6 сынып 1нұсқа
1. Денесінің белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын тізбектің бірі:
а)жасуша ә)ұлпа б)мүшелер жүйесі в)мүше г)организм
2. Дененің сыртқы жамылғысын түзетін ұлпа:
а)жүйке ә)дәнекер б)эпителий в)бұлшықет
3. Сүйек, шеміршек, май, сіңір, қан, ұлпа сұйықтығын түзетін ұлпа:
а)бұлшықет ә)дәнекер б)жүйке в)эпителий
4. Көлденең жолақты, бірыңғай салалы және жүрек бұлшықеттерінен түзілген ұлпа:
а)эпителий ә)жүйке б)дәнекер в)бұлшықет
5. Жүйке ұлпасының жасушасы:
а)нейрон ә)дендрит б)аксон
6. Шаян, өрмекші, бунақденелілердің сыртқы жабыны:
а)хитин ә)түк б)қабыршақ в)қауырсын
7. Балық, кесіртке, жылан денелерінің сыртқы жабыны:
а)қауырсын ә)хитин б)қабыршақ в)түк
8. Құрылыс материалын, ферменттер мен гормондар түзетін зат:
а)көмірсу ә)нәруыз б)май
9. Организмдегі негізгі энергия көзі:
а)нәруыз ә)май б)көмірсу
10. Құрылыс материалы, қуат көзі, жасушаны сумен қамтамасыз ететін зат:
а)май ә)көмірсу б)нәруыз
11. Гидраның асқорыту жасушасының орналасқан қабаты:
а)эктодерма ә)энтодерма
12. Гидраны жауынан қорғайтын және жемін аулауға қатысатын жасушасы:
а)жүйке жасушасы ә)апта жасушасы б)тері-бұлшықет жасушасы
в)асқорыту жасушасы
13. Ауыз жұтқыншақ өңеш жемсау қарын ішек тәрізді асқорыту жүйесіне тән жәндік:
а)ақ сұлама ә)зауза қоңызы б)шұбалшаң
14. Өңештің соңғы бөлімі кеңейіп жемсауға айналған құстар тобы:
а)дәнмен қоректенетін ә)бунақденелілермен қоректенетін б)ұсақ кемірушілермен қоректенетін
15. Құстар қарынының бөлім саны:
а)1 ә)2 б)3
16. Сүтқоректілердегі тіс түрінің саны:
а)2 ә)4 б)3
17. Үй қояның жақсы дамыған тістері:
а)азу тістер ә)күрек тістер б)сойдақ тістер
18. Иттің жақсы дамыған тістері:
а)сойдақ тістер ә)азу тістер б)күрек тістер
19. Етпен, дәнмен, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілердің қарынының бөлім саны:
а)2 ә)1 б)4
20. Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілердің қарынының бөлім саны:
а)4 ә)2 б)1
6сынып 2 нұсқа
1. Оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығаратын организмдер:
а)анаэробты организмдер ә)аэробты организмдер
2. Оттегінсіз тыныс алатын организмдер:
а)аэробты организмдер ә)анаэробты организмдер
3. Гидраның тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер:
а)өкпе қапшықтары ә)тыныс саңылауы б)бүкіл денесімен сіңіру арқылы
4. Шұбалшаңның тыныс алуын жүзеге асыратын мүше:
а)сыртқы тері жабыны ә)өкпе қапшықтары б)желбезек
5. Шаршылы өрмекшінің тыныс алу мүшесі:
а)өкпе қапшығы ә)демтүтік б)тері жабыны
6. Балықтардың тынысалу мүшесі:
а)өкпе ә)демтүтік б)желбезек
7. Ересектері өкпе, дернәсілдері желбезек арқылы тыныс алатын жануарлар:
а)құстар ә)балықтар б)жорғалаушылар в)қосмекенділер
8. Қосмекенділердің қосымша тыныс алу мүшесі:
а)желбезек ә)тері б)ауа қапшығы
9. Жорғалаушылардың тыныс алу мүшесі:
а)тері ә)өкпе б)желбезек
10. Қосарлы тыныс алатын омыртқалы жануарлар:
а)жорғалаушылар ә)сүтқоректілер б)құстар в)жорғалаушылар
11. Денедегі артық, зиянды заттардың сыртқа шығарылуын жүзеге асыратын мүшелер:
а)асқорыту мүшелері ә)зәршығару мүшелері б)тыныс алу мүшелері
12. Қарапайымдардың зиянды қалдық заттарды сыртқа шығару мүшесі:
а)жұлдызша түтікше ә)мальпигий түтікшесі б)жиырылғыш вакуоль
13. Көпжасушалы жануарлар организмінде түзілетін сыртқа шығарылуы тиіс заттар:
а)көмірқышқыл газы ә)несеп б)оттегі в)қанның қызыл түйіршіктері
г)нәжіс
14. Құрттардың зиянды заттарды шығару мүшесі:
а)мальпигий түтікшесі ә)жұлдызша түтікшесі б)жасыл түсті бір жұп
бездер
15. Шаянтектестердің зәршығару мүшесі:
а)бүйрек ә)бездер б)жасыл түсті бір жұп бездер в)мальпигий түтікшесі.
16. Бүйрек және мальпигий түтікшелері арқылы зәр шығаратын жәндік:
а)өрмекшілер ә)құрттар б)бунақденелілер в)шаянтектестер
17. Бунақденелілердің зәр шығару мүшесі:
а)жұлдызды түтікшелер ә)мальпигий түтікшелер б)бүйрек
в)жиырылған вакуоль
18. Бүйрек несепағар қуық арқылы зәр шығаратын жануарлар:
а)омыртқасыз жануарлар ә)омыртқалы жануарлар
19. Қуық болмайтын омыртқалы жануарлар:
а)балықтар ә)сүтқоректілер б)қосмекенділер в)құстар г)жорғалаушылар
20. Дене қуысына тікелей құйылмай, қантамырлары арқылы таралатын қанайналым жүйесі:
а)ашық қанайналым жүйесі ә)тұйық қанайналым жүйесі