2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау
СӘБИДІҢ ТУҒАН КҮНІНЕН БАСТАП ЕР ЖЕТКЕНГЕ ДЕЙІНГІ ӨСУ ЖӘНЕ ДАМУ ПРОЦЕССІНДЕ БАЙҚАЛАТЫН ЗАҢДЫЛЫҚТАР :
ӨСУ МЕН ДАМУ ҚАРҚЫНЫНЫҢ БІРКЕЛКІ ЕМЕСТІГІ ; ӨСУ МЕН ДАМУ ПРОЦЕССІНІҢ БІРКЕЛКІ ЖҮРМЕЙТІНДІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ " БАЛАНЫҢ ЖАСЫ " ДЕГЕН СӨЗДІҢ ӨЗІН ДӘЛЕЛДЕУ ҚАЖЕТТІГІ ТУАДЫ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ЖАСТАРДЫ АЙЫРУҒА БОЛАДЫ :
Хронологиялық жас ( немесе күнтізбе жасы ) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.
Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.
Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы ( жыныстық ди - морфизм ); Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады. Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас - жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан - тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.
Адамның дүниеге келгеннен бастап, қартайғанға дейінгі жас ерекшеліктері
АНТРОПОМЕТРИЯ ( ГРЕК. ANTROPOS – АДАМ, METREO – ӨЛШЕУ ) – АДАМНЫҢ НЕГІЗГІ ФИЗИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ӨЛШЕУ АРҚЫЛЫ, ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУЫН БАҒАЛАУ. АНТРОПОМЕТРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ БОЙЫ, ДЕНЕ САЛМАҒЫ, КЕУДЕ ҚУЫСЫНЫҢ ӨЛШЕМІ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ ЖАТАДЫ. ЖАЛПЫ ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ АҒЗАНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙЫН КӨРСЕТЕДІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУДА МАҢЫЗЫ БАР. ӨЛШЕУДІ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКЕН ӨЛШЕУІШ ҚҰРАЛДАРМЕН ӨЛШЕЙДІ : ТАРАЗЫ, БОЙ ӨЛШЕГІШ, САНТИМЕТРЛІК ЛЕНТА. БАРЛЫҚ ӨЛШЕУДІ КҮННІҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДА, АШ ҚАРЫНҒА, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДЕН КЕЙІН ЖҮРГІЗІЛГЕНІ ДҰРЫС. ӨЛШЕНЕТІН АДАМ ЖЕҢІЛ ТОҚЫМА КИІМДЕ БОЛУЫ КЕРЕК.
Назарыңызға рахмет