Орындаған: Сақтапбергенов Бағдат Тобы:109 Б Жалпы Медицина Қабылдаған: Перизат Талғатқызы Алматы 2018 жил СӨЖ СӨЖ Тақырыбы:Гетероциклді қосылыстар
Жоспар: Кіріспе: Негізгі бөлім: Гетероциклды қосылыстар. Алкалоидтар Қорытынды: Қолданылған әдебиетер
Тұйық тізбектің құрамында көміртегі атом дарынан басқа бір немесе бірнеше басқа атом дар болатын қосылыстар гетероциклды қосылыстар деп аталады. Олар әртүрлі болуы мүмкін, табиғатта кең тараған гетероцикл дарға бес және ялты мүшелілер жатады. Гетероатомның ролін азот, күкірт, оттегі және т.б. атқаруы мүмкін. Гетероцикл дар қаныққан, қанықпаған және ароматы болып бөлінеді. Олардың ішінде физиологиялық белсенді заттардың және дәрі дәрмектердің құрамында кездесетін ароматылар табиғатта кең тараған. Бес мүшелі бір гетероатомды гетероцикл дарға пиррол, фуран және тиофен жатады. Олар өзара генетикалық байланыста болатын ароматы қосылыстар болып табылады.
пиррол Фуран Тиофен Пиррол сатылап тотықсызданады: 3–Пирролин Пирролидин
Пирролидин ядросы кейбір табиғи қосылыстардың, дәрілік заттардың, кейбір алкалоидтардың, пролин және гидроксипролин α–амин қышқылдарының сол сияқты γ–амин май қышқылы пирролидон–2–лактамы туындыларының құрамына енеді. Азотты табиғи заттардың маңызды тобин құрамына төрт пиррол сақинасы енетін тетрапирролды қосылыстар құрайды. Тетрапирролды қосылыстарда метен =СН чччтобымен бөлінген екі пиррол сақинасынан тұратын екі дипиррилметенді фрагмент болады. Дипиррилметенді фрагменте көптеген тетрапирролды қосылыстарда макроциклды порфин сақинасын түзеді, оның пирролды цикл дардағы жартылай немесе толық алмасқан түрі порфириндер деп аталады. Дипиррилметан
Порфириндердің мысалына қан гемоглобинінің құрамына енетін протопорфирин жатады: Порфиннің ядросы Протопорфин Гем Порфириндер табиғатта металдармен түзілетін комплекс тер түрінде кездеседі, мысалы, порфириннің магний мен комплексі хлорофиллдың негізін құрайды, ал порфириннің темірмен комплексі гемопротеиндердің простетикалық чччтобы түрінде қызмет етеді, мысалы, оларға гемоглобин, цитохром дар және басқа ферментер жатады. Порфириндердің темірлі туындылары гендер деп аталады. Мысалы, протогем – гемоглобиннің простетикалық чччтобы. Цитохром С ядросының да құрылысы осындай.
Витамин В 12 (цианкобаламин) құрылымы бойынша металдардың порфиринді комплекс теріне жуық. Ол қанды қалыпты өндіру үшін қажет. Витамин В 12 (цианкобаламин) Фуранның туындысы фурфуролдан (фуран–2–карбальдегид) фуран қатарының күшті бактерицидтік қасиеттер көрсететін 5 – нитротуындылары алынады. Бұл қатардан микроорганизмдер туындататын іріңді – қабыну процестерінде (дизентерия, тиф, т.б.) тиімді әсер ететін фурацилин және фуразолидон жиі қолданылады. Фурацилин Фуразолидон
Тиофен тотықсызданып, тетрагидротиофен түзіледі: тетрагидротиофен Тиофеннің туындылары қабынуға қарсы, антисептикалық және жергілікті жансыздандырғыш қасиеттер көрсететін ихтиол майының құрамында болады. Тетрагидротиофеннің туындысына биотин (витамин Н) жатады, оның қоректің құрамында жеткіліксіз болуы белоктар мен майлардың дұрыс алмаспауына және тері дерттеріне әкеледі. Екі гетероатомды бес мүшелі гетероцикл дардың тұрақтылығы жоғары, олар таутомерлік түр – өзгерістерге және молекулааралық сутектік байланыстар түзуге қабылетті болып келеді. Негізгі өкілдеріне пиразол, имидазол, тиазол және оксазолды жатқызуға болады. оксазолтиазолимидазолпиразол
Имидазол молекуласындағы NН чччтобы мен –N= атомы молеклааралық сутектің байланыстардың түзілу себепшісі болып табылады: Мұндай ассоциациялардың салдарынан кейбір гетероцикл дарда прототропты таутомерияға әкелетін молекулааралық сутектік алмазу жүреді: 4 – метилимидазол 5 – метилимидазол
Имидазолдың аса маңызды туындыларына гистидин және оның декарбоксилдену өнімі гистамин жатады: гистидин гистамин Имидазолды цикл дар, сол сияқты, кейбір алкалоидтардың құрамында кездеседі. Пиразолдың белгілі туындысына ыстықты төмендететін, тыныштандыратын және аурысынуды жеңілдететін антипирин, амидопирин, анальгин сияқты дәрілік заттарды алу үшін қолданылатын пиразолон – 5 жатады. пиразолон – 5
антипирин амидопирин анальгин Оксазол және тиазол екі түрлі гетероатом дары болатын бес мүшелі гетероцикл дарға жатады. Тиазолды цикл витамин В 1 (тиамин) мен кофермент кокарбоксилазаның құрамына енеді. Толық гидрленген тиазол (тиазолидин) пенициллинді антибиотиктердің құрылымдық букины болып табылады. Төрт гетероатомды бес мүшелі гетероцикл тетразолдың туындысы коразол медицинада орталық жүйке жүйесінің стимуляторы ретінде қолданылады. тетразол 1,5-Пентаметилентетразол (коразол)
Бір гетероатомды ялты мүшелі гетероцикл дардың ішіндегі аса маңыздыларына азоты қосылыстар пиридин, хинолин, изохинолин және акридин жатады. пиридинхинолинизохинолинакридин Пиридиннің туындыларының ішінде изомерлі метилпиридин дер – пиколиндердің тотығуы маңызды болып есептеледі. Мысалы, β–пиколин, β–пиридин қышқылына немесе никотин қышқылына айналады: β–пиколин никотин қышқылы (витамин РР) Никотин қышқылы және оның амиді медицинада пеллагра дертін емдеу үшін қолданылатын РР витаминінің екі түрі ретінде белгілі. Никотинамид тотығу–тотықсыздану ферментерінің құрам бөлігі, ал никотин қышқылының диэтиламиді (кордиамин) ОЖЖ–нің стимуляторы қызметін атқарады. γ–пиколин тотыққанда, туберкулезге қарсы қолданылатын тубазид пен фтивазидті алу үшін пайдаланылатын изоникотин қышқылы түзіледі.
Изоникотин қышқылы тубазид тубазид фтивазид Пиридиннің тотықсыздануы жұмсақ жағдайда жүреді, түзілетін пиперидин анестетик промедолдың құрамына енеді: пиридин пиперидин промедол Пиридиннің маңызды туындыларына коферментердің құрылымдық элементтері болып табылатын В тобиның кейбір витаминдері жатады. Мысалы, пиридоксальфосфат α–амин қышқылдарының түзілуі барысындағы қайтадан аминделу (трасаминделу) реакция сына қатысады. Хинолиннің ядросы кейбір алкалоидтардың және дәрілердің құрамында болады. Мысалы, оның туындысы хинозол антисептикалық зат ретінде қолданылады, ал басқа туындысы 8–гидрокси–5–нитрохинолин (5–НОК) бактерицидтік қасиет көрсетеді.
Үшінші бір өкілі 8–гидрокси–7–иод–5–хлорхинолин ішек инфекцияларының микроорганизмдеріне күшті әсер жасайды. 8–гидрокси–7–иод–5–хлорхинолин Изохинолиннің ядросы морфин және папаверин алколоидтарының құрамында болады. Акридиннің кейбір туындылары күшті бактерицидтік әсер жасайды, мысалы, риванол (этакридин) залалсыздандыру үшін қолданылады. Екі гетероатомды ялты мүшелі гетероцикл дарға жалпы түрде диазиндер деп аталатын және өзара изомерлер болып табылатын пиридазин, пиримидин, пиразин жатады. пиридазин (1,2 – диазин) Пиримидин (1,3 – диазин)пиразин (1,4 –диазин Әсіресе, нуклеин қышқылдарының компоненттеріне жататын пиримидиннің гидрокси және аминді туындылары урацил, тимин және цитозин өте маңызды. Оларға лактам–лактимді изомерия тән:
урацил (2,4 – дигидроксипиримидин) тимин (2,4–дигидрокси–5–метилпиримидин) цитозин (4–амин–2–гидроксипиримидин) Пиримидиннің аминді туындыларында, сонымен қатар, аминді–иминді таутомерия да байқалады. Пиримидиннің көптеген аминді, гидрокси және тиотуындылары дәрі – дәрмектер ретінде қолданылады. Мысалы, урацил–6–карбон қышқылының калийлы тұзы алмазу процестерінің стимуляторы ретінде, ал метилтиоурацил қалқанша бездің қызметін емдеу үшін пайдаланылады. Пиримидиннің туындылары кейбір алкалоидтар мен сульфаниламидтердің құрамында болады. Барбитур қышқылының барбитурата деп аталатын диалмасқан туындылары ұйықтатқыш және талмаға қарсы дәрілер ретінде аса маңызды роль атқарады.
Барбитураттарға барбитал (веронал), оның натрийлы тұзы және фенобарбитал (люминал) жатады. Маңызды витаминдердің бірі тиамин (витамин В 1 ) өзара метилен чччтобымен жалғасқан пиримидин және тиазол сақиналарынан тұрады. тиамин (витамин В 1 ) Тағамның құрамында тиаминнің жетіспеуі Шығыста «бери – бери» денег атпен белгілі ауры директ әкеп соқтырады. Бұл витаминнің қажеттілігі оның α–оксоқышқылдардың декарбоксилденуіне және ацетилкофермент А–ның синтезіне қатысатын кокарбоксилаза коферментінің құрамында болуымен түсіндіріледі. Индол құрамында бензол және пиррол ядро лары болатын конденсацияланған гетероцикл дарға жатады. Индолдың биологиялық маңызды туындыларына триптофан және оның метаболиттік өзгеру өнімдері жатады. Триптофан немесе α–амин–β–(β– индолил) про пион қышқылы жануарлар мен өсімдік ағзаларындағы полипептидтердің құрамына енеді. Триптофан Триптофанның гидроксилденуі нәтижесінде 5–гидрокситриптофан, ал оның декарбоксилденуі барысында бас миының нейромедиаторларының бірі 5–гидрокситриптамин (серотонин) түзіледі. Оның қалыпты алмазуының бұзылуы шизофренияны туындатады. Серотонин қалыпты жағдайда сірке қышқылына дейін тотығып, несетпен сыртқа шығады.
Триптофанның келесі туындысына өсімдміктер әлемінде өсу факторы болып есептелетін гетероауксин (ИУК) жатады. Бициклды гетероцикл дардың арасында пуринді және птеринді цикл дар кең тараған. Тіршілік процестеріне қатысатын гидрокси және аминді пуриндердің маңызы жоғары. Мысалы, нуклеин қышқылдарының метаболизмі барысында жанды ағзаларда 6–гидроксипурин (гипоксантин), 2,6–дигидроксипурин (ксантин) және 2,6,8–тригидроксипурин (несет қышқылы) пайда болады. гипоксантинксантин несет қышқылы Пуринді қосылыстардың соңғы айналу өнімі болып табылатын несет қышқылы ағзадан тәулігіне 0,5 г – 1,0 г мөлшерінде несетпен бөлінеді. Несеп қышқылының тұздары ураттар деп аталады, олар әртүрлі ауытқулардың барысында, мысалы, подагра дертінде буындарда, сол сияқты бүйрек тастары түрінде ағзада жиналады. Аса маңызды аминді пуриндерге нуклеин қышқылдарының құрамына енетін 6–аминпурин (аденин) және 2–амин– 6–гидроксипурин (гуанин) жатады.
аденин гуанин Аденин мен гуанинге НNО 2 қышқылымен әсер еткенде, олардың дезаминделуі нәтижесінде сәйкес келетін гипоксантин және ксантин түзіледі. Конденсацияланған бициклды пиримидин және пиразиннен құралған гетероцикл птеридин деп аталады. птеридин Гидрокси және аминдіптериндер табиғатта кең тараған, мысалы, 2–амин–6–метил–4–оксоптеридиннің қалдығы воли қышқылының, ал 2,4–диоксоптеридин жанды ағзалардың өсу факторы болып есептелетін витамин В 2 немесе рибофлавиннің құрамында болады.
Алкалоидтар көптеген өсімдіктердің құрамында кездеседі және аминқышқылдарынан синтезделеді. Биологиялық қасиеттері көп мөлшерде улы, ал аз мөлшерде емдік зат ретінде байқалады.
«Алкалоид» терминін 1819 жилы фармацевт В.Мейснер ұсынды. Алғаш анықтама берген 1910 жилы Э.Винтерштейн мен Г.Трир.
Алкалоидтар негіздік қасиет көрсетеді.Өсімдіктерде алкалоидтар органикалық қышқылдардың тұздары түрінде болады. Медицинада олардың күшті минералды қышқылдармен тұздары түрінде қолданылады. Алкалоидтардың негіздік қасиеттері көбінесе қаныққан немесе ароматық жүйеге енетін бір немесе бірнеше азот атом дарының болуына байланысты. Азот атомы бөлінбеген электрон жұптары арқылы негіздік қасиет танытады және қышқылдармен тұздар түзеді.
Қазіргі кезде 5000-нан астам алкалоидтар белгілі. Олардың құрылымының негізінде қандай да бір гетероцикл болады. Алкалоидтарды химиялық жіктеу осы жағдайға негізделген. Алкалоидтардың бастауы ретінде орнитин,лизин, аспарагин қышқылы, фенилаланин, тирозин, триптофан болып саналады. Физиологиялық ең қарапайым туындысы ретінде эфедринді қарастыруға болады. Қазіргі кезде 5000-нан астам алкалоидтар белгілі. Олардың құрылымының негізінде қандай да бір гетероцикл болады. Алкалоидтарды химиялық жіктеу осы жағдайға негізделген. Алкалоидтардың бастауы ретінде орнитин,лизин, аспарагин қышқылы, фенилаланин, тирозин, триптофан болып саналады. Физиологиялық ең қарапайым туындысы ретінде эфедринді қарастыруға болады.
Эфедрин кеңірдекті кеңітетін зат. Оған құрылысы ұқсас адреналин жақын тұр. Ол маңызды биологиялық процестерді реттейтін гормон рөлін атқарады.
Никотин -пиридин тобина жататын алкалоид.Ол көп мөлшерде темекі жапырағында кездеседі. Өте улы зат,адам үшін қауіпті дозасы мг.
Хинин хин ағаштарының қабығында кездесетін алкалоид. Ол безгекке қарсы қолданылады,өте улы зат түрінде болады.
Морфин апиынның құрамында 8-12 % шамасында кездеседі. Оның құрамына негізінен изохинолин ядросымен конденсацияланған фенантрен сақинасы кіреді. Морфин молекуласында 2 ОН топтары бар,оның біреуі фенолдардың,ал екіншісі спирттердің қасиеттерін көрсетеді. Морфин аз мөлшерде қолданғанда ұйықтататын және ауруды жансыздандыратын қасиет көрсетеді. Жиі қолданғанда ағза қатты уланып,адам жаны оған үйреніп кетеді.
Атропин доланада кездеседі. Қатты зат. Ол - тропин спирті мен троп қышқылының күрделі эфирі. Медицинада аз мөлшерде адам көзінің қарашығын үлкейту үшін қолданылады.
Кокаин күшті жергілікті жансыздандыратын зат,сондықтан оны көз,тамақ ауруларын,ауыз,мұрын қуыстарының кілегейлі қабаттарының емденегде жергілікті анестезия үшін қолданады. Бей-берекет қолданғанда кокаинизм деп аталатын өте ауры нашақорлыққа соқтырады.
Резерпин қан қысымын төмендетеді. Ол RAUVOLFIA SERPENTINA өсімдігінен бөлініп алынған. Қан қысымы көтерілгенде (гипертония), кейбір психикалық науқастарда емденегде қолданылады,құрылысы өте күрделі.
Хинидин хининнің диастомері. Хинин ағашында 0,25 до 1,25% мөлшерде кездеседі. Ол антиаретмиялық жүрек құралы ретінде пайдаланылады.
Эфедрин. Китайцы более 5000 лет используют ма-хуан – смесь надземных частей растений Ephedra equisentina, E. sinica и E. distachya. Главное действующее начало ма-хуана – алкалоид эфедрин. Он применяется как мидриатик и для расширения бронхов. Он возбуждает симпатическую нервную систему, вызывает сужение сосудов, стимулирует сердечную деятельность и на продолжительное время обеспечивает подъем кровяного давления. Раствор эфедрина (0,5–1,0%) используют при насморке. Эфедрин применяют также при бронхиальной астме, сенной лихорадке, неудержимом кашле, миастении и остановке сердца.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Тюкавкина Н.А. Биоорганическая химия 2. Патсаев Ә.К. Сейтімбетов Т.С. Шитыбаев С.А. Дәуренбеков Қ.Н. Биоорганикалық химия 3. Ділмағамбетов С.Н. Ғұмарова Ж.Ж. Борамбаева С.Қ.