Жер бетіндегі литосфералық тақталар сызбасы
Геология ғылдымының бүгінгі таңдағы өзіне тән ерекшелігі – литосферадағы, жер қыртысындағы геологиялық құрылымдардың журнала бастауы, дамуы және қайтадан тұрақтануы сияқты ұланғайыр үдерістер жиынтығының жүзеге асуан жер тарихындағы континенттердің мұхиттарға ауысуымен, осы мұхиттардың қайтадан континенттерге ауысуымен байланыстыратын жаңа тұжырымдар негізінде түсіндіру болып табылады. Бұл тұжырымдарға сәйкес, литосферадағы (жер қыртысындағы) аймақтардың геологиялық даму үдерісінің толық циклі бір-бірімен ұштасқан екі кезеңнен құралады, олар бұрынғы континенттің деструкцияға ұшырауы нәтижесінде жаңа мұхиттың қалыптасуы (мұхитгенез) және осы мұхиттың «жабылуы нәтижесінде» қайтадан континент қалыптасуы (континент генез).В.П.Гаврилов осы кезеңдердің әрбіреуін, өз кезегінде, сатыларға, ал сатыларды фазаларға жіктеуді ұсынды.
Литосфералық тақталар -Жер литосферасының мейілінше ауқымды бөліктері. Литосфералық тақталар тектоник асы, немесе жаңа жаһандык тектоникадеп аталатын геотектоникалық тұжырымдамаға сәйкес, жердің литосфералық қабаты он бес шамбалы ірі-ірі дербес литосфералық тақталарға дараланған; бұл тақталардың әрқайсысы астеносфера бетімен көлбеу бағытта ұдайы жылжып отрады (континенттер ығуы, мұхит түбінің спредингі). Әрбір литосфералық тақта мүхиттық орталық жоталардың нақ орта тұсына сәйкес келетін мұхиттық дрифтер түрінде көрініс беретін созылу аймағынан Беньофф-Заварицкий-Вадати беллемі деп аталатын сығымдалу беллеміне қарай жылжиды.
Аталған беллем екі қозғалмалы тақтаның бір-бірімен соқтығысу аймағы болып табылады, бұл соқтығысу жұқа мұхиттық литосфераның біршама қалың континенттік литосфера астаны қарай сұғынуы (субдукция) немесе екі континенттің соқтығысуы (коллизия) нәтижесінде туындайды. Литосфералық тақталардың созылу не бір-бірінен атырау шекералары "дивергенттік шекералар" деп атласа, олардың соқтығысу аймақтары "конвергенттік шекера" деп аталады. Литосфералық тақталар тектоник асы тұжырымдамасына сәйкес, Жер шарындағы тектоник алых белсенділік (жерсілкінулер, жанартаулар әрекеті, жилу ағымдарының жоғары мөлшері, цунами толқындары және т.б.) тек қана осы литосфера шекераларына шоғырланған (бұл өңірлер. Жекелеген Л.т-лардың көлбеу бағытта жылжу жылдамдығы орта есеппен жылына 12 см-ден 1012 см-ге дейін жететіндігі анықталған.
Жер бетіндегі ірі литосфералық тақталар Австралиялық тақта км² Антарктикалық тақта км² Аравиялық субконтинент км² Африкалық тақта км² Евразиялық тақта км² Индостандық тақта км² Кокос тақтасы км² Наска тақтасы км² Тынық мұхит тақтасы км² Солтүстік-Америка тақтасы км² Сомали тақтасы км² Оңтүстік америка тақтасы км² Филипин тақтасы км²