Тобы: 00000
Қан айналым биофизикасы қанның қысымы мен қозғалыс жыл- дамдығының арасындағы байланысты және олардың қанның, қан тамырларының, жүрек функцияларының физикалық параметрлеріне тәуелділігін зерттейді. Қан айналым жүйесін күрделі гидродинамикалык жүйе деп қарастыру керек. Жүректің жұмысы периодты болғандықтан қанның қысымы және қозғалысы да периодты болады. Қан тамырлары аса көп тармақталады және әр тармактың диаметрі әр түрлі болады. Сондықтан тамырдың серпімділігі тармақтардың диаметрлерінің қосындысына байланысты болады. Қан таралу жүйесінің осындай ерекшеліктері оны физика, математика тұрғысынан талдау жасауға қиындык туғызады. Қан айналымның биофизикалық көрсеткіштері жүрек-тамырлар жүйесінің биофизикалык параметрлерінің өзгерісіне тәуелді болады. Атап айтқанда жүрек жұмысының ерекшелігі (қанның систолалық көлемі) қан тамырларының құрылысының ерекшеліктеріне (олардың радиусы және эластикалык, қасиеттері) және қанның қасиетіне (тұтқырлығы) байланысты болады. Сонымен қатар қан тамырлары гуморальды әсер тарайтын арнаның қызметін атқарады. Қан айналым жүйесі ағзанын температурасына да зор ықпал етеді. Сондықтан осы тарауда қан айналым жүйесін биофизика тұрғысынан қарастырамыз.
Реология (rheos ағын, logos ілім грек сөздері) дегеніміз, заттардың деформациялануын және ағуын зерттейтін ғылым. Гемореология (гемо қан) қанды тұтқыр сұйық деп қарастырып, оның қан тамырларының бойымен қозғалысын зерттейтін биофизика ғылымының бір саласы. Сұйыктың тұтқырлығы деп оның бір қабатының екінші қабатымен салыстырғанда қозғалыс әсерінен пайда болатын кедергіні айтады. Сұйықтың тұткырлығының басты заңын Ньютон ашқан. мұндағы η қанның тұтқырлығы. Тұтқырлық тұрғысынан карағанда қан ньютондық емес сұйык. Себебі қан формалық элементтер суспензиясының плазмадағы ерітіндісі. Ол элементгердің өзіне тән ішкі құрылысы және қасиеттері бар. Плазма мөлдір, ньютондық сұйық. Бірак формалық элементтердің 93%-ы эритроциттер болғандықтан, қанды эритроцит суспензиясының физиологиялық ерітіндісі деп, жеңілдетіп қарастыруға болады. Эритроциттердің басты қасиетінің бірі эритроцит бағанын құруға бейімділігі. Егер қанның жұғындысын микроскоппен караса, онда бір-біріне «жабысқан» агрегатты көруге болады. Ол агрегатты эритроцит бағаны дейді. Бағандар жинақталған тиындарға ұқсас бол-ғандықтан оларды «тиын бағаны» (монетный столбик) дейді. Диаметрі әртүрлі қан тамырларында «тиын бағанының» пайда болуы шартты да әртүрлі. Оған қан тамырларының диаметрі, эритроциттің диаметрі және агрегаттың размері тікелей әсер етеді.
Мысалы: эритроциттін диаметрі dэp 8 мкм, ал агрегаттың диаметрі одан бірнеше есе үлкен болуы мүмкін, яғни Жуан қан тамырларының диаметрлері агрегаттың диаметрінен үлкен (d r > d arp ), сонымен қатар қан тамырының диаметрі эритроциттердің диаметрінен аса үлкен (d r >> d эр ) болғандағы агрегаттардың түзілісі 63, а-суретте корсетілген. Мұнда жылдамдық өзгерісі аз, эритроциттер «тиын бағанасына» жинақталып, агрегат құрайды. Осындай калыпты жағдайда қанның тұтқырлығы η=0.005 Па-с болады. Егер тамырлар ұсақ болса (ұсак артериялар, артериолдар), яғни тамырдың диаметрі мен агрегаттың диаметрлері жуық шамамен бірдей болса (d arр d r ) және тамырдың диаметрі эритроциттің диаметрінен есе үлкен (d T 1520 d эр ) болса, мұндай тамырларда жылдамдық өзгерісі артып, агрегаттар ыдырайды да, қанның тұтқырлығы кемиді (63-сурет).
Микротамырларда (капиллярларда) тамырдыңдиаметрі эритроциттің диаметрінен кіші болады (d r < d эр ). Бірақтірі тамырда эритроциттер жеңіл деформацияланып, диаметрі 3 мкм капиллярдан диаметрі 8 мкм эритроцит ешқандай өзгеріссіз бұзылмай өтеді. Уақыт бірлігінде қантамырының көлденең қимасынан өтетін қанның көлемі Q мынаған тең болсын мұндағы S = πR 2, қан тамырының келденен кимасының ауданы, R тамырдың радиусы, сонда мұндағы υ орm - қанның қан тамырлар бойымен козғалысының орташа сызыктық жылдамдығы; Р 1 және Р 2 тамырдын ұштарындағы қысым; l тамырдың ұзындығы; η қанның тұтқырлығы. Бұл тендеуді алғаш ашқан ғалымның кұрметіне Пуазейль тендеуі дейді. Капилляр тамырларда эритроциттер жіпке «тізгендей» бірінің соңынан бірі орналасып, тамырдың пішініне сәйкес келетін, «тиын бағанасын» кұрайды. Тамырдың диаметрі қанша кіші болғанмен, эритроцит пен тамыр кабырғасының арасында плазмаға «орын» қалдырылады. Капиллярдағы қаннын, тұткырлығы өте аз болады (63, в-сурет). Жоғарыда қарастырылған мысалдардан мынандай қорытынды жасауға болады. Жуан тамырлар үшін қаннын тұтқырлығы сызықты өзгертеді, яғни η= η 0 (1+кС), мұндағы η 0 қанның бастапкы тұткырлығы; С эритроциттердің таралымы, к эритроциттердің пішініне, размеріне және агрегаттың ерекшеліпне тәуелді геометриялык параметр.
Егер қанның құрамындағы ұсақбөлшектердің құрылымы өзгерсе, онда к-коэффициенті де, қанның тұткырлығы да өзгереді. Олай болса капилляр тамырлар үшін жоғарыдағы формуланы колдануға болмайды. Себебі қан ньютондык сұйык емес, оның қан тамырларының бойымен козғалысы Ньютонның заңына бағынбайды. Сонымен қатар қаннын тұткырлығы қан тамырларының диаметріне, жылдамдық өзгерісіне және температураға да байланыст. Қанның қан тамырының бойымен козғалысы негізінде ламинарлык ағын болады. Бірак кейде турбуленттік ағын да болуы мүмкін. Аортаға келіп кұйылған қанның қозғалысы турбуленттік болғандықтан, аортадағы қанның козғалысы да турбуленттік болады. Қанның козғалыс жылдамдығы артқанда (мысалы, бұлшык етке күш түскенде) қан тамырларының тармақталу нүктелерінде де турбуленттік ағын болуы мүмкін. Турбуленттік ағын қан тамырларының диаметрінің кенет кішірейген жерлерінде де (тромба) болуы мүмкін. Сұйық турбуленттік ағынмен қозғалу үшін оған қосымша энергия қажет. Сондықтан қан тамырының бойымен қозғалған қан жүрекке күш түсіреді. Турбуленттік ағын кезінде пайда болатын шу жүрек және қан айналым жүйесіне диагноз қою үшін колданылады.
Қанның қан тамырларының бойымен қозғалыс заңдарын зертгейтін биомеханиқаның бөлімін гемодинамика дейді. Гемодинамиқаның басты ұғымдары қанның қысымы және козғалыс жылдамдығы. Қан тамырларының бойымен қанның қозғалғандағы қан кысымы-ның, қанның энергиясының және жылдамдығының өзгерісін Вернули және Гаген- Пуазейль тендеулерімен түсіндіруге болады. Қан тамырдың бойымен үздіксіз сорғымен қозғалады. Колденең кималары әртүрлі тізбектей қосылған бірнеше түтіктердің бойымен уақыт бірлігінде сұйыктың өзара тең колемі ағады. Қан қысымы деп қан тамырының келденең қимасына (S) уакыт бірлігінде әсер ететін күштің (F) шамасын айтады, яғни өлшем бірлігі Р = 1 Н/м 2. Сонымен қатар көлемдік және сызықтық жылдамдық деген ұғым бар. Көлемдік жылдамдық деп қан тамырларының көлденең кимасынан уақыт бірлігінде ағып өтетін сүйықтың көлемін (V) айтады: (1) өлшем бірлігі Q = 1 м 3 /с. Сызыктық жылдамдығы деп қанның жүрген жолының уақытқа қатынасын айтады. (2)
Өлшем бірлігі и = 1 м/с. Қан тамырларынын бойымен өтетін қанның сызықтық жылдамдығы тамырдың әр бөлігінде әртүрлі болғандықтан, бұдан былай, орташа сызықтық жылдамдык деген ұғымды қоямыз. Сызыктық және көлемдік жылдамдықтардың арасында мынандай байланыс бар: мұндағы Олай болса (3) Себебі тамырдың көлденең қимасының ауданы. Осы тендеуді (3) сорғының үзіліссіздігінің тендеуі екен. Бұдан түтіктің көлденең қимасынан ағып өтетін сұйықтың көлемі оның сызыктық жылдамдығы мен көлденең кимасының ауданының көбейтіндісіне тең екенін көреміз. Егер тамырдың колденең қимасының ауданын және сызықтың жылдамдығын тамырдың бір үшы үшін S 1 және υ 1 деп, екінші ұшы үшін S 2 және υ 2 деп белгілесек, онда (3) тендеуден мынаны аламыз Осыдан (4)
Осыдан мынандай қорытынды шығады: қанның қан тамырларынын, бойымен қозғалғандағы сызықтық жылдамдығы тамырдың көлденең қимасының ауданына кері пропорционал болады екен. Қолқаға (аортаға) жақын қан тамырлар жүйесінің келденең кимасының ауданы оте аз болады. Артерияға, артериолаға және капиллярларға еткенде көлденең қималарының аудандарының қосындысы аса үлкен шамаға жетеді. Мысалы капилляр тамырлардың келденең қимасының аудандарының қосындысы қолқаның ауданынан есе үлкен болады. Соған сәйкес қанның қозғалысының сызықтық жылдамдығы аортада 0,5 м/с болса, капиллярда 0,00030,0005 м/с болады. Қан венаға қарай өткенде, тамырлардын көлденең қимасының ауданы азаяды да, соған сәйкес сызықтык жылдамдығы артады. 64, а- суретте қан тамырлар жүйесінде қанның қысымы, 64, б-суретте сызықтык жылдамдығының қан тамырларының көлденең кимасының ауданына сәйкес өзгерісін сипаттайтын график берілген.
Енді сорғынын үзіліссіздігінщ тендеуіне (3) қайта оралайық, яғни Мұндағы S = πR 2 қан тамырларынын көлденең қимасынын ауданы, г - тамырдың радиусы, және Пуазейль формуласына сәйкес (5) Мұндағы υ орт - қанның қан тамырлар бойымен қозғалысынын орташа сызықтык жылдамдығы; P 1 және Р 2 тамырдың ұштарындағы кысым; l тамырдың ұзындығы; η қанның тұтқырлығы. Осыларды ескере отырып сорғының үзіліссіздік тендеуін былай жазамыз: (6) Мұндағы - қан тамырының ұштарындағы қысым өзгерісі немесе оны кысым градиенті дейді. Жоғарыдағы формуланы көлденен кимасы тұрақты цилиндр түтіктермен реал сұйықтардын стационарлық ағыны үшін Гаген- Пуазейль тендеуі дейді. Осы формуларға мынандай белгілеу жасайық, яғни, (7) оны гидравликалық кедергі дейді. Сонда Гаген-Пуазейль теңдеуін былай жазуға болады: (8) Енді осы формуланы тізбектің бөлігі үшін Ом заңымен салысты-райык: (9)
Салыстырудың нәтижесінде мынандай корытындыға келеміз: бұл екі заңның физикалық мағынасы бөлек болғанымен, кибернетикалық зандылықтары бірдей, яғни: а)Q түтіктің көлденең қимасынан уақыт бірлігінде ағын еткен сүйықтың көлемі (немесе сұйыктың ұсак молекулалар саны десе де болады) болса, I ток деп өткізгіштің көлденең кимасынан уақыт бірлігінде өткен зарядтар санын айтады. Олай болса, кибернетикалық тұрғыдан қарағанда бұл екі үғым бір-біріне ұқсас. б)Түтіктің ұштарындағы ДР - қысым айырмасы өткізгіштің үштарындағы потенциялдар айырымын сипаттайды, яғни в) со-гидравликалык кедергі - омдық кедергіні сипаттайды. Сонымен катар тізбектей жалғанған қан тамырының гидравликалык толык кедергісі мынаған тең болсатізбектей косылған өткізгіштердің толық кедергісі мынаған тең: Параллель қосылған қан тамырлары үшін гидравликалық толық кедергі мынаған тең болғанда (10) параллель косылған электр өткізгіштерінің кедергісі: (11) болады. Кибернетикалык тұрғыдан қарастырылғандағы осындай ұксас-тык қан айналымы жүйесінің электрлік моделін жасауға мүмкіндік береді.