Ит
Жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды.
Ит ішіне сары май жақпайды.
Қабаған ит қайыр байлайды.
Жақсы ит иесінің көз-құлағы.
Бұралқы ит үріп жағады.
Итті тепкен, ырысты тебеді, Итті күшігім десең – аузыңды жалайды.
Ит үреді, керуен жүреді. Ит құтырса – иесін қабады.
Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.
Иттің бәрі тазы болмас, Еттің бәрі қазы болмас.
Ит атасын танымас. Бір ит көріп үреді, Екі ит еріп үреді.
Ит жемес асынан дәметеді. Қазаныңнан қақпақ кетсе, Иттен қанаға
Буркіт
Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер
.
Қара құс басып жейді, Сұңқар құс шашып жейді
. Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.
Құс баласы қырымға қарайды.
Қаршыға ілген қазға сын. Қаршығалыға қоян кездеспейді, Жарақтыға жау жолықпайды.
Екі құзғын таласса, Бр қарғаға жем болар.
Ер қартайса, қазаншы болады, Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.
Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.
жұмбақтар
Бар екен бір мақұлық ұннан майда,
Өз басын айдайды екен қиын жайға,
Ұстасақ үгітіліп жоғалады,
Дамылдап отырмайды ешбір жайға.
( Көбелек )
Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады.
( Көбелек )