетіне өрнек салады (әрлеу).
Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауыттары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.Оңтүстік Қазақстан облысында Ж ү н ө нерк ә сібі мардымсыз дамы ғ ан. Ж ү нді бастап қ ы өң деу фабрикалары О ң т ү стікте (Таразда]] ж ә не т.б.) ж ә не Шы ғ ыста (Семейде), ал мата то қ итын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматыма ң ында), Қ останай мен Семе йде орналас қ ан. То қ ыма ө нерк ә сібінде Алматы ерекше орын алады.ТараздаСемейдеАлматы Қ останайСеме йдеАлматы
Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркөсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр қуатына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары - Өтеген батыр (Алматы облысы), Петропавл, Рудный зауыттары. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауд а аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді.Алматы облысыПетропавлРудныйҚостанайдаАлматыдаТараздаАқтауд а Жеңіл өнеркәсіптін, «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. БірақШымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.Шымкенттегі