Америка Құрама Штаттары
Жалпы мәлімет Америка Құрама Штаттары, АҚШ (ағылш. The United States of America, USA) Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы 9,5 млн км² (әлемде 4-ші орын). Халқы 320 млн адам (2013, әлемде - 3-ші орын). Астанасы Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос- Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Балтимор, Сиэтл. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).
Географиясы Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.
АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келедіі.
Тарихы Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін ( ) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланд, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғасырдың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды.
Мемлекеттік құрылысы АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді: Заң шығарушы: АҚШ Парламенті Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады. Атқарушы: АҚШ Президенті мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар АҚШ-да екі бас партия бар: Демократиялық партиясы 1824 ж. құрылған. Республикалық партиясы 1854 ж. құрылған.
Экономикасы АҚШ – экономикасы дамыған мемлекет. Жер қойнауы отын-энергетикалық шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына, т.б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей-берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды. АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған. АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. Негізгі сауда серіктестіктері – Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония. АҚШ- пен Қазақстанның экономикалық байланысы 20 ғасырдың 90-жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т.б.).
Халқы АҚШ халық саны жағынан дүние жүзінде 4-ші орында (Қытай, Үндістан, Ресейден кейін). Негізгі ұлты америкалықтар - Еуропаның әр түрлі елдерінен Америкаға қоныс аударған (17 ғ-дың 1-ші жартысынан бастап негізінен ағылшындар, ирландтар, француздар, голландтар т.б.) араласуынан пайда болған. 19 ғ-дың ортасынан бастап қоныс аударушылардың басым көпшілігі Ирландиядан, Германиядан, Скандинавия елдерінен, ал 19 ғ-дың 80 жылдарынан бастап Италиядан, Аустро-Венгриядан, Ресейден, Оңтүстік, Шығыс Еуропаның басқа да елдерінен барды. Жалпы жылдары АҚШ-қа Еуропа, Латын Америка, Азия және Африкадан 64 млн иммигрант көшіп келген. Сол себепті АҚШ-ты кейде иммигранттар ұлты деп атайды. 1 тамыз 1790 жылдың 1 тамызында өткізілген алғашқы халық санағының мәліметі бойынша АҚШ-та 3,9 млн адам тұрады ж. бұл көрсеткіш 100 млн-ға тең болды жылы халық саны 200 млн-нан асып кеткен жылдың 17 қазанында халық санағы бойынша АҚШ-та сағат млн- шы тұрғын туылды.
Медицина-санитарлық жағдайы Медициналық көмекті негізінен жеке меншік дәрігерлер көрсетеді. Дәрілер мен ауруханадағы төсектердің саны едәуір болғанымен, меддициналық көмек еңбекшілер бұқарасына қымбатқа түседі жылдары халықтың медициналық көмекке ыжлма-жыл өз қалтасынан жұмсайтын шығыны орта есеппен 10,2 млрд доллар болды. Ал жергілікті және федералды органдар 1,8млрд доллар жұмсаған. Медициналық ақысыз көмекті муниципалитеттер мен филантропикалық ұйымдар аз мөлшерде кездеседі. Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мүлде жоқ. Ерікті қамсанздыру қоғамы тек өздерін қамсаздырған адамдардың жарнасы есебінен жұмыс істейді жылы медициналық көмектің барлық түрлері бойынша 10 млн адам қамсыздандырылды.