Тақырыбы:Қазақ ағартушылары. Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер –

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Жоғары қарап оқ атпа, Жуық түсер қасыңа. Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа, Күндердің күні болғанда Сол жаман айғақ болар басыңа. Авторы кім?
Advertisements

Шоқан Уәлиханов – зерттеуші, саяхатшы. Шын есімі: Мухаммед-Қана́пия Қызметі: ғалым, тарихшы, этнограф және фольклорист, саяхатшы, ағартушы, зерттеуші
Ашық сабақтар Жыраулар поэзиясы Жыраулар поэзиясы.
5В шет.тілі: екі шет тілі 210 топ Анласын Фариза Арыстанбек Ақнұр.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы ( ) ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна.
Қарағанды Мемлекеттік МедицинаУниверситеті Тақырыбы: Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. ххғ әлеуметтану Орындаған: Бейсенова А Тексерген: Аралбаев.
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ : ҚАБІЛЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ Орындаған : Карамендиева А ТобЫ : Қабылдаған : Усипбекова М.
Даналық сөздер қоржыны Құ растырушы: Қ айырова К. Ө. – 32 МГ бастауыш класс ж ә не « Ө зін- ө зі тану» п ә ніні ң м ұғ алімі.
Әлеуметтану тарихының негізгі кезеңдері Орындаған: Тәңіртай Болатхан 11 АК.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Бейорганикалық заттардың химиялық технология факультеті XVI - XVIII ғасырлардағы Қазақ халқының рухани мәдениеті.
Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде.
Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені.
Фирма және кәсіпкерлік теориясы Кәсіпкерліктің әлеуметтік- экономикалық мәні және оның сипаттық белгілері.
Қарым-қатынас және адами мәдениеттілік. «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның.
Әдебиет - өмір айнасы.. Ауыз әдебиеті Қай халықтың болсын ауыз әдебиеті бар. Қазақ халқы ауыз әдебиеті шығармаларына бай. Халық а у ы з ә д е б и е т.
Махамбет! Махамбет… Білмеймін, жел ме, сел ме, Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме? Әділетсіз дүниенің қабырғасын Махамбетше сөгер жан кездесер ме? Фариза.
Абай Құ нанбаев. Абай Құ нанбаев АқынАқын АғартушыАғартушы Жазба қазақ әдебиетініңЖазба қазақ әдебиетінің Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушыҚазақ әдеби.
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт-өмір шындығының суреткері...
Орындаған: Тобы: Қабылдаған:Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан.
Оқушылардың дарындылығын дамыту мәселесі Орындаған:Турмуханова Асем Аманбаевна.
Транксрипт:

Тақырыбы:Қазақ ағартушылары

Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшеліктері – ондағы философиялық толғаныстардың молдығы. Көркем шығарма қашан да сол заманның, сол кездің ой-өрісімен салыстырыла бағаланбақ. Шалкиіздің философиялық ойлары ұзақ толғанып, өз заманын нәзік түсіне білуінің жемісі. Бұл ерекшеліктер жыраудың шалқар даналықтың, терең ақылдың иесі болғандығын көрсетеді. Осыдан келіп біздер Шалкиіз ойларының, шығармаларының өміршендігін, арада төрт жарым ғасырдай өтсе де ұрпақ жадында ұмытылмай сақталуының сырын ұғамыз. Белгілі ғалым әрі жазушы Мұхтар Мағауин: «Шалкиіз – новатор еді – дейді. – Ол қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Бұл тұрғыдан алғанда Шалкиізді қазақтың барлық жырауының атасы деуге болады. Өзінің философиялық афористік поэзиясы – толғауларында Шалкиіз ойлылықтың, көркемдіктің шыңына шықты. Қиыннан қиыстыру, нақтылық, ықшамдылық, ойнақылық, сонымен қатар тереңдік – Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі. Бұл жағынан алғанда қазақ жырауларының ешқайсысы да онымен белдесе алмайды». Халидидің айтуынша, Ақтамберді – ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Ақтамберді шығармалары нақыл сөздерге, афоризимдік толғауларға толы. Қазақ халқының болмысы, тіршілік тынысы, ерекшеліктері, сол кездегі тарихи оқиғалар оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді. Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру, ата намысы емес, иісі қазақтың намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады. Дұщпаннан көрген, қорлығым Сары су болды жүрекке, Он жетіде құрсанып Қылыш ілдім білекке, Жауға қарай аттандым, Жеткіз деп, құдай тілекке! Ақтамберді, өзінен бұрын өткен Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерінен әрі қарай жалғастырушы болып табылады. Ақтамберді жырларында көшпелі қазақтардың ой арманы, мақсат мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылды. Бұған жыраудың «Күлдір- күлдір кісінетіп» деп басталатын ұзақ толғауы дәлел бола алады. Бұқар жырау (XVII-XVIII) XVIII ғасыр жыраулары ішіндегі ең көрнекті кесек тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы шамамен 1668 жылдары дүниеге келді. Бұқар өмірін тұңғыш зерттеуші Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда және өз шығармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың, тіпті, сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмайды.

Қазақ ағартушыларының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – ( ) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылыми қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға дейінгі уақыт, яғни жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі ( ) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан - өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы- демократ. Ш. Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдамаларын байқауға болады. Қазақ ағартушыларының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – ( ) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылыми қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға дейінгі уақыт, яғни жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі ( ) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан - өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы- демократ. Ш. Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдамаларын байқауға болады. Ыбырай дүниетанымы калыптасуына туған ел халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Уәлиханов секілді Алтынсарин да өз халқының артта калушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағарту- шылыкта деп сенді және Қазақстаңдағы Халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Абай казақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол "ақынның азаматтык парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде" деп білді. Абайдың философиялық шығармасы қара сөздер деп аталады Арабша ғақлия. Оның этикалық принципі - адам бол.

Абай ілімін одан әрі жалғастырған казақтың рухани мәениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы ( ). Ол арнайы оку орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорыткан: "Жасымнан жетік білдім турік тілін, Сол тілге аударылған барлық білім. Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды, Жарқырап қараңғыда туып күнім. Оятқан мені ерте - Шығыс жыры, Айнадай айқын болды әлем сыры. Талпынып орыс тілін уйренумен, Надандықтың тазарып кетті кірі". Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптаскан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңір, Нұр, Күн, Табиғат - ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.

Зейін қойып көргендеріңізгерахмет!