Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Мәдени және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер.
Advertisements

Пияз тұқымдастар. Пияз тұқымдастар – даражарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын даражарнақты өсімдіктер (83-сурет). Бұлар пиязшықты, кейде түйнек-пиязшықты.
Археологтардың зерттеуіне сүйенсек, аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді. Ежелгі мәдени ескерткіштердің.
Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары аз қимылдау, мөлшерден тыс тамақ ішу, спиртті сусындарды ішу, темекі тарту жүрек іс әрекетін нашарлатады, ал бұл.
Орындаған: Мусаханова Н Тексерген: Спанова А.Н. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
Қашқаргүл тәрізділер (латынша: Asterácea e), немесе ескі атауы Күрделі гүлділер(латынша: Compósitae) қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы Қашқаргүл.
Сабақтың тақырыбы: §48 Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан.
Орындаған: Алиасқарова Сымбат Жанатқызы Жетекшісі: Әкішева Жанар Егінбайқызы бастауыш сынып мұғалімі Еуропаны жарып өтіп, Баянаула жерінде, өсіп тұрсың.
Ауыл шаруашылығы. Бидай Күріш Қарбыз ҚауынАсқабақ.
Жобаның негізгі мақсаты: Б ө лме ө сімдіктеріні ң бірі кактусты ң т ү рлерін, ерекшеліктерін о қ ып ү йрену.
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау министрлігі Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университеті Балалардың жұқпалы аурулары және фтизиатрия кафедрасы.
1. Лездемелік сұрақтар: 1. Лездемелік сұрақтар: 1. Құлқайыргүлділер тұқымдасы қай класқа жатады? 2. Құлқайыргүлділер тұқымдасының қанша түрі бар? 3.Қазақстанның.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ Дәрілік технологиялар кафедрасы.
Қоңыр балдырлар - бөлімі-Phaeophyta. Жалпы сипаттамасы Қоңыр балдырлар бұл көбінесе теңіз суында өсетін қоңыр түсті балдырлар. Қоңыр балдырлардың 900.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алқа тұқымдас өсімдіктер туралы мағлұмат беру,олардың ортақ белгілерімен адам өміріндегі маңызын айту. Дамытушылық: оқушылардың.
Дұрыс тамақтана білеміз бе?Дұрыс тамақтана білеміз бе?
Клизма-сөзі гректің klisma-шаю,жуу деген сөзінен шыққан. Ол тоқ ішекке қандай да бір медициналық құралдың көмегімен сұйықтық енгізупроцедурасы болып табылады.
Қалқанша бездің жұмысын, оның адам организмінде атқаратын ролін, қалқанша бездің өзгеруінен болатын эндемиялық зоб(жергілікті жемсау) ауруының таралуы.
Зерттеу саласы : Өсімдіктер әлемі. Мұсатаева Адель 3 а - сынып оқушысы.
Табиғи газ және мұнайға серік газдар.
Транксрипт:

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады

Өсімдіктердің дәрілік қасиеттерінің негізі Алкалоидтар Гликозидтар Кумариндер Флавоноидтар Дубильді заттар Эфир майлары

Алкалоидтар- құрамында азотты органикалық қосылыстары бар негізді заттар.Өзінің атын арабтың алкалис- негіз және гектің ейдос- ұқсас, яғни негізе ұқсас деген сөзінен алған. Қазір алкалоидтардың 2 мыңнан астам түрлері белгілі, олардың 30- нан астамы медицинада қолданылады. Негізінен жүйкені қоздыру және басу үшін қолданылады, қан қысымын көтеріп – түсіреді, сондай-ақ бактерицидті қасиеттері де бар. Өсімдік құрамында 0,2-0,5% мөлшерінде кездеседі. Барбаристің –көкбояу тамырында-ол 15%.

Гликозидтер – қант малекуласы мен гликозидтті гидроксилдің басқа химиялық қосылыстар- агликондар немесе гениндермен қосылған күрделі қосылысты зат. Медицинада олар негізінен жүрек ауруларына қолданаады. Қазір гликозидтер мен олардың агликондарының 150 түрі белгілі болып отыр.Олар негізінен өте ащы дәмді болып келеді. Ең көп қолданылатыны - К-строфантин мен інжугүл жапырақтары-нан алынатын –конвалятоксин және кендірдің тамырынан алынатын цимарин заттары.

Флавоноидтар- өз атын латынның флавиум-сары деген сөзінен алған. Негізен түрлі химиялық қосылыстардан тұратын фенолды заттар. Көпшілік флавоноидтер бактерицидттік, жараны жазу үшін қолданылады. Сондай- ақ ағзадағы радиоактивті заттарды шығаруға қолданылады. Залалсыз бояғыштар негізінде тамақ өнеркәсібінде көп қолданылады.

Дубильді заттар – теріні қатайту, сапасын көтеру мақсатында қолданылады. Өсімдіктерде 10-20% кейде 70%-ке дейін кездеседі екен. Медицинада жараның үстінің тез бітуі үшін және олардың сілемейлі қабатына микроағзалардың түспеуі үшін қолданылады. Кей түрлері улануға қарсы да қолданылады.

Кумариндер- Алғаш рет кумарин Оңтүстік Америкада өсетін кумаруна ағашынан (Dipterix odorata) алынған. Ең негізі - кумарин ядросы. Жарықта түсін өзгертетін қасиеттері бар. Медицинада ағзаның өсуіне, қатерлі ісіктің алдын алуға, антибиотиктік қасиеттерімен пайдалы.

Эфир майы - ұшқыр, иісті зат. Өсімдіктерден алынады. Сезім мүшелеріне тез әсер етіп кейде оң, кейде кері әсер етуі мүмкін. Медицинада дезинфициялау, бактерицидтік қасиеті және қақырық түсіру үшін пайдаланады, бүйрек пен зәр шығару ағзаларын қоздырады. Көбінесе басқа иісті басу үшін қолданылады.

Қазіргі таңда медицинада қолданылатын 600-ге жуық өсімдіктердің түрлері белгілі.

Түймедақ гүлі

Түймедақ гүлімен қабынуға қарсы, антисептиктік қасиеттердің жиынтығын кездестіруге болады. Тек гүлді көлік жүрмейтін, ауылдар мен қалалардан алыс шалғындар мен алаңқайлардан жинау керек. Оның алғашқы гүлдеген кезі пайдалы, осы кезеңде емдік қасиеті де күшті болады. Түймедақ өттің айдалуына, тәбеттің ашылуына ықпал етіп, аллергиялық компоненттерінің арқасында аллергияға қарсы қолдануға болады. Оны өт жолдарына тас байлану, әйелдердің жыныстық аурулары, тік ішек, асқазан жарасы ауруларына пайдаланса, емі нәтижелі болады.

Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар. Олардың үштен бір бөлігі Ресей даласында кеңінен кездеседі.Сол түрлерінің ішіндегі ең кең таралғандары: римдік, неміс, далматтық, кавказдық, парсылық түймедақтар.Ежелгі Египетте түймедақ гүлі Күн құдайы Раға арналған. Түймедақ адам жүйкесін тыныштандырып, оған түскен ауыртпалықты қалпына келтіреді. Қан қысымын қалыпты жағдайға дейін түсіреді, тағдырдың кейде «сыйлайтын» оқыс жағдайларын жеңіл өткеруге әсер етеді.

Биік андыз

Биік андыз (Jnulae helenium, девясил высокий). Сипаттамасы: Биіктігі 1,5 м-ге жететін, тік сабақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары ірі, сопақша-эллипс пішінді, шеттері бейтегістісті болып келеді. Тамырсабағы қысқа, Жуан, көп басты, диаметрі 6-7 см, тамырсабақтан аз санды тамырлар тарайды, ұзындығы 20 см-ге дейін, жуандығы 2-3 см болады. Гүлдері алтын-сары түсті, диаметрі 7 см-ге жететін ірі себетке жиналған. Себеттерде жалғыздан болады. Шілде-тамызда гүлдейді. Андыз(Іnula) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда 12 түрі өседі. Олардың ішінде ең көп тарағандары – биік андыз (I. helenium) және үлкен андыз (I.grandis). Бұлардың биіктігі см-ден 2.5 м-ге дейін жетеді. Тік сабағына бүтін жиекті жапырағы кезектесе орналасады. Ашық сары түсті гүлі қалқанша тәрізденіп, бір- бірден не топтанып біткен себет гүл шоғырына жиналады. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі цилиндр тәрізді тұқымша. Өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қатыну процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат – эфир майы, инулин бар. Сондықтан андыз бағалы дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде пайдаланылады, сондай-ақ тағам өндірісінде және бояу алу үшін қолданылады.

Жинау Араласпадан арылтып, тазалап жуып, тураған соң кептіріп алады. Таралуы: ТМД елдерінің Европалық бөлігінің Оңтүстік және Орталық аймақтарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда өседі. Қазақстанда Семей, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Шымкент маңайларына өседі. Дайыңдау аймақтары – Краснодар, Ставрополь өлкелері мен Қазақстан. Дайындалуы: Тамырлары мен тамырсабақтарын күзде, жемістері пайда болғаннан бастап үсік жүргенге дейін дайындайды. Өсімдік сабағының маңын 20 см радиусында қазады, одан кейін сабағының түбінен ұстап, тік тартып тамырсабағын тамырларымен бірге тартып шығарады. Топырақтан тазартады, суда тез жуады. Тамырлар мен тамырсабақтарды ұзына бойына, ұзындығы см, жуандығы 1-2 см болатындай етіп турайды. Шикізатты 2-3 күн бойына ашық ауада қақтайды. Кептіргіштерде, 40º С – тан артпайтын температурада кептіреді

Шикізаттың сапалық көрсеткіштері: Тамырсабақтары мен тамырларының ұзындығы 2-ден 20 см-ге дейін, жуандығы 0,5 см-ден 3 см-ге дейін болады. Сынған жері бейтегіс. Сырты сұрғылт-қоңыр, іші сарғылт-ақ түсті, хош иісті, ащы дәмді. Ылғалдығы 13%-дан артпау керек, жалпы күлі 10%-дан артпау керек, солған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек, сынған жерінде қарайған тамырсабақтар мен тамырлар 5%-дан артпау керек. Органикалық қоспалар 0,5%-дан көп болмау керек. Минералдық қоспалар 1% - дан артпау керек. Химиялық құрамы: Шикізаттың құрамында 40%-ға дейін инулин болады, эфир майлары және сапониндер бар. Қолданылуы: Өт пен асқазанды қуаттандырады, у қайтарып сарай ашады. ауыруды басып, төрелмені тыныштандырады Қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Эфир майының антисептикалық, қабынуға қарсы әсері бар. «Аллонтон» препараты асқазан-ішек жарасын емдегенде қолданылады. Дәрілік препараттары: Қайпатпа, «Аллантон», «Девять сил» сусыны

Бұл жабайы өсiмдiктiң бiр түрi. Шығыс Қазақстан- да өседi. Бронхит және т.б. тыныс жолдары аурулары- мен ауырғанда қақырық түсiру үшiн тамыры мен тамыр сабағын қайнатып iшедi. Эфир майынан жасалған препараттар антисептикалық дәрi, қабынғанға және iш құрттарына қарсы дәрi ретiнде қолданылады. ҚАРАНДЫЗ

Мия Жабайы өсiмдiк. Тамырынан жасалған дәрiлер қақырық түсiруге және iштi жүргiзуге, қабынғанға және түйнегенде басуға қолданылады. Глицерром препараты бронхиальдi астма, бүйрекүстi бездерiнiң қызметi төмендегенде, экзема жене аллергиялық дерматит т.б. ауруларға қарсы колданылады. Ликвиритон препараты несеп айдайтын дәрi ретiнде қолданылады.

Шырғанақ - жабайы өсiмдiк. Жемiсiнiң майын күйiкке, ойылған жараға, жатыр мойынының эрозиясына қолданылады, сондай-ақ iшкi жара ауруларына қолданылады.

Алое Жас жапырақтарынан алынған шырыны мен спирт iрiңдi жараны, күйiктi, терiнiң қабыну ауруларын емдейдi. Алоенiң шырыны созылмалы iш қату ауруына да қолданылады. Алоеден дайындалған биостимулятор препараты ауру организмнiң қорғану функцияларын күшейтедi. Кептiрiлген сығындысынан алынған спирттi тұндырмасы немесе құрғақ экстракты iш жүргiзетiн дәрi ретiнде қолданылады. Сондай-ақ асқазанның тамақ сiңiру жұмысын жаксартады және тәбет көтередi.

Жалбызтiкен Дәрiлiк жалбызтiкен жабайы өсiмдiк. Тамырынан жасалатын тұнбасы және шырыны, сығындысы тыныс жолдарының ауруларын, трахея, бронхиттi емдеуге, қабынуға қарсы және кақырық түсiретiн дәрi ретiнде қолданылады, сондай-ақ iш бұзылуын, гастриттi және энтеро-колиттi емдеуге пайдалы.

Өсімдіктің гүлдеу мерізімі - маусым-шілде, ал жеміс беруі - шілде-тамыз айларына сәйкес келеді. Халық медицинасында пиязшықтың қайнатпасын жүйке және бауыр ауруларына, ал шикі күйінде - ревматизм мен түрлі жараларға қолданылады. Бұл өсімдіктен сонымен қатар маталарды бояйтын қара бояу алынады. Лалагүл

Алтай эндемигі болып табылатын ерекше бұта. Жекелеген гүл шоғырына жинақталған біржынысты гүлдер. Сібір бұтасы мамыр - маусым айларында гүлдеп, ші лде - тамызда жеміс береді. Жапырақтарын кейде шайдың орнына, ал халық медицинасында безгек, бауыр ауруы (гепатит) жүрек - қантамыр жүйесін емдеуге пайдаланады. Алтай Сібір бұтасы.

Жер асты бөлігі нің жағымды иісі бар, қызғылт - сары болып келеді. Сондықтан «алтын тамыр» немесе «қызғылт тамыр» деп атайды. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, шілде - тамызда жеміс береді. Тамырын ан дайындалған препараттар ми және жүрек қызметін қалпына келтіру мен жұмысқа деген қабілетін арттыру үшін қан аздықты, ісікті, қант диабетін емдеу үшін пайдаланылады. Алтын тамыр

Меңдуана Құрамында орталық жүйке жүйесін тітіркендіретін алкалоидтары бар, ол көз қарашығын үлкейтіп жібереді, сондықтан көзге операция жасау кезінде өте қажет.

Таңқурай Кептірілген жемістері тершығаратын, суық тигенде терлететін дәрілердің құрамына кіреді. Өте ащы дәрілердің дәмін басу үшін да кеңінен қолданылады.

Інжугүл (ландыш) Інжугүлдің гүлдері қатты жүрекқағысын басатын тамшылар дайындауға қолданады..

Итмұрын Көптеген халықтарда итмұрын тұрмыстық және қасиетті өсімдік. Оның гүлдерінен қалыңдықтарға гирлянды тіккен, әйелдер және қыздар өздерін ашық тұқымдарымен әрлеген. Славян халықтарында итмұрын әдеміліктің, жастықтың, махабаттың символы болып табылады.

Итмұрынның ерекшелгі – бағалы витаминдере бай, жемісі және одан дайындалған дәрі- дәрмектер медицинада негізінде асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы – парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.

Чистотел Это растение называют еще «бородавочник», что связано с использованием его сока в народной медицине при кожных заболеваниях: им выводят бородавки. Млечный сок у чистотела желтого цвета, отсюда и еще одно название «желтомолочник».

Трава чистотел – целая аптека! И если «лук от семи недуг», а «девясил дает девять сил», зверобой бальзам от 99 хворей, то чистотел русский женьшень и лечит более 250 болезней.

Лопух, репейник Лопух – известный двулетник из семейства сложноцветных. Широко распространен как сорняк. В пищу применяют молодые корневища растения первого года жизни, которые весьма популярны в качестве продукта питания во Франции и Бельгии, в США и Китае.

Применение лопуха при различных болезнях Лопух обладает противовоспалительным, ранозаживляющим, кровеочистительным, мочегонным, потогонным действиями, регулирует обмен веществ. Поэтому находит широкое применение при лечении различных заболеваний: желудочно-кишечных, печени, почек. Употребляется при ревматизме, золотухе, сахарном диабете. Моют голову в отваре лопуха для улучшения роста волос, избавления от перхоти.

Оның препараттары Асқазанның түрлі ауруларында, ішкі және сыртқы қан кетулерде қолданылады.

Адыраспан ның емдік қасиеттері. Ревматизм ауруына Буынның қабынуына Тіс ауруына Бел,сал ауруларына Бастың созылмалы ауруына Тарамыс ауруына Асқазанды тазалауға Ұмытшақ ауруына

Жемістерде емдік қасиеттерді иеленеді.

Кәдімгі өрік (Armeniacae vulgaris, абрикос). Сипаттамасы: Биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі см-ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады. Таралуы: Жабайы түрде Орта Азияда, Солтүстік – Шығыс Қытайда, Дағыстанда кездеседі. Таулардың құрғақ, тастақ етектерінде тоғайланып өседі. Қазақстанның таулы аудандарын теңіз деңгейінен м биіктікте өседі. Іле Алатауы, Кіші Алматы өзенінің жағасында, Талғар, Түрен аймақтарында жиі кездеседі.

Дайындалуы: Шайырлар өріктің діңгегінде, бұтақтарында ағып жиналды. Орта Азияда кейбір ағаштардан 0,5 кг-дан 1,5 кг-ға дейін жинап алуға болады. Қағаз бетіне жайып қойып, жақсы желдетілетін бөлмелерде кептіреді Химиялық құрамы: Өрік шайырының құрамына 16% глюкурон қышқылы, 44%-ға дейін галактоза, 41%-ға дейін арабиноза кіреді, белоктық заттар 0,6%- дан аспайды. Шикізаттың сапалық көрсеткіштері: Өрік шайырының кесектерінің үлкендігі әртүрлі болады, сыртқы формалары да әртүрлі: майдалары тамшы және сүңгі тәріздес, ірілері шар және жентек тәріздес болады. Жаңа жиналып алған шайыр ақшыл-сары түсті, мөлдір болады, ескі кесектері Сары – қоңыр түсті болады, мөлдір болмайды. Қолданылуы: Эмульгатор ретінде эмульсиялардың ондірісінде қолданылады.

Назарларыңызға рахмет!!!