ОРАМАЛ ТАРТУ АРАБТАРДЫҢ ӘДЕТІ ЕМЕС АЛЛАҺТЫҢ БҰЙРЫҒЫ.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Менің болашақ - мамандығым. - Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай: Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы.
Advertisements

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев (18 ақпан 2005 жыл). Қазақстан халқына жолдауында Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен.
Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ, облыстық наркологиялық орталығы МКҚК дәрігер психологы Бала мен жасөспiрiмдегi есірткіге тәуелділік белгілері. Психологиялық аспект.
Дұрыс тамақтана білеміз бе?Дұрыс тамақтана білеміз бе?
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Дұрыс тамақтана білеміз бе?. 1. Тамақтану тәртібі 2. Тамақтанудың негізгі ережелері 3. Тамақтану процесінің принциптері 4. Тамақ ішу тәртібі.
Мектебі: 202 орта мектебі (10 сыныпқа арналған практикалық сабақ) Мұғалім: Азаматова Ботакөз Бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.
"Күншығыс елінің" құпиясы: жапон этикасы Орындаған: РД-22к тобының студенті Смаил А.Б.
Балқаш- аңыз І нұсқа. Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі.
Төтенше жағдайда адамдарды топтармен жүргізу Абыржу түсінігі Адамдардың біліктілігін жүргізу Қалыптасу түсінігін жүргізу Төтенше жағдайларда психологиялық.
Жаңа технологияның жылдам дамуына байланысты дәстүрлі оқыту әдістерін қайта қарауға тұра келуде. Бұл үрдіс әртүрлі пікірлердің қалыптасуына да септігін.
Қарағанды ж. Мамандық : 5B – « Заңтану » Жұмыс түрі : Дәріс Азаматтық құқықтық қатынастар Автор :
«Ойын технологиясы арқылы қазақ тілін үйрену» атты бейімделген бағдарламаның тақырыптық жоспары «Күншуақ» мектеп алды даярлық тобына арналған
Даналық сөздер қоржыны Құ растырушы: Қ айырова К. Ө. – 32 МГ бастауыш класс ж ә не « Ө зін- ө зі тану» п ә ніні ң м ұғ алімі.
Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Найман - Ана» әңгімесіндегі мәңгүрттік мәселесі.
Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде.
Тақырыбы : Рухани адамгершілік білім беру басымдылығы Орындаған : Б -21 тобының студенті Қуандық Ақбота Карим Таншолпан Изтаева Ботакоз Тексерген : Какина.
Ғалымдардың пікірінше, адамның саусағына қарап оның сезім мәселесіне келгенде қандай адам екенін айтуға болады екен. Психолог және әлеуметтанушы мамандар.
«21 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы- ата-ана »
Транксрипт:

ОРАМАЛ ТАРТУ АРАБТАРДЫҢ ӘДЕТІ ЕМЕС АЛЛАҺТЫҢ БҰЙРЫҒЫ

Орамал тағу арабтардан емес, Аллаһтан келген бұйрық.

Жаһанданудың арқасында біз бүгінгі таңда Батыстың мәдениетінен барынша әсерлендік. Оған ес-түссіз, жақсы-жаманын ажыратып жатпастан, залалы мен пайдасын сараламастан, қатты еліктедік. Сондықтан қоғамымызда әйел адамның етек-жеңін қымтап жүруі, жартылай жалаңаштанудан да тұрпайы көрінуде.

Бүгінде әйел баласы бейне бір зат секілді әркімнің ойына келген арам пиғылдарына ойыншық болуы өкінішті-ақ. Мысалы, әйелдің жалаңаш тәні өзгелердің назарын тарту үшін кәсіпкерлердің тауарларын жарнамалайтын жарнама құралына айналды. Әйтпесе газет жарнамасында, көліктің дөңгелегінің жанында жалаңаш тәнімен тұрған әйелдің оған қандай қатысы бар?

Аллаһ Тағала әрбір жаратылысқа өзіндік ерекшеліктер тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы, жанұядағы орны, жалпы болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда мүлдем ерекше. Әйел адам осы ерекшеліктерін қорғай білген кезде ғана қоғамдағы биік мәртебесін сақтай алады. Әйел адам өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне деген ізеттілігімен қымбат. Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, орамал тағу, ұзын киім кию – әйел адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен адамдардың арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын бірден-бір қорған. Әрі әйел затын мейірімділік, нәзіктік, ар-ұяттылық сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен танытар нышан. Әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі – Құранның тікелей бұйрығы.

Жартылай жалаңаш киінген әйелдер еркектерді еліктіріп, нәпсіқұмарлығын қоздырады. Бұл жағдай бүгінде көптеген шаңырақтың шайқалуына, көпшілік бойжеткендердің абыройдан айырылуына себеп болуда. Көзі жәутеңдеген мыңдаған пәк сәбилер тастанды болып, жетімханаларға тоғытылса, жылына саналы түрде қаншама аборт жасалуда. Әйел өзінің орамалымен көрікті. Қазақтың «есті қыз етегін қымтап ұстайды» деуі де бекер емес.

«Queens әйелдер бюросы» жетекшісінің мәлімдемесі бойынша, Канадада әр 6 минут сайын бір зорлау оқиғасы тіркеліп, әрбір үш әйелдің біреуі әйтеуір өмірінің бір кезеңінде зорлау оқиғасына тап болады екен. Тағы бір ірі мемлекетте 1998 жылы зорлау оқиғасы ресми тіркелген көрінеді.

Міне, сондықтан ислам әйел адамға ашық-шашық киінбеуді оны төмен санағандықтан емес, қайта оны қорғау, абырой-беделін көтеру мақсатында бұйырған. Күнделікті өмірде біз құнды, асыл заттарды қоғамдағы бұзық ниеттілердің арам пиғылынан қорғаудың сан түрлі жолын іздейміз. Ендеше, әйел заты да құндылардың құндысы, асылдардың асылы, нәзіктердің нәзігі. Олай болса, оның да бөгделердің алдында ашық-шашық жүргені құптарлық емес.

Киім киюдің бұл үлгісі ислам діні әкелген жаңалық емес. Керек десеңіз, бұл еврей мен христиан дінінде де, корей, жапон секілді көне мәдениеттерде де бар. Мысалы, еврей хахамы Менахем M.Брейер («Йешива» университетінде киелі кітап әдебиетінің профессоры) еврейлік дін құқығы бойынша әйелдерінің орамал тағуға тиісті екенін айта келе, кейбір танымал раввиндерінің мынандай сөздерін келтірген: «Еврей қыздарына орамалсыз, сыртқа шығу жараспайды», «Әйелдерінің орамалсыз жүруіне рұқсат еткен еркектерді қарғыс атсын!», «Еркектерге ұнау үшін басын ашып жүрген әйелдер жоқшылық әкеледі». Әйелдің орамалсыз, жалаңбас жүруі жалаңаш жүрумен тең саналғандықтан, иудаизм орамалсыз жүрген әйелдің жанында дұға сияқты ғибадаттарды жасауға тыйым салады. Еврей діні бойынша, орамал тағу – әйелдің абыройы мен беделін, әлеуметтік жағдайын білдіреді. Сондықтан төменгі таптағы әйелдер жоғары таптағы әйелдердің қатарында көріну үшін орамал тағуға тырысатын. Орамал тағу тектіліктің нышаны саналғандықтан, байырғы Израильде зинақор әйелдердің орамал тағуына рұқсат берілмейтін. Сондықтан зинақор әйелдер өздерін абыройлылардың санатында көрсету үшін арнайы орамал түрін тағатын. Еуропадағы еврей әйелдері сол жердің тұрақты мәдениетімен араласа бастаған ХІХ ғасырға дейін орамал тағып келген. ХІХ ғасырда Еуропа қоғамы басты ашып жүруге мәжбүр еткендіктен, кейбір еврей әйелдері орамалдың орнына парик киіп жүруді шығарды. Ал бүгінде еврей әйелдері синагогада ғана орамал тағады. Еврей дінінің «Hassіdіsm» мәзһабын ұстанушылар орамалға балама ретінде әлі күнге дейін парик тағуда.

Католик шіркеуіндегі монах әйелдердің 1000 жылдан бері орамал тағатындығы белгілі. Тертуллиян атты христиан ғалымы бойжеткендердің шашын бүркемелеуге, жабуға байланысты баяндамасында былай дейді: «Бойжеткендер көшеде жүргенде бастарыңа орамал тағыңдар, шіркеуде, бөгде адамдардың жанында және өз ер, бауырларыңыздың жанында бастарыңды ашық ұстамаңдар....».

Бүгінгі католик шіркеуінің ата заңдарында шіркеуде әйелдерді бастарына орамал тағуға міндеттейтін арнайы бабтар бар. Амиш және Меннонилер сияқты кейбір христиан ағымдары әлі күнге дейін әйелдердің орамал тағуын талап етуде.

Алысқа бармай-ақ, орыс халқының ұлттық киіміне назар аударсақ, олар да орамал тағып, ұзын киім киген. Демек, орамал тағу ислам діні әкелген жаңалық емес.

Негізі ормал тағудың физиологиялық та пайдалары шаш етектен. С.Асфендияров атындағы Мемлекеттік медицина университетінің емдік гигиена кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Қарлығаш Тоғызбаева бұл жайлы былай дейді: «Ер адамдар көбіне көктен, әйелдер жерден қуат алады. Сондықтан да болар, әйелдің шашы магнит тәрізді ауадағы кір-лас қуатты жинағыш келеді. Бұл да оның әсіресе бас ауруына ұшырауына әсер етеді. Осы жолдың авторының өз тәжірибесінде кездескендей, орамал тартқаннан кейін «басының сақинасы», т.б. дертінен жазылып кететіндер аз емес. Бұған қоса, ашық-шашық жүрген әйел көктен өзіне қажет емес артық қуат алады, сөйтіп, онда еркектерге тән гистостерон гормоны пайда болады, нәтижесінде ағзаның гормоналды бұзылуы етек алып, жыныс органдарындағы қатерлі ісік, т.б. ауруларға жол ашады»

- Орамал – ар тазалығының белгісі. Бұл туралы Аллаһ Құранда былай дейді: "Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: Үстеріне бүркеніштерін орансын. Бұл – олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ" (33- Ахзаб сүресі, 59).

Осы аяттағы "танылуларына" деген сөзді Ислам ғалымдары былайша түсіндіреді. Бұл жерде орамалды әйелдердің игі әрі таза күйінде танылулары айтылып тұр. Яғни, ерлердің көз тастауы мен тиісулерін әдепсіз деп санайтын және өздері жайлы "оңай қолға түсетін жеңілтек әйелдер" – деген ой туғызбас үшін, осындай таза жолды таңдайтын әйелдер жайлы сөз қозғалуда.

- Орамал – тақуалықтың белгісі. Тақуалық дегеніміз – шынайы Аллаһтан қорқу. Құранда мынандай аят бар: "Әй, адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік бұйым түсірдік. Негізінде, тақуалық киімі жақсы" (7-Ағраф, 26).

- Орамал – иманның белгісі. Аллаһ Құранда жамылғы жайында тек иман келтірген әйелдерге ғана сөйлейді: "Иман келтірген әйелдерге айт..." (24-Нұр, 31). "...және иман келтіргендердің әйелдеріне..." (33- Ахзаб, 59).

- Орамал – ұяттың белгісі. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мынандай хадистері бар: "Әрбір діннің мінезі бар. Исламның мінезі – ол ұят", "Ұят пен иман бір-біріне өте тығыз байланыста. Егер біреуін алып тастаса, екіншісі өзі кетіп қалады".

Сондай-ақ орамал

1. Жезөкшелікке тосқауыл болу үшін

2. Ұрпақты және шаңырақты шайқалтпай сақтау үшін

3. Әйелдердің қадірін арттырып, тұлғалық қасиетін қалыптастыру үшін де тартылады.

Ал енді оның формасы жайлы айтар болсақ, Құранда әйел адамның киетін киімінің нақты формасы айтылмаған. Тек әйел баласы өзінің дене бітімін қатты кескіндемейтіндей кеңдікте, жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі жағынан тыс басқа барлық жерлерін жабатындай кез келген киім үлгісін таңдап кисе болғаны. Бұл шарттар орындалғаннан кейін, сәнді әрі өзіне жарасымды, жалпы, эстетикаға сай киім киюге ислам діні қарсы емес.

Сауд Арабиясы мен Ирандағы әйелдер сияқты қара киіп жүру үрдісі барша мұсылмандарға парыз киім үлгісі емес. Ондай киім үлгісі олардың өз әдет-ғұрыптары мен қоғамына қарай таңдалған. Сондықтан Құран өлшемдерінен шықпау шартымен әр қоғам киім үлгісін өзінің менталитеті мен әдет- ғұрыптарына, заманына қарай әрі өмір сүрген жерінің климатына ыңғайлы етіп таңдай алады. Мысалы, қазақ жерінің әр өңіріне тән әйел кимешегі болған. Тіпті әйелдердің жас ерекшеліктеріне қарай кимешек үлгілері тігілген. Ата-бабаларымыз «ғұрпымызда орамал тағу жоқ» деп, Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керісінше, оны ғұрпымен сабақтастырып, ою-өрнегімен көркемдеп, өзінің төл киім үлгісіне айналдыра білген. Бүгінгі таңда да Құран өлшемдеріне әрі заман талабы мен ұлттық түсінігімізге сай әр түрлі киім үлгілерін тігуге неге болмасын? Осылай істер болсақ, бәлкім, орамал тағып, ұзын киім кию – ананың, мынаның ұлттық киімі дегендей таяз түсініктерден арылар едік.

Кейде әркімнің алып-қашты ешқандай негізі жоқ сөздеріне еріп, ұлттық ерекшеліктер, әдет-ғрып, салт-дәстүрді Аллаһтың әмірімен шатастырып жүргендерге куә боласың. Мүмкін білместік дерсің, әйтсе де нәпсінің құрығынан шыға алмай шындықты бүркелемелейтіндер баршылық. Мәселен орамал біздің ата- бабамызда болмаған, ол араб- түріктерден келген үрдіс деп бұлданады. Бұл сөздің ақиқатпен ешқандай қатысы жоқ. Өйткені арабтардың Исламнан бұрынғы тарихын ашып көрсеңіз кез келген адамның жанын түршіктіреді. Олар қыз баланы абырой даңқымызға кір келтіреді деп, қыз баланы дүниеге әкелуді ар санап, тірідей көміп тастап отырған. Тіпті әйел баласын адам деп санамай, малдың қатарына қосқан. Олар Ислам дінінің келуімен әйел баласы өзіндік орын тауып, бұрын-соңды берілмеген ерекше мәртебеге ие болды. Атап айтар болсақ;

1. Құрандағы 4-сүре "Ниса" – деп аталады. Қазақша мағынасы – "Әйелдер". "Еркектер" деген сүре жоқ.

2. Ең алғаш Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) – Аллаһтың Елшісі екеніне куәлік беріп, алғаш мұсылманшылықты қабылдаған - әйел адам.

3. Жылына 4-5 миллиондай мұсылмандар жетуге асығатын Меккенің Мекке болуына себепкер болған - әйел адам. Сол Қасиетті қаладағы Зәмзәм су көзінің ашылуына себепкер болған - әйел адам.

4. Исламдағы көптеген үлкен ғұлама-ғалымдардың сондай дәрежеге жетуіне себепкер болған - әйел адам. Ислам діні әйел затын осыншалықты биік деңгейге көтерген. Сондықтан әйел мәртебесін көтерген арабтар емес, Аллаһтың бұйрығы. Ол дәстүр емес.

Сөз соңында орамал біздің дәстүріміз емес дейтіндерге, қазіргі кезде Еуропаға еліктеп қазаққа мүлде жат киім үлгісін киіп жүргендерге неге көз жұматынын айтқымыз келеді. Егер қолдан келсе сол қыздарымызды әдепке шақырайық.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін әйел заты өзінің өмірлік орнын жоғалтып алмаса екен дейміз. Сөзімізді Дарын Мубаровтың мына шумақтарымен тамамдайық:

Қоймаса егер ұятын күзет қылып,

Қыз бойынан табылмас ізеттілік.

Тәртіп деген баласы – тәрбиенің

Қыз қылығын алған жөн түзеттіріп.

Аллаһ деп айт, жатқанда ол бесігінде

Ілінбесін шайтанның кесіріне.

Жақсы көрсең – қызыңды Хаққа сүйре!

Қалмау үшін өкініш бесігінде.

Қыз абзалы Құдайды ойға алысты,

Қыз нашары ластанып, лайға түсті.

Адамдарда ұяттың бар-жоқтығы

Иманына, әрине, байланысты!

Білімсіз жан Аллаһқа дос бола ма?

Әлде оны нәпсісі басқара ма?

Қорқынышты, ертең ол Ана болса,

Қандай үлгі береді жас балаға?

Кім жамандық тілейді баласына?

Жақсылықтың дәнін ек санасына.

Иманы бар, ибалы қыздар ғана

Ертең елдің айналар Анасына!

Дайындаған Тайтелиев Файзулла

дінтанушы