Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады: 1. Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
Advertisements

Дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
Технология білім беру Технология білім беру саласын саласын нормативтік- құқықтық қамтамасыз ету. қамтамасыз ету.
СұрақтарИәЖоқ 1 Компьютердің үстіне кітап, дәптер және т. б. заттар қоюға бола ма? + 2 Компьютермен жұмыс істегенде ережелерді міндетті түрде сақтау керек.
Астана Алғашқы көмек адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін.
Адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен.
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Модульдік оқыту технологиясын сабақ барысында қолдану.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениеті.
Төтенше жағдайда адамдарды топтармен жүргізу Абыржу түсінігі Адамдардың біліктілігін жүргізу Қалыптасу түсінігін жүргізу Төтенше жағдайларда психологиялық.
Сабақтың тақырыбы: §48 Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан.
Тақырыбы : Кесте құру тәсілдері. Кестелер және Шекаралар панелі.
ТЕМПЕРАМЕНТ Орындаған: Ысқақ Нұржігіт. Темперамент (латын тілінен аударғанда – сәйкестік)- әр адамның психологиялық қызметінің қозғалысын (психологиялық.
ТЕМПЕРАМЕНТ Орындаған: Ысқақ Нұржігіт. Темперамент (латын тілінен аударғанда – сәйкестік)- әр адамның психологиялық қызметінің қозғалысын (психологиялық.
Телефон арқылы қарым-қатынас жасау туралы мәлімет http.
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Орындаған: Байзақ Е. Қабылдаған: Есжанов Ғ. Тобы: 101 «Б»ФӨТ Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы.
1 Термоэлектрлік құбылыстар. Дәріс 8. Металда температураның градиентін тудырса, яғни оны біркелкі емес қыздырса, онда жылу ағыны пайда болады. Бұл жылу.
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. Физика 8 сынып А.Байтұрсынов атындағы 20 мектептің физика пәні мұғалімі: Оразбаева А.К.
Тұрақты электр тоғы. 1.Ток сипаттамасы Электр зарядтарының бағытталған қозғалысын электр тогы деп атайды. Электр өрісi әсерімен зарядтардың қозғалысын.
Транксрипт:

Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады: 1. Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады. 2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды. 3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды. 4. ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды. 5. Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады. 6. ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс. 7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды. 8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды..

ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары: 1. Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек. 2. Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек. 3. Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.

ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары: 1. компьютерде жұмыс кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық – 50 см. 2. Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ. 3. Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады. 4. Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс. 5. Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.

Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары : 1. ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек. 2. Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек. 3. Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек. 4. Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады. 5. Егер зақымданған кісі электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.

ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары: 1. Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек. 2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек. 3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек

КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР 1-жаттығу - Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмындар. - Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашындар. Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар..

2-жаттығу - Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар. - Көздеріңді талдырмаңдар. - Алысқа қадалып қарандар

3-жаттығу - Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер. - Алысқа қадалып қарандар. 4-жаттығу - Бастарыңды бұрмай, COЛFA қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер. - Алысқа қадалып қарандар.

5-жаттығу - Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер. - Алысқа қадалып қараңдар. 6-жаттығу - Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер. - Алысқа қадалып қараңдар.

7-жаттығу - Көздерінді секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар. Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау. Жұмыс дәптеріндегі 4-5 беттердегі тапсырмаларды орындау.