Коррозия – металдардың және оның құймаларының қоршаған орта әсерінен бұзылуы. Коррозия – тотығу – тотықсыздану процесі: Мt – nе - Мt n+ Тотықтырғыштар- O 2, Cl 2, SO 2, CO 2 т.б.
Химиялық коррозия Электрондар металдан тотықтырғышқа тура өтеді. Бұл процесс кезінде электр тогы түзілмейді. Металл + қоршаған ортаның тотықтырғышы = реакция өнімі Мысалы: Ме + 1/2О 2 МеО Электрохимиялық коррозия металдардың қоршаған ортаның электролиттік ортамен жанасқанда жүріледі. Тотығу – тотықсыздану процесінде электрондар белсенділігі жоғары металдан (анодтан+) белсенділігі төмен металға (катодқа -) өтеді. Нәтижесінде белсенділігі жоғары металл коррозияға ұшырайды.
Катодта жүрілетін процесс ортаға байланысты болады. 1.қышқылдық ортада катодта: 2Н + + 2е - Н 2 2.Сілтілік немесе бейтарап ортада: О 2 + 2Н 2 О + 4е - 4ОН - Ал металл бетіндегі процесс: Ме n+ + nОН - = Ме(ОН) n
Оқушылар өздерің жүргізген тәжірибеге осы білімді пайдаланып, қорытынды жасаңдар. 1.1 стакан: ас тұзының ерітіндісі + темір шеге.Қандай құбылыс байқадыңдар? Коррозияның қандай түрі? 2.2 стакан: ас тұзының ерітіндісі + мыс сымымен оралған темір шеге. Қандай құбылыс байқадыңдар? Коррозияның қандай түрі? Металдардың қайсысы анод, қайсысы катод ролін атқарған? 3. 3 стакан: ас тұзының ерітіндісі + мырышпен оралған темір шеге. Қандай құбылыс байқадыңдар? Коррозияның қандай түрі? Металдардың қайсысы анод, қайсысы катод ролін атқарған?