ҰМЖ бөлім тақырыбы:8.4 Су Сабақтың тақырыбы:Судың ластану себептері. Судың кермектігі. 10 зертханалық тәжірибе «Судың кермектігін анықтау». Оқу мақсаты:

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Ұлыдан ұрпақтар қалса игі.. Абай мен Шәкәрім Құнанбай мен Шәкәрім Ақынның шығармашылық әлемі Өмірі Қажылық Алаш және Шәкәрім Л.Н.Толстой мен Шәкәрім Халық.
Advertisements

Транксрипт:

ҰМЖ бөлім тақырыбы:8.4 Су Сабақтың тақырыбы:Судың ластану себептері. Судың кермектігі. 10 зертханалық тәжірибе «Судың кермектігін анықтау». Оқу мақсаты: судың «кермектігін» анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін білу. Бағалау критерийі:1.Судың кермектігін анықтайды және оны жою тәсілдерімен танысады. 2.Суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін қолданады Ойлау дағдыларының деңгейі: жоғары Ресурстар:- himiya/index17.html - Кері байланыс:«Еркін микрофон» әдісі.

Неліктен жер бетінің кейбір бөліктерінде жұмсақ су, Ал кей жерлерде кермек су кездеседі? Неліктен жер бетінің кейбір бөліктерінде жұмсақ су, Ал кей жерлерде кермек су кездеседі? ШӘЙНЕКТЕ НЕГЕ ҚАҚ ТҮЗІЛЕДІ? Суда кейде неге сабын көпірмейді?

мәнмәтін Су кермектігі СУДЫҢ КЕРМЕКТІГІ – құрамында кальций (Са2+) және магний (Мg2+) иондарының (негізінен карбонатар) болуынан туындайтын судың қасиеті. Кермек су құрамында келесідей кальций және магний қосылыстары болады: Магний гидрокарбонаты [Mg(HCO 3 ) 2 ] Кальций гидрокарбонаты [Ca(HCO 3 ) 2 ] Магний сульфаты [MgSO 4 ] Кальций сульфаты [CaSO 4 ] Кермек су уақытша және тұрақты болуы мүмкін. Уақытша кермектілік магний және кальций гидрокарбонаттарынан тұрады. Тұрақты кермектілік магний және кальций сульфатынан тұрады. Судың кермектілігін келесі әдістермен жояды: 1) Суды қайнату әдісі, бұл жағдайда су құрамындағы гидрокарбонаттар (Ca (HCO 3 ) 2 ) ыдырап ыдыс бетіне қақтар (Ca CO 3 ) түзіліп, қатты зат ретінде жиналып, су тазарады. 2) Әк суын (Ca(OН) 2 ) қосу әдісі, мұнда гидрокарбонаттармен (Ca (HCO 3 ) 2 ) әк суы әрекеттесіп, қақтар (Ca CO 3 ) түзіледі, нәтижесінде су тазарады. 3) Сода қосу (Na 2 CO 3 ) әдісі, мұнда сода су құрамындағы сульфаттармен (CaSO 4 ) әрекеттесіп қақтар (Ca CO 3 ) түзіледі. Су кермектігі СУДЫҢ КЕРМЕКТІГІ – құрамында кальций (Са2+) және магний (Мg2+) иондарының (негізінен карбонатар) болуынан туындайтын судың қасиеті. Кермек су құрамында келесідей кальций және магний қосылыстары болады: Магний гидрокарбонаты [Mg(HCO 3 ) 2 ] Кальций гидрокарбонаты [Ca(HCO 3 ) 2 ] Магний сульфаты [MgSO 4 ] Кальций сульфаты [CaSO 4 ] Кермек су уақытша және тұрақты болуы мүмкін. Уақытша кермектілік магний және кальций гидрокарбонаттарынан тұрады. Тұрақты кермектілік магний және кальций сульфатынан тұрады. Судың кермектілігін келесі әдістермен жояды: 1) Суды қайнату әдісі, бұл жағдайда су құрамындағы гидрокарбонаттар (Ca (HCO 3 ) 2 ) ыдырап ыдыс бетіне қақтар (Ca CO 3 ) түзіліп, қатты зат ретінде жиналып, су тазарады. 2) Әк суын (Ca(OН) 2 ) қосу әдісі, мұнда гидрокарбонаттармен (Ca (HCO 3 ) 2 ) әк суы әрекеттесіп, қақтар (Ca CO 3 ) түзіледі, нәтижесінде су тазарады. 3) Сода қосу (Na 2 CO 3 ) әдісі, мұнда сода су құрамындағы сульфаттармен (CaSO 4 ) әрекеттесіп қақтар (Ca CO 3 ) түзіледі.

10 зертханалық тәжірибе «Судың кермектігін анықтау» Сабын ерітіндісінің көмегімен су кермектігін сапалы анықтау Үш сынауыққа 10 мл су құйыңыз: 1 – су құбыры, 2 – қайнаған су құбыры, 3 – дистиллденген. Әр сынауыққа бірдей сабын кесегін салыңыз, 1-2 минут бойына қатты сілкіңіз, оның барынша толық еруіне қол жеткізіңіз. Әрі қарай су тұндырылады. Түзілген көбік биіктігін өлшеңіз және алынған ерітіндінің сыртқы түрін сипаттаңыз: қабыршақ түрлі тұнбаның болуы, оның саны, ерітінді мөлдірлігіне назар аударыңыз

Тәжірибе нәтижесін кестеге түсіріңдер: Су үлгісіАлынған ерітіндінің сипаттамасы Құбыр суы Қайнатылған құбыр суы Дистилденген су Дескриптор: жалпы 3 балл 1. Тәжірбиені орындайды. 2. Ерітіндінің сипаттамасы бойынша судың кермектігін анықтайды. Дескриптор: жалпы 3 балл 1. Тәжірбиені орындайды. 2. Ерітіндінің сипаттамасы бойынша судың кермектігін анықтайды.

Тапсырма 1. Кермектікті жою әдістері көрсетілген реакция теңдеулерін аяқтаңыз: 1. Суды қайнату: 2. Соданың әсері: 3. Әк сүтінің әсері: Ca (HCO 3 ) 2 = ? + ? + ? CaSO 4 +Na 2 CO 3 = ? + ? Ca(HCO 3 ) 2 +Ca(OН) 2 = ? + ? Дескриптор: Жалпы - 3 балл Реакция теңдеулерін аяқтайды, кермектікті жою әдістерін анықтайды. Дескриптор: Жалпы - 3 балл Реакция теңдеулерін аяқтайды, кермектікті жою әдістерін анықтайды. Ca (HCO 3 ) 2 = ? + ? + ?

Судың кермектілігін жою әдістері 1. Суды қайнату арқылы: 2. Әк суын қосу арқылы: 3. Сода қосу арқылы: Ca (HCO 3 ) 2 = Ca CO 3 + CO 2+Н 2 O қақ Ca(HCO 3 ) 2 +Ca(OН) 2 = 2СаCO 3 +2Н 2 О әк суы CaSO 4 +Na 2 CO 3 = СаCO 3 +Na 2 SO 4 сода

Тәжірибе 2 «Белгісіз ерітінді» қызықты тәжірибе Бірнеше түрлі сұйықтықтарды ал. Сусыз мыс (ІІ) сульфатына берілген сұйықтықтарды кезегімен тамызып көр. Сәйкес қорытынды жаса. Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1. Тәжірбиені орындайды. 2. Белгісіз ерітінділер ішінен суды анықтайды. Дескриптор: Жалпы - 3 балл 1. Тәжірбиені орындайды. 2. Белгісіз ерітінділер ішінен суды анықтайды.

СУҒА САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯ Қорытынды Сусыз ақ түсті мыс (ІІ) сульфаты суға сапалық талдау жүргізіледі. сусыз мыс (ІІ) сульфаты +Н 2 О мыс (ІІ) сульфатының кристаллогидраты

Рефлексия Еркін микрофон» әдісі. 1.Сабақ қай деңгейде өтті? 2.Өз жауаптарыңа көнілің толды ма? 3.Сабақ пайдалы болды ма? 4.Сабақ барысында көңіл-күйің қалай болды? 5.Қай тұсында қателіктер кетті деп ойлайсың? Еркін микрофон» әдісі. 1.Сабақ қай деңгейде өтті? 2.Өз жауаптарыңа көнілің толды ма? 3.Сабақ пайдалы болды ма? 4.Сабақ барысында көңіл-күйің қалай болды? 5.Қай тұсында қателіктер кетті деп ойлайсың?

Тапсырмалар сипаттамасы: Мазмұндық саласы:Әлеуметтік және ғылыми мәселелерді шешу Құзыреттілік саласы:Идеяларды бағалау және іріктеу Күрделілік деңгейі:жоғары Мәнмәтін, жағдаят:Табиғат пен техника Жауап форматы:толық жауабы бар тапсырма