СОӨЖ Санитария және гигиена заттары. Резеңке және латекс. Орындаған: Джанабаева М.У. Тексерген: Жарымбетов Қ.Б. Факультет: Фармация Топ: С.Ж.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Фармацевтикалық факторлар және олардың дәрілік зат терапевтикалық эффективтілігіне әсері Орындаған: Мұхтар З.Қ. Группа: ТФП Курс: 4 Тексерген:
Advertisements

Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Бөлім: 7.1 А:Биосфера, экожүйе және популяция Оқу мақсаты: қоршаған орта факторларының жергілікті экожүйе ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына.
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
БАКТЕРИАЛДЫ ЖҰҚТЫРЫЛҒАН АЙМАҚТАҒЫ ӨЗІНДІК ЖӘНЕ БІР- БІРІНЕ КӨМЕК Орындаған: Тексерген:
Сколиоз Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis қисық, қисайған) омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туылғаннан болатын және жүре пайда.
LOGO Орындаған: Абдималикова Г. Тобы: 302 ФӨТ Қабылдаған: Асильбекова А. Жоғары молекулалы қосылыстар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ Мұнай және газ факультеті.
Тақырыбы: Құрылыс және тұрмыстық жұмыстар нарығына талдау жасауға арналған Android қосымшасы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI Битемирова Д Қабылдаған: Битемирова.
Тексерген: Сисенгалиева К.М. Орындағандар: Өмірзақова М. Саттар С. Пернебай А. Рысбай Д. Сайлаубек С.Санат Д. Bonjour Сəн салоны.
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
Жем қ орлы қ. Жоспар Жемқорлық дегеніміз не? Қазақстандағы жемқорлық Қорытынды.
1866 жылы 1866 жылы швейцарлық фармацевт Анри Нестле компанияның негізін қалаған. Сүттің, бидай ұны мен қанттың әр түрлі комбинацияларымен тәжірибе жасай.
Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активаторлары мен тежегіштері.
Тақырыбы: Адамға қауіп факторының әсер ету ұзақтығын бағалау Орындаған: Памирова Салтанат 206-ЖМ Тексерген: Калбагаева Ж.Е СЕМЕЙ 2017.
Cүтқоректілердің клеткаларының дифференцировкасы Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К.
Транксрипт:

СОӨЖ Санитария және гигиена заттары. Резеңке және латекс. Орындаған: Джанабаева М.У. Тексерген: Жарымбетов Қ.Б. Факультет: Фармация Топ: С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL MEDICAL UNIVERSITY

Жоспары. Кіріспе. 1. Санитария және гигиена заттары. 2. Резеңке және латекс. 2.1 Медициналық резеңке бұйымдары. 2.2 Латекс және одан жасалған бұйымдар. Қорытынды.

Кіріспе. Дәріхананың санитарлы жағдайы мекеменің жабдықтары мен аспаптарында санитарлы-эпидемияға қарсы талаптарын ұстанумен анықталады. Барлық бөлмелер таза ұсталынуы қажет. Профилактикалық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету, инфекциялардың таралуын алдын алу, санитарлы-гигиеналық режимді қамтамасыз ету үшіне тазалау жұмыстарын жасайды.

Санитария (лат. sanіtas денсаулық) санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы шараларды белгілеп, оны жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласы. Санитария қала, елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақты гигиен. шаралар белгілейді, жұқпалы ауруларға қарсы күрес жүргізілуін бақылайды жылдан кейін Санитария терминінің орнына санитарлық-эпидемиологиялық қызмет деген ұғым қолданылады. Бұл мемл. сан. бақылау жасап, індетке қарсы шаралар жүйесін жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы. Сан.-эпидемиол. қызмет құрамына санитарлық-эпидемиологиялық ст., сан. ағарту үйі, ғылыми-зертттеу институттары, биологиялық препараттар өндіретін мекемелер кіреді.жұқпалы ауруларға1960биологиялық препараттар 1. Санитария және гигиена заттары.

Гигиена – аурудың алдын алуға және денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған шараларды белгілейді. Қоршаған ортаның зерттелген факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адам өмірі мен еңбегіне ыңғайлы жағдай жасауға, тұрғындарды сауықтыруға, ауру мен өлім деңгейін төмендетуге, өмірді ұзартуға, жұмысқа деген қабілеттін және т.б. жағдайларды жақсартуға бағытталған қолданбалы шараларды ұсынады. Сөйтіп, гигиенаның басты мақсаты – қоршаған ортаны сауықтыру арқылы алғашқы (бірінші) профилактиканы өткізу, яғни адамға деген қолайсыз әсерлерді алдын алу.

2. РЕЗЕҢКЕ ЖӘНЕ ЛАТЕКС. Резеңке деп табиғи немесе синтетикалық каучукті түрлі ингредиенттермен (қоспалар) қосып, вулканзизациялау кезінде алынатын жоғары молекулалы қосылыстарды айтады. Бір түрлі жоғары молекулалы қосылыстар негізінде түрлі физико- химиялық қасиеттерге ие резеңке алуға болады, бірақ мындадай көрсеткіштер, биологиялық инерттілік және қанның ұюына көрнекті әсерінің жоқтығы, негізінен қолданылатын бастапқы полимердің қасиеттерімен анықталады. Медициналық мақсатта қолданылатын резеңкелердің айырықша ерекшеліктері оларды регенераторлардан - резеңкені екінші рет өңдеуден өткен өнімнен дайындауға болмайтындығы. Медицинада табиғи каучуктен алынған бұйымдар жиі қолданылады; құрамында боялмаған уытсыз антиоксиданттар бар изопрендік каучуктен алынған; құрамында фтор және кремнийорганикалық каучуктен алынған. Шикі резеңке құрамына каучуктен өзге вулканизациялайтын агенттер кіреді, вулканизацияны тездеткіштер, толықтырғыштар, жұмсартқыштар, тозуға қарсылар, күшейткіштер, бояғыштар, арнайы заттар және т.б. Бұл мақсатқа қолданылатын химиялық қосылыстар каучуктің химиялық құрылысымен анықталады, қолданылуымен, пайдалану жағдайларымен және қоспа мен бұйымның технологиялық процестерінің мүмкіндіктеріне байланысты

2.1 Медициналық резеңке бұйымдары. Соңғы жылдары медициналық тәжірибеде полимер деп аталатын органикалық туынды кеңінен қолданылуда. Полимерлерге аз ғана күшке айтарлықтай үлкен деформацияға ұшырайтын созылғыш заттар – эластомерлер жатады. Бұл эластомерлерді табиғи және синтетикалық деп бөледі. Резеңкелердің негізгі құрам бөлігін каучуктер құрайды. Резеңкені алуда негізгі шикізат ретінде каучук қолданылады. Табиғи каучукты гевея деп аталатын Бразилия ағашының шырынын алады. Ол үшін ағашты тесіп түтік арқылы ағаш шырыны-латексті алады. Латекс гевея ағашының тамыры мен кейбір тропикалық өсімдіктердің құрамында болады ж.ж. ғалым Лебедев синтетикалық каучукты алды. Синтетикалық каучукты техникалық спирттен Лебедев тәсілі бойынша алады. Арнайы катализаторлар көмегімен техникалық спиртті бутадион газына айналдырып, бутадионнан синтетикалық каучуктың негізін алады.

2.2 Латекс және одан жасалған бұйымдар. Латекстер дисперстік фазасы сфера тәрізді бөлшектерден (глобулдан) тұратын коллоиддық жүйе. Табиғи латекс құрамында каучук бар өсімдіктің сүт тәрізді шырыны. Синтетикалық латекстер эмульсиялық полимеризация нәтижесінде пайда болатын синтетикалық каучуктардың сулы дисперсиясы. Синтетикалық каучукқа пластиктердің мысалы, поливинилхлорид, поливинил ацетат дисперсиялары да жатады. Жасанды латекстер (жасанды дисперсиялар) «дайын» полимерлерді суда дисперстегенде пайда болатын өнім. Ережеге сай, мұндай латекстерді каучуктен алады, ерітіндіде полимеризациямен синтездеу арқылы, мысалы, бутилкаучукті, изопрендік каучуктерді. Синтез процессі кезінде пайда болған көмірсутектегі каучук ерітіндісін сумен эмульгирлейді, ал сосын көмірстутекті айдап шығарып жібереді.

Қорытынды. Гигиена ғылымының негізгі бағыттары. 1. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын (экологиялық фактор, санитарлық-гигиеналық, медициналық-биологиялық) тұрғыдан бағалау. 2. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларының (экологиясын) денсаулыққа деген әсерін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Гигиена ғылымының қолданатын әдістері. Гигиенаның бағыттарын іске асыруда бірнеше тәсілдерді пайдаланады. Олар: физикалық, химиялық, бактериологиялық, физиологиялық. Осы тәсілдердің негізгі мақсаты адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторлары мен ішетін тағамдарына, тұратын мекен-жайларына санитарлық-гигиеналық сипаттама беру.

Назарларыңызға рахмет.