Маңғыстау облыстық медициналық колледжі 242 топ жетекшісі: Берсиева Мейрим Ерболысовна
Қазақстан Республикасының Гимні
«Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепті. Бүгінге олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді әр уақытта. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың ұштағаны секілді «бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып отыр», деді Н. Назарбаев.
«Бір халық бір ел бір тағдыр»
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, Қазақстан тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет болғандығына биыл 22 жыл толады. Сол бір күрделі де қалыптасу кезеңінен бергі уақытта Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ішкі саяси тұрақтылыққа негізделген парасатты саясатының өміршеңдігін қазіргі заманғы даму толық дәлелдеп отыр.
«Бір халық бір ел бір тағдыр»
«…Осы жылдар ішінде Ассамблея кәмелет жасына жетіп, ұлтымыздың аса маңызды жалпыазаматтық институтына айналды. …Бейбітшілік пен тыныштық әр үйдің баға жетпес байлығына айналды. Біздер мен сіздер атқарған жұмыстың, Ассамблея жұмысының басты нәтижесі, міне, осы! Бүгін біз Ассамблея тұтастай Қазақстан халқы деп толық негізбен айта аламыз! Барлық он жеті миллион! Бүгін Ассамблея тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, берік іргетасы. Ассамблея тарихы ел тарихы, халық тарихы», деді Елбасы.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНСЫЗ ЕШҚАНДАЙ БІРЛІК ТЕ, ТАТУЛЫҚ ТА БОЛМАЙДЫ, БОЛУЫ ДА МҮМКІН ЕМЕС! Ян Липириди, «Эллада» грек этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық дене шынықтыру диспансерінің дәрігері:
Соңғы сессияны Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп атады. «Неге біз бұлай айта аламыз? Өйткені «бір халық» бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. «Бір ел» бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр» бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан!», деп түсіндірді Елбасы
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан » cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясына Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты
Бейбітшілік пен келісім сарайы
Елбасы қазақ ұлтының орны бөлек екенін баса көрсетті. Қазақ халқы барлық халықтарды өз айналасына жинап, береке-бірлікте ұстап отырған ұйытқы, темірқазық. Елбасының: «Біз бүкіл күш-жігерімізбен қазақтардың ішкі бірлігін нығайтуымыз қажет!», деген сөзінде үлкен мән жатыр. Себебі, қазақ халқынсыз біздің елде ешқандай бірлік те, татулық та болмайды, болуы да мүмкін емес. Әрине, бұл тұрғыда мемлекеттік тілдің де орны бөлек. Басқа халықтардың тілдерінің барлығы мемлекеттік тілдің айналасында ұйысып отыр. Елбасы өз сөзінде елімізде тәуелсіздік жылдарында бірде-бір этнос өз тілін жоғалтпағанын сөз етті
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың барлығы бір халық! Шахбаз Джамалов, Ақтөбе қаласындағы «Әзірбайжандар қауымдастығы» респбуликалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
ОСЫНЫҢ БАРЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ, ТАТУЛЫҚТЫ СҮЙЕТІН ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АРҚАСЫ Равиль Құрбанғалиев, «Шатлық» татар-башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
«Ел-жұрт», «Жеті ата», «қонақжайлылық», «асар», «сыйластық», «сабырлылық» бұл ұғымдар қазақтардың дүниетанымы және өмір салттарының негізінде жатыр. Осындай құндылықтардың арқасында біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен тыныштық сақталып отыр. Сондықтан қазақтардың толеранттылықты қалыптастыратын өзіне тән әлеуметтік-мәдени ережелерін, салттары мен дәстүрлерін жалпыадамзаттық мақсаттағы материалдық емес мәдени мұралардың белгі-нышаны ретінде қарастыру қажет»
Ең бастысы, біз отанымызда бейбіт өмір сүретінімізді, балаларымыздың болашағының жарқын болатынын түсінеміз…
Назарларыңызға рахмет! рахмет!