9 Серпімді соқтығысу кезіндегі импульстің сақталу заңын оқып үйрену.
Мақсаты: шарлардың әсерлескенге дейінгі және әсерлескеннен кейінгі импульстің сақталу заңын анықтау
Құрал-жабдықтар:зертханалық тұрғы,муфта, доға тәрізді науа, диаметрлері мен массалары бірдей шарлар-2 дана, өлшеуіш сызғыш, тіктеуіш, қағаз парағы, көшірме қағаз, пластилин
Теориялық бөлім:
Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.
Күш импульсі: ; өлшем бірлігі Н·с
Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шаманы дене импульсі деп аталады.
Дене импульсі: ; өлшем бірлігі кг·м/с
Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.
Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады. Импульстің сақталу заңы: жүйе ішінде туындайтын өзара әрекеттесулер нәтижесінде тұйық жүйенің қосынды импульсі өзгермейді.
Гипотеза:
Жұмыс барысы:
Штативке қисық науаны көлденең орнатып массасы шарды бас жағына бекітеміз. Шар домалағаннан кейін шар жылдамдық алады, көлденең бағытта қашықтықты ұшады.