Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Ойын - балалардың құзыреттлігін дамыту негізі. Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес,
Advertisements

Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Мектептегі білім сапасын көтеру жоспарының үздік жобасы Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігі 2015 жыл.
Орындағандар: Диқамбай Н. Долдашев Б. Тобы: ПО Қабылдаған: Қасмжанова Ф. Алматы 2016.
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
"Қазақстан тағыдыры келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылыуына тіреледі, мектебіміздің сау, берік және өз жанымызға қабысатын, үйлесетін.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ. «Инклюзивті білім беру баланың қоғамдағы қиындықтарын бірлесе отырып жеңе білуге мүмкіндік береді» СЕМАГО.
Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар,
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі Өткізген оқытушы: Бирманова Аймгуль Алмуханбетказиевна Ақтөбе
Ойын технологиясы,,, Актоты Алмуратова
Оқушылардың ғылыми қоғамындағы география секциясының жұмыс бағдарламасы Имашева Шынаргүл Қанатқалиқызы география пәнінің I-санатты мұғалімі Қазақстан Республикасы.
Сабақ тақырыбы: Квадраттық теңдеулерді формула бойынша шешу. Алгебра. 8 сынып.
«Ойын технологиясы арқылы қазақ тілін үйрену» атты бейімделген бағдарламаның тақырыптық жоспары «Күншуақ» мектеп алды даярлық тобына арналған
Оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру.
Тақырып: Қайта өрлеу мен жаңа заман дәуіріндегі өзін-өзі тану.
Іс-әрекет түсінігі Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын.
Адамгершілікке тәрбиелеу – педагогикадағы ең күрделі мәселелердің бірі екендігін айқындау.
Дайындаған: Ысқақ Нұржігіт Инф21к. Іс-әрекет түсінігі Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам.
ОҚО Кентау қаласының мамандандырылған Дарынмектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Мадияр Әбдіқадыр « RAD Studio Xe5 бағдарламасы ортасында тест тапсырмаларын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев (18 ақпан 2005 жыл). Қазақстан халқына жолдауында Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен.
Транксрипт:

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту. Қазіргі заманғы педагогикалық ой тұжырымда гуманизм идеялары еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмідің барлық саласындағы, шығармашылық іс- әрекетке қабілеті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл тұлға бойында баылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық,сенімді қалыптастыру мен қатар, ерекше ой қызметі, қайшылықты түсіну,заңдылықтарды анықтау,шығармашылыққа деген құштарлық болу керек. Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын. «Ойлау жанның өте бір терең ісі» деп ата көрсете келіп, ұстаз баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескереді. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылар талап ерекше. Мектеп міндеті-әр оқушыға терең білім беру. Сонымен қатар оқушының ойлау қабілетін арттыру,шығармашылығын дамыту. Бастауыш сынып оқушылары оқу сабағы арқылы танымдық әрекеттерін қалыптастырады. Қазіргі дидактикада оқушыларға берілетін тапсырмалардың негізгі екі түрі көрсетілген. Оның бір түрі жаттығу,ал екіншісі-танымдық мәселелер. Жаттығу тапсырмаларында белгілі бір дағдыларды меңгеру көзделсе, ал танымдық тапсырмалар жаңа білім алу мен шығу байланысқан дидактикалық іс-әрекеттер болып табылады. Шығармашылық іс- әрекет шығармашылық ойлаудан басталады. Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту жас ұрпаққа таным мен тәлім,тәрбие берудегі негізгі әрекет болып табылады. Шығармашылық әрекетті дамыту үшін оқу үрдсін тиімді ұйымастыру,іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық- сапалық ерекшелктерін ескеріп, шығармашылық тапсырмаларды тиімді қолдана білу болып табылады. «Шығармашылық тапсырмалар» термині педагогикада екі құрамдас бөліктен тұрады.Бірі, балалар дербес өз ойымен құрастырады,себебі жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін тұлға қатысуы қарастырылады. В.А.Моляко шығармашылық тапсырма деп –толығымен жаңа болатын, субъектіге таныс емес,әр түрлі ақыл ой күшін қажет ететін,арнайы ізденіс шешудің жаңа жолын табуды қажет етуі керек.Шығармашылық үрдісте ол үш маңызды кезеңді атап көрсетеді: 1.Тапсырма шартын түсінетін 2.Болжам жасай білу 3.Болжамды алдын ала шешіммен тексеру Ә.С.Әмірова бастауыш сынып оқушыларының дамыту жолдарын зерттеуде тапсырмаларды түрлендірудің үш кезеңін анықтап көрсетеді: 1. Балаларға шығармашылық іс- әрекетте алғашқы бағыт-бағдар беретін тапсырмалар.Олар педагогпен бірігіп әрекет етеді.Шығармашылықәрекеттерді ң кейбір элементтерін пайдаланады. Тап,өзгерт, ойлан тап,құрастыр. 2.Балалардан мақсатты шешім талап ететін тапсырмалар. Ересек адаммен біріккен,шығармашылық,ескінің орнына жаңаны табу,бұрынғыны жақсартуға,болатыны жөнінде түсінік алады. 3. Балаларды дербестікті қажет ететін тапсырмалар.Бұл тапсырмалар баланың қабілетін ашады (өлең,ертегі құрастыру,сурет көрмелері,т.б) Баланың қабілетін,шығармашылығын тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны санаулы. Бұларды нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір мұғалімнің жеке шығармашылық ісі. Мұғалім жүргізетін осындай жұмыстардың бірі-оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды,қызықты етіп ұйымдастыру. Бастауыш сынып оқушыларының бейімділіктерін, қызығуларын көре білу мен қатар оларды барынша көтермелеп, белсенділіін үнемі арттырып отырған жөн. Демек,бүгінгі таңда мына ақпараттар ағыны сасыған қоғамда жас ұрпаққа «Нені оқыту?Қалай оқыту керек?» деген мәелелер тұр. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиясының даму бағдарламасында «Біздің мемлекетіміз өсіп жетіліп,кемелденеді,біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді» деген сөзін ұстаз қауымына нақты айтылған аманат деп түсіну керек. Бұл орайда ұлтымыздың рухани жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың «Қазақтың тағдыры да,келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға қабысатын,үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген даналық өсиетінің мәні қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстан мемлекеті үшін орасан зор. Өйткені Қазақ елінің келешегін айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретінбірден-бір құндылық, ол бүгінгі ұрпақ. Әдебиеттер: 1.Байтұрсынов А. Ақ жол,А., б. 2.Жұмабаев М. Педагогика,А., б. 3.Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудң педагогикалық негіздері,А., б